Алаш үні

"Ақылға сыятын нәрсе емес": Бекболат Тілеухан Божконың атышулы сөзі туралы

  • "Ақылға сыятын нәрсе емес": Бекболат Тілеухан Божконың атышулы сөзі туралы

Бірер күн бұрын мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко Қазақстандағы әлеуметтік көмекке қатысты ойын айтып, «халық мемлекет алдында тізерлеп тұрып алғыс айтуы керек» деген еді. Вице-спикердің бұл сөзіне қатысты мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан пікір білдірді.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.


Бүгін елордада өткен президент жанындағы қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің отырысынан кейін Бекболат Тілеухан мәжілістің вице-спикерінің сөзіне қатысты өз пікірін білдірді. Қысқа ғана жауап қайырған депутат Божконың сөзі ақылға сыймайтынын айтты.


«Халықты тізерлету деген адамның ақылына сыятын нәрсе емес», - дейді Бекболат Тілеухан.


Еске сала кетсек, бұған дейін Владимир Божко қазақстандықтар мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдаудың күрт артқаны үшін мемлекетке ризашылық білдіруі керектігін айтқан еді. Оның «халық мемлекет алдында тізерлеп тұрып алғыс айтуы керек» деген сөзі көпшіліктің ашуына тиіп, сынға ұшырады. Божконың сөзінен соң Нұртас Адамбай сын айтты. Продюсер Алуа Қонарова да "қорада адамдар емес, малдар жатады" деп сөкті.


Алайда ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәжілістің вице-спикерін жақтап сөйледі. 




Көрілген: 1329    Пікірлер: 0

сенбі, 07.09.2019, 12:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қыркүйек, 11:47
    Г.Бельгер: "Оян, қазақ!"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30