Алаш үні

Ақыл мен талант тек мықтылырдың балаларына ғана біткен бе?

  • Ақыл мен талант тек мықтылырдың балаларына ғана біткен бе?

    Ақыл мен талант тек мықтылырдың балаларына ғана біткен бе?

Бізде осы неге екені белгісіз, қандай да жақсы бастаманың аяғы сұйырқұйыршақтанып, нәтижесі бастапқы мақсатынан мүлдем басқа дүние болып шығатындығы өзіндік бір дәстүрге айналған сыңайлы.

Мұндайда атамыз қазақтың «Әжептәуір ән еді, пұшық шіркін бүлдірді» деген қалжың да болса ащы шындыққа бергісіз нақылы еске түседі. Анау «президенттік жастардың кадрлық резерві» деген бастама да дәл осындай күй кешіп отыр десек, артық айтқандық болмас. Бұған оның жақында шыққан қорытындысы айқын куә. Күні бүгін ғана жарияланған сол резерв тізіміннің бастапқы 50 адамының кім екендігіне көз салған адам бір нәрсеге қайран қалары анық. Ол - бұл тізімге негізінен тек билік басындағы дөкейлердің жайлы креслоға жайғасқан балалары кіргені анық байқалады.

Әрине, ішінде бірді-екілі спортшылар, мұғалімдер мен ғалымдар да кездесіп қалады. Алайда асқан ақылы мен талантына сай іріктеліп алынып, келешекте ел тізгігін ұстайды, деп үміттенген жастардың тек мықтылардың балаларынан ғана шыққандығын қалай түсіндік? Сөзіміз жалаң болмас үшін, сол ылғи ығай мен сығай дегендердің тізімен бірер мысал келтіре кетелік.

Тізімге қарасақ олардың не әкесі не өзі бір дөкей болып шығады. Мінекей, мәселен, алғашқы 50 адамның басында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұханбетовтың баласы Болат Досмұқанбетов қасқайып тұр. Оның өзі де осал емес екен. «Исатай Оперейтинг Компани» деген серіктестіктің білдей бір бас директоры.

Оның ізін «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржаның қаржы жөніндегі директоры Ринат Бектұров басып тұр. Бұлардың жанына «Қазақстан халық банкі» акционерлік қоғамы басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметовтың баласы Сәкен Шаяхметов жайғасқан екен. Міне, осылайша ащы ішектей жалғасып кете береді. Бұлардың ішінде облыс әкімінің орынбасары, аудан әкімі, премьер-министр канцелрясының бас консультанты, банк директоры секілді үлкен лауазымды жандар да кездеседі.

Сонда қалай, бізде тек мықтылардың балалары ғана ел басқаруға лайықты да, қарапайым жандардың ұл-қыздарында ондай қабілет мүлдем кездеспей, мақұрым қалғаны ма? Жалпы, бұл резервке лауазымды жандар мен олардың балаларының енгізілуінің өзі қаншалықты әділетті? Мүмкін, мұндай резервке алдымен аудан мен қалаларда қарапайым қызмет істеп жүрген жандарды көбірек қамту қажет шығар? Әлде, оларды резервке енгізгенде мықтылардың балалары жұмыссыз қалмасын деген ой келді ме екен?

Жалпы, бұл резерке жастарды қамтуда олқылықтардың да кездескендігін жоққа шығаруға болмас. Мәселен, оның бірінші турына қатысып, өте алмай қалған 20 шақты жастың әлеуметтік желіге жазған шағымында тестілеудің нәтижесінің бұрмалауының мүмкін екендігін, оған берілген уақыттың тым аздығын, ал кейбір сұрақтардың ақылға сыймайтындығын айтып, бұл хатын Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттікке де жолдағаны бар. Мәселен, бір сұрақта сонау 1995 жылы 6 мың итальяндық лирге қанша бельгиялық франк беретіндігіне жауап беру керек екен.

Олар тіпті тестілеудің қорытындысында алдымен «өтті» деп жазылады да, кейін «өтпей қалды» деп көрсетілетіндігін де ашық айтқан. Оның үстіне тестілеуден өтетін балл алдымен 50 деп жазылып, кейін ол 30-ға айналып кеткендігін де көрстеді.

Біз, әрине, мұндай резерв жасаудың мүлдем керегі жоқ деп кесіп-пішуден аулақпыз. Оның қажеттігіне де күмәнданбаймыз. Біздің мақсат тек мұндай бастамалардың ашық та әділ өтіп, көпшіліктің ойынан шығып, халық пен билік арасын жақындастыра түссе деген тілек қана.

Жайберген Болатов

Abai.kz




Көрілген: 914    Пікірлер: 0

жұма, 27.12.2019, 15:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    31 Қаңтар, 12:43
    Бір видеоның «сыры»...
    28 Қаңтар, 11:06
    Мағауин мифі
    6 Қаңтар, 14:50
    28 жыл бойғы құпия
    26 Желтоқсан 2019
    Абай бай болған ба?
    23 Желтоқсан 2019
    Қажымұқанды жеңген қазақ
    23 Желтоқсан 2019
    Абайдың саяси қызметі
    12 Желтоқсан 2019
    Желтоқсанның батырлары

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29