Алаш үні

"Әлемдік деңгейдегі жаңалық": археологтар Елеке сазы қорғанынан алтын бұйымдар тапты

  • "Әлемдік деңгейдегі жаңалық": археологтар Елеке сазы қорғанынан алтын бұйымдар тапты

Елеке Сазы алқабындағы қорғанды қазу кезінде тәж тағып тақта отырған қаған император бейнеленген әшекейлер табылған

Археологтар Шығыс Қазақстаннан жаңа алтын бұйымдар тапты. Ғалымдар бұны "әлемдік жаңалық" деп атады, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Елеке Сазы алқабындағы қорғанды қазу кезінде тәж тағып тақта отырған қаған император бейнеленген әшекейлер табылған. Бұл бұйымдар түрік ақсүйектеріне тиесілі болуы мүмкін.  Басқа алтын тәрелкелердің бірінде таққа атқа мінгендей қалыпта отырған қағанның басына үшбасты тәж кигізіліп жатқаны көрінеді. Және уәзірлерінің оған құрмет көрсетіп тұрғаны суреттелген.

Ал екінші бұйым жартылай сақталған. Сарапшылардың пайымынша, онда билеушінің мұрагер ұлы бейнеленген болуы мүмкін. Ғалымдар барлық бұйымдардың ұсақ бөлшектеріне дейін қалпына келтіру үшін талдау жасап жатыр.

"Біз қайтыс болған қаған-императордың денесін өртейтін жерді тапқан сияқтымыз. Бұл біз үшін өте маңызды. Ежелгі түркі мәдени кешенін зерттеу тарихында алғаш рет осындай бейне түріндегі бұйымдар кезікті.Мұны ұлы тарихи сәт деп атауға болады. Ол ғұрыптық ыдысты ұстап, тақта отыр. Сол қолы сол аяқтың тізесінде. Бұл- әулиелердің іс-қимылы. Бұл -сенсация, әлемдік деңгейдегі тың жаңалық", - деп атап өтті археолог Зейнолла Самашев.

Сондай-ақ оның айтуынша, бұрын мұндай қорымдарды қазу кезінде зергерлік бұйымдардың тек сынықтары ғана табылатын. Бірақ, бұл жолы түркі империясының баға жетпес бұйымдары алғаш рет тұтас, сынбаған күйінде шықты.

sputnik.kz




Көрілген: 2953    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.07.2021, 10:03

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30