Алаш үні

Аида Балаева: «Ұлттық код» – ол біздің ертеңгі ұлт болып қалуымыздың кепілі

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының негізгі мақсатын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Өздеріңізге мәлім, биыл 13 қазанда Мемлекет басшысы Ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Оның негізінде 10 нақты Ұлттық жоба анықталды. Соның ішінде, «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы – 3 бағыт, 7 міндет, 21 көрсеткіш, 66 ауқымды іс-шарадан тұрады. Жобаның негізгі мақсаты – ұлттық кодты сақтап, мәдени бірегейлікті жаңғырту, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді насихаттау арқылы – қоғамның мәдени деңгейін, талғамын және рухын көтеру», - деді А. Балаева Орталық коммуникациялар қызметінде.

 

Сонымен қатар ол жастарға жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың түрлі бастамаларын жан-жақты қолдау ескеріленін айтты.

 

«Сөз жоқ, мазмұны жағынан бұл мәні терең, ауқымы өте кең жоба. Бұл – қаншама ғасырлар бойы қалыптасқан халқымыздың мәдени болмысы, тарихы мен тамыры. Сондықтан, әсіресе, қазіргі жаһандану кезеңінде оны сақтап қалу, ұрпақ бойына сіңірудің маңызы зор. Өйткені, бүгінгі ұрпақ бойына «ұлттық код» ұғымын қаншалықты терең сіңірсек – ол біздің ертеңгі ұлт болып қалуымыздың кепілі. Міне, осы мәселелерді шешу үшін жобаны үш негізгі бағытта іске асыру көзделіп отыр», - деді министр.

 

 

 

 




Көрілген: 1190    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.10.2021, 17:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Қазан, 08:25
    Шыңғыстаудың Шәкірі
    30 Қыркүйек, 19:29
    Тұран Одағын құру керек!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31