Алаш үні

Аида Балаева: "Рухы мықты, қайраты кемел азаматтар мықты мемлекет қалыптастырады"

  • Аида Балаева:

    Аида Балаева: "Рухы мықты, қайраты кемел азаматтар мықты мемлекет қалыптастырады"

Оған әсіресе өнер мен мәдениеттегі таланттардың, жазушылар мен ақындардың, ғалымдар мен спортшылардың қосар үлестері орасан зор.

Соның ішінде әсіресе олимпиада спортшыларының орны бөлек. Өкінішке орай, бүгінде Токио олимпиадасындағы кейбір спортшыларымыздың сәтсіздігіне көпшілік жағымсыз пікірлермен тым әділетсіз сын айтып жатыр. Оның ішінде бұған дейінгі жарыстарда еліміздің атын төрткүл дүниеге танытып жүрген танымал атлеттеріміз де аты аталуда. Мысалы 2016 жылы Рио Олимпиадасында Василий Левиттің рингтегі өнеріне бүкіл еліміз тамсанды, оған көрсетілген әділетсіздікке бірге жандары ауырды. Осы жолы Василий жеңілді, бірақ оның осы бес жыл ішінде еліміз үшін дайындалып, кезекті олимпиадалық циклден өтіп, рингке қайта шығуының өзі құрметтеуге тұрарлық шешім деп санаймын. Ольга Рыпакованың да сәтсіздігі мен оның кәсіби карьерасын аяқталды деген ақпарат көңілге тіпті қаяу түсіреді. Ольга бүкіл саналы ғұмырын отандық спорт жолына арнап, еліміздің атын талай мәрте дүбірлі додаларда асқақтатқан бірден бір жеңіл атлет. Ол 36 жасында өзінің төртінші Олимпиадасына қатысып, еліміздің намысын кезекті рет қорғауға шешім қабылдады. Олар үлкен спорттағы карьерасын аяқтағанымен алдағы уақытта өздерінің ізін басар шәкірт тәрбиелеуде үлкен еңбек етеді деп сенемін.
Сондықтан қандай жағдайда да ұлы спортшыларымыздың жетістіктері мен жеңістерін біз ешқашан ұмытпауымыз керек. Қиын сәттерде қолдау көрсету арқылы ғана біз оларға сенім ұялатып, келер күндердің жеңістерінен үміт ете аламыз.
Біз үшін біздің спортшылардың барлығы да нағыз Чемпиондар!




Көрілген: 1734    Пікірлер: 0

жұма, 06.08.2021, 15:47

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 19:29
    Тұран Одағын құру керек!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31