Алаш үні

Әр оқу орны бір гранттан бөлсе 129 талапкер тарихи отанында білім алар еді – Қайыржан Меңдіғалиев

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Бұл туралы Халықаралық білім беру корпорациясының бірінші проректоры Қайыржан Меңдіғалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

 

Оның айтуынша, елімізде бакалавриатқа қабылдау ережесі бойынша, шетелдіктердің мемлекеттік грант байқауына қатысуға құқығы жоқ, ал Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, бірақ ұлты қазақ отандастарға бөлінген грант, жалпы грант санының 4% мөлшерінде ғана.

 

Бакалавриат бағдарламасы бойынша мемлекеттік грант алу үшін талапкер-отандастарға қазақстандық талапкерлермен бірдей ҰБТ тапсыруы тиіс. ҰБТ міндетті және бейінді пәндерден тұрады. Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы және математикалық сауаттылық міндетті болып табылады. Ал бейіндік пәндер талапкерлер оқуға түсетін білім беру бағдарламаларына сәйкес таңдалады. Қазақстан тарихы, Қазақстан географиясы секілді пәндерді, басқа елдердің мектептерінде базалық оқу бағдарламалары бойынша ерекшеленетін, кей мектептерде тіпті оқымайтындықтан, көп жағдайда ҰБТ тапсыру кезінде отандастардың қорытынды нәтижелеріне осы пәндер бойынша алынған білімнің жеткіліксіз деңгейі әсер етеді, - деді ол.

 

Қайыржан Меңдіғалиевтің айтуынша, грантқа түсу үшін мемлекет бөлетін 4% квота отандастар үшін қолжетімсіз. Себебі көбісі жоғары оқу орнына түсуге шекті балл жинай алмайды. Шетелдік азаматтар сияқты отандастар жоғары оқу орындарында әңгімелесуден өту негізінде ақылы түрде оқуға құқылы. Бірақ көбінің мұндай мүмкіндігі жоқ.

 

Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарын біздің бастамаға қосылуға, шетелде тұратын және өз туған елімен бірігуге ұмтылған отандастарымызды - этникалық қазақтарды қолдауға шақырамыз. Болашақта, егер 129 жоғары оқу орнының әрқайсысы 1 гранттан бөлсе, тиісінше 129 талапкер-отандас өз отбасыларымен бірге туған жерінде өз болашағын табуға мүмкіндік алады. Дәл осындай қадамдар егеменді Қазақстанда қазақ халқының ұлттық жаңғыруына алып келеді, - деді ол.

 

Бұған дейін Халықаралық білім беру корпорациясы шетелдегі қандастарымызға арналған «Отанға апарар жол» байқауын жариялап, оның аясында 20 грант бөлгендігін жазған болатынбыз.

 

 

 

 

baq.kz




Көрілген: 3076    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.06.2021, 17:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30