Алаш үні

«Амал мерекесі» деген жоқ, оны насихаттап жүрген сауатсыз журналистер» — этнограф

  • «Амал мерекесі» деген жоқ, оны насихаттап жүрген сауатсыз журналистер» — этнограф

    «Амал мерекесі» деген жоқ, оны насихаттап жүрген сауатсыз журналистер» — этнограф

Көрісу деген амандасу, жүздесудің жергілікті мағынасы сәл қисайған түрі.

Батыс қазақтары үшін 14 наурыз - «Көрісу күні». Олар бұл күнді Амал күні деп атап өтеді, бір бірімен құшақтасып, «бір жасыңмен» деп құттықтап жатады. Алайда, этнографтар «Көрісу күні» деген қазақта жоқ деп санайды. Бұл туралы Azattyq Rýhy.kz тілшісі этнографтың пікіріне сүйене отырып жазды.

«Амал мерекесі» деген жоқ, оны ойлап тауып, насихаттап жүрген сауатсыз журналистер бар. Үкімет және халық бекіткен Наурыз тұрғанда қайдағы  Амал мерекесі?! Қазақта амалдың 20-ға тарта түрі бар. Дәл сол батысыңыздағы амалдың бірі - «тасбақа дауылы». Сонда амалдың бәрін жиып-теріп бір мереке болғызғаны ма?! «Хамал» деген арабша аталатын амалдың бірі бар екенін жұрт біледі. Бірақ ол Амал мерекесі емес. Ал 22 наурыз күнгі тойымыз ол парсының жаңа күні (ноу-руз)», - деді тарих ғылымдарының кандидаты Досымбек Қатыран. 

Ғалымның айтуынша, қазақ күн күнтізбесімен емес, ай күнтізбесімен жүреді. Әрі қазақ адам өлгенде, қаза тапқанда көріседі. Көрісуді мерекеге теңеу логикалық тұрғыдан да қисынсыз. Қазақта «Көрісу күні» деген мереке мүлдем болмаған. 

«Қазақ туған күн тойламайтын себебі, жылына 3-5 күнмен ауысып келіп отырады, ол мәдениетсіздік емес. 1918 жылы бүкіл Совет одағы Юлиан күнтізбесінен Григорианға ауысқанда шатасып кеткен қазақ әлі шатасып жүрміз. Айт мерекелеріміздің жыл сайын ауысып келіп отыратыны тәрізді қазақтың Наурыз мерекесі де көнетүркілік жыл санаудағы бірдің айындағы (қазіргі наурыз айы) жаңа ай тууына негізделіп құрылған болатын. Соны мойындап, жыл сайын ауысып келіп отыратын етіп Үкімет те бекітуі керек. Этнографиялық экспедициямен Батыс өңірде бірнеше рет болғам. Сонда бір қария Амал мерекесі деп айтқан емес. Көрісу деген амандасу, жүздесудің жергілікті мағынасы сәл қисайған түрі. Оны да байлық деп қоялық. Өлінің көрісе алмайтыны тәрізді тірілердің мүмкіндігі болғанда араға көп айлар салып жүздесуі ғана болмақ. Сыртта жұмыс бабымен жүрген адамдардың бірін-бірі көруі», - деп түсіндірді этнограф.

Бұған дейін наурызтанушы Серік Ерғали де «Көрісу күні» деген мерекенің болмағанын айтып, жоққа шығарған еді.




Көрілген: 3541    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.03.2021, 00:20

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31