Алаш үні

«Аманатта» 500 күй жинақталған

  • «Аманатта» 500 күй жинақталған

    «Аманатта» 500 күй жинақталған

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ұлттық академиялық кітапханада «Аманат» қазақ күйлері анто­логия­сының» тұсаукесері болды. Жинақ қазақ, орыс және ағылшын тілінде шықты. Сонымен қатар кітапта әр күйдің анық­тамасы ғана емес, тыңдауға қолайлы етіп цифрлы та­сығышпен жабдықталған. Жинақ «Сауап» қоғамдық қо­рының қолдауымен шыққан.
- Күй - қазақ халқының асыл мұрасы. Төрткүл дүниенің төрт бұры­шын жайлаған өзге жұртта кез­деспейтін өнер. Әр күйден хал­қымыздың бет-бей­не­сін, даналық кел­бетін, ұлты­мыз­дың өшпес ру­хын, көруге болады. Сол асыл мұраны болашақ ұрпаққа қаз-қалпында сақтап жеткізуіміз ке­рек. Сондықтан ұмыт болған жаз­­­б­аларға жаңа өмір сыйлады. Айт­жан Тоқтаған, Жанғали Жүз­бай, Саян Ақмолда, Талғат Мұ­қы­шев, Мұрат Әбуғазы секіл­ді зерт­теушілеріміз еліміздегі қорларды ға­на емес, шетелдік архивтерден кө­не күйлердің жаз­баларын тап-ты, - дейді «Са­уап» қоғамдық қо­ры­­ның қам­қор­шылық кеңесінің тө­рағасы Бақытбек Смағұл.

Оның айтуынша, бірегей әрі ба­ламасы жоқ жобаны осыдан 8 жыл бұрын қолға алған. «Әр күй­дің көшірмесі сатып алынып, ыж­даһаттылықпен өңделіп, рестав­рацияланды. Цифлан­дырылып, ау­дио тасығышқа көшірілді. Ан­то­ло­­гия толығымен «Сауап» қо­ры­ның қаржы­ландыруымен шығып отыр. Бюджеттен ешқандай ақша бө­л­інген жоқ», - деді ол.

Осы антологияда белгілі күй­ші-зерттеуші Ардаби Мәулет­ұлы­ның жеке мұрағатынан алынған Шың­жаңдағы Алтай-Тарбағатай, Іле қазақтарының сыбызғыда ой­нал­ған күйлері бар. Әсіресе, «Мұ­са­ның күйі», «Шәу­жіңнің күйі» сияқты автор­лық шығармаларға ға­лымдар «сыбызғы дәстүріндегі тың туын­­ды» деп баға берді. Оған қоса, Зұпар Кәбенұлының орын­­дауын­дағы Қошанай Елік­байұлы­ның «Бозінген», «Бу­рыл аттың жү­рі­сі», «Жетім қыздың зары» сияқ­­ты күйлер осы жинақта тұң­ғыш рет жа­рияланды.


Жобаның бірлескен авторы, зерт­теуші, PhD докторы Мүслім Ха­сеновтің сөзінше, антологияға 500-ден астам күй жинақталған.

- Бұрынғы таспаға басылған күйдің өзі 100 жыл ғана сақтала­ды. Ал олар­ды көшіріп басу қиын­ның қиы­ны. Дұрыс көшір­ілмесе, таспа тү­бегейлі жойылып кетеді. Соған қа­рамастан кө­нер­ген таспалардағы күй­лерді сақ­тап қалуға тырыс-тық, - дейді ол.

Анар ҚОНЫС

aikyn.kz




Көрілген: 2163    Пікірлер: 0

жұма, 26.02.2021, 08:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 13:38
    Кремльдегі жайнамаз
    16 Қаңтар, 17:48
    Баяу Мұса....
    13 Қаңтар, 13:03
    Бір суреттің тарихы...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30