Алаш үні

Абылай ханның сүйегін экскаватор табанына таптаған кім?

  • Ⓒqamshy.kz

    Ⓒqamshy.kz

Біз осы уақытқа дейін Абылай ханның және басқа да қазақ хандарының мүрдесі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген деп есептеп келеміз.


Бірақ атақты жазушы Ордабек Шаяхметовтың кешегі "Халық жауы", Сталиндік ВКП(б) тарихының оқытушысы, райкомның екінші хатшысы Б. Қонақбаевпен жүргізген сұхбат негізінде жазылған "Түркістан тұтқыны" романында келтірілген деректер бұл пайымды теріске шығарады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.


Айталық, бұл кітапта Абылай ханның мүрдесі 1974 жылдың 6-қыркүйегінде күресінге тасталғаны туралы дерек келтіріледі. "Әзірет Сұлтан" кесенесінің маңайын өңдеп, көріктендіру мақсатындағы дренаждық қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде, қатардағы экскаваторшы С. Манасуев күйген кірпіштен өрілген мүрдехана мен еңселі адамның сүйегін табады.


Сағана-бейіттің көлемі 6х3 метр. Бұл жайында С. Манасуев өзінің басшысына хабар берген. Бірақ сол жердегі бригаданы басқарып жүрген бастықсымақ оның сөзін жүре тыңдап, қаза беруді бұйырады.


Сәйкестік!


Абылай ханның сағана бейіті 1974 жылдың қыркүйегінде бульдозер табанына тапталып кете барды осылай. Ал Ипатьев үйі 1977 жылдың қыркүйегінде жойылды.


Андропов Ипатьев үйін жоюға нұсқау берген кезде КГБ басшысы болса, Абылай хан мүрдесін шынжыр табанның астында күл-талқан еткенде де дәл сол құзырлы орынында еді.


 


Экскаваторшы Мансуевтан белгілі ақын, қаламгер Орынбай Дастанов түсініктеме-сұхбат алған. Бірақ бұл жазбаны жария етудің сәті тек 17 жылдан кейін түсті. Араға 17 жыл салып, әлгі жазба "Жібек жолы" журналының бетінде жарияланды.


"Әзірет Сұлтанның" жанындағы хандар мүрдесінен қазіргі уақытқа дейін тек Есім ханның сүйегі қалып отырған көрінеді.


Жоғарыдағы деректердің барлығы аты аталған автордың туындысындағы тосын әрі тың деректер. Осы тақырыптарға қатысты өзге бағыттағы ақпараттар, нақты фактілерге құрылған дүние болса, жариялауға болады.


Тарихтың тура жолын табу, ақ һәм бұрмаланбаған тарихымызды жасау, жасау емес табу – біздің ұлт алдындағы парызымыз.


 




Көрілген: 1954    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.05.2019, 17:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 16:41
    Абай іздеген ұлт бақыты...
    4 Қыркүйек, 11:47
    Г.Бельгер: "Оян, қазақ!"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30