Алаш үні

ӘБІЛҚАЙЫР. БІР ХАТ - БІР МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ

  • ӘБІЛҚАЙЫР. БІР ХАТ - БІР МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ

    ӘБІЛҚАЙЫР. БІР ХАТ - БІР МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ

Бұл хатты осыдан екі жыл бұрын да салып едім, орысша. Енді шамам жеткенше аударып көрдім. Тарихта қазақ "1731 жылы Ресейге бодан болды" деп оқытып келеді. Осы үшін Әбілқайыр ханды жазғырғандар да көп. Және Петербор архивіндегі нұсқа тұздық болып келді. Қазақстандық ғалым И. Ерофеева оны ысырып қойып, Әбілқайырдың хатын түпнұсқадан оқып, қайта аударды. Сонда жалған дүние жария болып қалды. 1731 жылы 8 қыркүйекте Әбілқайыр Ресейдің қатын патшасына құзырыңа ал, қызметшің болайын деп хат жазбаған екен. Сонда "үш ғасырлық" деген әңгіме бекер болып шығады. Ескерту: орысша нұсқаны оқимын деген адам парақшамнан тауып алар. Ал әзірге:


1) Ирина Ерофеева аудармасы:
8 қыркүйек 1730 жыл.
Ұлы да мейірімді, жоғары мемлекеттің барлық жерін билеуші мәртебелі ұлы имепратрицаға қарапайым өтініш білдіреміз. Күннен күнге, жылдан жылға мемлекетіңіз (Сіздің) ұлғайып, байлығы арта берсін.
Сізге, ұлы мәртебелім, біздің өтініш мынадай. Сізге қарасты естек-башқұрттармен ауызбіршілік болмай тұр.
Ұлы мәртебелі император, Сіздің қамқорлығыңыз бен қолдауыңыз арқылы тыныштыққа қол жеткізу үшін Сіздің құзырыңыздағы жайықтық естек Алдарбайға қосып өз елшімді де жіберіп отырмын. Осы Алдарбай Ұлы мәртебелі императорға елші сұрағандықтан, біз ¬- Әбілқайыр хан және қазақтың қырық би-сұлтаны, Орта жүз бен Кіші жүз, маған қарасты барлық қараша басымызды иіп, құп алдық.
Жарлық: Сіздің қызметшілеріңіз жайықтық естектермен келісімге келейік. Осындай жарлығыңызды қабыл аламыз.


Жіберілген елші Сейітқұлға Құлмамбет басшы, бірнеше қосшысы бар.


2) Архивтегі, патшайым тілмаштары аударған нұсқа:
8 қыркүйек 1730 ж.
Петербордағы мәртебеліге хат
Көп жерге иелік ететін ұлы да мейірімді, шаппағатты, бай да парасатты императрица ханымның билігін ұзақ ете көр деп күн сайын, ай сайын, жыл сайын Құдайдың рақымын тілейміз. Біздің Сізге деген өтінішіміз мынада: Сіздің қарамағыңыздағы, Жайықтың арғы бетінде тұратын естектермен аса жақын болған емеспіз. Ұлы мәртебелім, өзіңізге толық мойынұсынатынымды білдіру үшін Сіздің құзырыңыздағы Алдарбайға өз елшімді қосып жіберіп отырмын. Бұл Алдарбай өзіңізге, Ұлы мәртебелім, елші жібер дегендіктен, біз - Әбілқайыр хан және оның қарамағындағы Орта жүз бен Кіші жүз қарақұрым халқымен алдыңызда бас идік, біз Сіздің қызметшіңізбіз, әрі Жайықтың арғы бетіндегі Сіздің башқұрт халқыңызбен ымырада өмір сүру үшін Сіздің қамқорлығыңыз бен көмегіңізді жұрт болып күтіп отырмыз.
Сізге барақатты өмір тілейміз, әрі Сіздің құзырыңызға өтеміз.
Хатты берген Сейітқұл. Бас елші Құттымбет пен серіктері.

Serik Abikenuly

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 5664    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.02.2021, 09:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 13:38
    Кремльдегі жайнамаз
    16 Қаңтар, 17:48
    Баяу Мұса....
    13 Қаңтар, 13:03
    Бір суреттің тарихы...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30