Алаш үні

Абайдың көзі тірісінде салынған жалғыз портреті

  • Абайдың көзі тірісінде салынған жалғыз портреті

    Абайдың көзі тірісінде салынған жалғыз портреті

Абайдың көзі тірісінде жалғыз портреті салынған екен. Оны 1887 жылы әуесқой суретші Павел Лобановский салыпты. Қазір бұл сурет Семейдегі Невзоровтар әулеті атындағы бейнелеу өнері музейінде сақтаулы көрінеді.

Абайдың көзі тірісінде салынған жалғыз портреті осы сурет екен деген ақпаратты әлеуметтік желіде ақын Байбота Қошым-Ноғай бөлісіпті.

Естеріңізде болса, осыған дейін Абайдың көзі тірісінде түсірілген екі фотосурет те БАҚ-та жария болған.

Оның бірі 1896 жылы Семейде түсірілген сурет. Фотограф - Н.Г. Кузнецов. Онда Абайдың Ділдәдан туған тұңғыш баласы Ақылбай, Абайдың өзі және Әйгерімнен туған ұлы Тұрағұл бар.

Абай музейіне 1941 жылы 6 ақпанда өткізілген. Фотоны тауып, сақтап Абайдың жаңадан құрылған Семейдегі музейіне өткізуші - Мұхтар Әуезов.

 

Екінші сурет Абайдың отбасымен 1903 жылы түскен суреті. Мұнда Абай өзінің Жидебайдағы үй ішімен түскен. Бірінші қатарда Пәкизат - бөрік киіп отырған қыз бала мен Әубәкір. Бұл екеуі - Ақылбайдың балалары. Ортада отырған - Абай. Екінші қатарда - Мағауия, Еркежан және Әубәкірдің әйелі Камалия. Алдыңғы қатарда отырған - Турағұл.

Фотосуретті түпнұсқадан 1959 жылы қайта түсіріп, көшірме турінде Абай музейіне берген - Мұхтар Әуеэов. Түп нұсқасы Алматыдағы Мұхтар Әуезов музейінде сақтаулы.

 

 

Айта кетейік, биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Өткенде, 21 қаңтарда Абайдың 175 жылдық мерейтойының ресми ашылу рәсімі елордадағы «Астана Опера» театрында өтті.

«Қазақ халқы – Абайдың халқы» атты мерекелік концертке қатысқан Президент Тоқаев еліміздің барлық өңірінде және шетелдерде өтетін мерекелік шараларды ресми түрде бастап берген болатын. Енді бір жыл бойы еліміздің әр өңірінде ұлы ақынның мерейтойы аясында 500-ге жуық іс-шара өтеді деп жоспарланып отыр.

Abai.kz




Көрілген: 868    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.03.2020, 10:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Сәуір, 23:56
    МҰХАҢНЫҢ МҰҢЫ
    31 Наурыз, 11:36
    Абайдың үш бейнесі
    4 Наурыз, 17:28
    Алаш-арман
    31 Қаңтар, 12:43
    Бір видеоның «сыры»...
    28 Қаңтар, 11:06
    Мағауин мифі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30