Алаш үні

Алеся Сесь: «Мен де осы елдің қызымын. Қазақша біледі деп таңырқауды қойыңыздар»

  • Алеся Сесь: «Мен де осы елдің қызымын. Қазақша біледі деп таңырқауды қойыңыздар»

    Алеся Сесь: «Мен де осы елдің қызымын. Қазақша біледі деп таңырқауды қойыңыздар»

Егізінің сыңары Евгений Сесь екеуі де қазақ мектебін бітірген. 

Бірінші сыныптан бастап қазақ мектебінде оқыған егіздер сыртқы келбетіне баса назар аударғанды ұнатпайды. Егіздің сыңары «Қазақша білесің бе?» деген сұрақтың өзі түрпідей тиетінін айтты, деп жазады Express Qazaqstan.

Алеся Сесь — Алматы қаржы, құқық және технология колледжінің бірінші курс студенті. Аспаз мамандығын игеріп жүр. Егізінің сыңары Евгений Сесь екеуі де қазақ мектебін бітірген. Алеся корей, кавказ тағамдарын әзірлеуді ұнатады.

"Бірінші сыныптан бастап қазақ сыныбында оқыдым. Мұғалімдер алғашқыда: "Өй, мұнда екі орыс не істеп жүр?" деп таңырқап сұрайтын. "Не бүлдіріп қойдыңдар? Орыс сыныбы сендерді қабылдамай жатыр ма?" деп те қалжыңдайтын. "Бізді әке-шешеміз қазақ сыныбына сабақ берді" деп жауап бердік. Кейін бәрі үйреніп кетті", — дейді Алеся Сесь.

Бұл жағдай колледжде де қайталанған. Қазақ бөлімінде оқып жүрген егіздерге ұстаздары әлі таңырқайды екен. Қазақша білетінімізді қызық көріп, сұрақ қойып, шүйіркелесуді ұнатады.




Көрілген: 1334    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.10.2021, 13:52

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Қазан, 08:25
    Шыңғыстаудың Шәкірі
    30 Қыркүйек, 19:29
    Тұран Одағын құру керек!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31