Алаш үні

Әлемдегі ең ұзын көпірдің жобасын жасаған қазақ…

  • Әлемдегі ең ұзын көпірдің жобасын жасаған қазақ…

    Әлемдегі ең ұзын көпірдің жобасын жасаған қазақ…

Әлемдегі ең ірі көпір Қытайда қазан айында пайдалануға берілді. Оның ұзындығы – 55 шақырымды құраса, салмағы 400 мың тоннадан асады. Бұл аз десеңіз, көпірдің 7 шақырым су асты туннелі мен жасанды аралдары тағы бар. Көпірді салуға 8 жылдан астам уақыт кеткен. Гонконг – Чжухай – Макаоны байланыстыратын бұл көпір қазір теңіз үстінен өтетін әлемдегі ең ұзын көпір саналады. Оның бір бағыттағы көлік жолы 6 жолақтан тұрады, 4 туннель, 4 жасанды аралы бар. Туннель кемелердің Чжуцзян өзенінің сағасынан кедергісіз өтуі үшін салынған. Көпірдің құрылыс жұмысына 20 миллиард долларға жуық қаржы жұмсалған….
Мамандардың айтуынша, көпір қуаты 8 балдық жер сілкінісіне төтеп бере алатын көрінеді. Жарамдылығы 120 жыл. Бұл көпірдің жобасын жасағандардың бірі Өрлеухан Қиса есімді Қытайдағы қандасымыз.
Өрлеухан Қиса Шынжаңдағы Іле қазақ облысы Алтай аймағанда дүниеге келген. Гуанчжоу университеті Жер сілікінісіне қарсы төзімділікті зерттеу орталығының бас инженері. Негізінен сейсмикалық оқшаулау және конструкцияларды зерттеу және жобалау ісімен айналысады. 1989 жылы Далянь технологиялық университетінің магистратурасын тәмәмдаған. 1996 жылы Жапонияның Шығыс-солтүстік университетінде сәулет-құрылыс мамандығы бойынша білім алып, 2000 жылы Жапонияда докторлық диссертация қорғаған. Ол Шиань мемлекеттік мұражайында оннан астам мемлекеттік қорғаудағы мәдени мұраны сақтау жобасын сәтті аяқтап, Қытайдың мәдени ескерткіштер мен ұлттық мұраларды қорғау технологиясының жаңа әдісін тауып, ежелгі мәдени реликвиялық оқшаулаудың алғашқы зерттеу жобасын жасаған білікті маман. Бүгінде ол Қытайда тарихи ескерткіштер мен адамзат өркениетінің мұрасын тиімді қорғауға елеулі үлес қосқан ғалым ретінде құрметке бөленген. Қандасымыз Өрлеухан Қиса жобалауға қатысқан бұл көпір құрылысы ұзындығы бойынша әлемде төртінші орын алады. Бұған дейінгі дүниежүзіндегі ең ұзын үш көпір де Қытайда орналасқан. Бірінші орында Даньян-Куньшан виадусы. Ол 2011 жылы Шығыс Қытайда салынған. Оның ұзындығы 164,8 шақырым болғанымен, тек 9 шақырымы ғана судың үстінен өтеді. Екінші орында ұзындығы 113,7 шақырымды алатын Тяньцзинь виадусы. Екі көпір де Пекин-Шанхай жылдамдықты темір жолының бөлігі болып табылады. Үшінші көшбасшы 79,7 шақырымдық Вэй көпірі. Бүгінде, Қытай елі инфрақұрылымда ғылым мен технологияны қолдануда көш бастап тұр. Қазіргі уақытта қытайлық мамандар мемлекеттің сырт көрінісін әлемге паш ететін бірнеше ірі жобаларды қолға алған. Көрші елде алдағы 10 жылда 250 миллионға жуық адамды мемлекеттің кеңейіп жатқан мегаполистеріне көшіру жоспарланған. Мұндай кең көлемдегі көші-қон барысы басқаларға қиындық тудырмау үшін, үкімет инфрақұрылым жұмыстарына ондаған миллиард доллар қаржы бөлуде. Жалпы заманауи сәулетшілер мен инженерлердің әлемде таң қаларлықтай етіп ойлап тапқан керемет көпірлері жетерлік. 

qazradio.fm




Көрілген: 3073    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.08.2021, 12:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 19:29
    Тұран Одағын құру керек!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31