Алаш үні

Ақын Аманхан Әлімұлы өмірден өтті

  • Ақын Аманхан Әлімұлы өмірден өтті

    Ақын Аманхан Әлімұлы өмірден өтті

Белгілі ақын, публицист, журналист Аманхан Әлімұлы өмірден өтті.

Аманхан Әлімұлы 1952 жылы 20 қаңтарда Түркістан облысы, Отырар ауданы, Қожатоғай ауылында туған. 1969 жылы сол ауылдағы Амангелді атындағы орта мектепті бітірген. 1975 жылы КазГУ-дің журналистика факультетіне оқуға түсіп, 1981 жылы бітіреді. Оқуды бітіргеннен соң, 1981-1989 жылдар аралығында республикалық БАҚ «Қазақстан пионері» («Ұлан»), «Лениншіл жас» («Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті», «Түркістан» және «Қазақ радиосында» қызмет етті. 1991-1993 жылдар аралығында Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтының жанындағы жоғарғы курсының күндізгі бөлімінде оқиды. 1994-2012 жылдар аралығында «Заң газетінде» жауапты хатшы және шолушы болып қызмет етті.

Аманхан Әлімұлы Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері», М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты («Алаш» сыйлығының), Оңтүстік Қазақстанға Еңбегі сіңген медалімен, «Жандос» атындағы сыйлықпен, «Ұлт патриоты» грамотасымен марапатталған, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. «Өткірдің жүзі», «Айнұры алақанымда», «Жанымның жапырағы», «Бес қоңырау», «Кездесу» публицистикалық және өлеңдер жинағының авторы.Сондай-ақ, «Атақоныс» атты жыр-жинағы жарыққа шықты.

Аманхан Әлімұлы Журналистер Академисының толық мүшесі-академигі дипломы және төсбелгісімен,  ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың  жарлығымен «Құрмет» орденімен наградталған.

«Алаш айнасы» сайтының редакциясы ақынның отбасына, ағайын-туысына қайғырып көңіл айтады!




Көрілген: 370    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.03.2020, 12:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Мамыр, 16:22
    Бозбала Бейсен
    19 Мамыр, 16:42
    Өнеге-өмір
    27 Сәуір, 11:11
    Нығымет Нұрмақов
    24 Сәуір, 12:55
    Құнанбайдың мөрі
    23 Сәуір, 10:34
    ТАС ЖҮРЕК
    13 Сәуір, 08:51
    ҚАЗАНТЕПТІ
    4 Сәуір, 23:56
    МҰХАҢНЫҢ МҰҢЫ
    31 Наурыз, 11:36
    Абайдың үш бейнесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31