Алаш үні

Аружан Саин: «42500 теңге бала санына қарай төленсін»

  • Аружан Саин: «42500 теңге бала санына қарай төленсін»

    Аружан Саин: «42500 теңге бала санына қарай төленсін»

Қазақстан Республикасы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин дағдарыста мұқтаж отбасыларға көмек көрсету жолдарын ұсынды.

«Көпбалалы аналарға, жалғызбасты аналарға берілетін жәрдемақылар толық көлемде төленіп келеді. Мүгедектік сынды куәліктің мерзімі өтсе, оны қайта куәландырудың қажеті жоқ. Автоматты түрде үш айға созылады. Ал 42500 теңге төлеммен дауласар едім. Әрине, халықты қолдау шараларымен экономистер айналысады. Дегенмен, мен балалардың санына қарай көмек көрсетуді ұсынамын. 42500 теңге алатын еерсек адамның бір немесе бірнеше баласы болуы мүмкін. Ресейдің тәжірибесіне қарар болсақ, ондағы жәрдемақы бала санына қарай беріледі. Мұнда қисын бар дер едім. Өйткені 42500 теңгемен бір адам өмір сүруі мүмкін, бірақ бірнеше балаға жеткізу мүмкін емес», - деді Аружан Саин Фейсбукте өткен Antikor.live конференциясында. Спикер бұл мәселені жедел қарастыру қажеттігін атап өтті. «Біз үшін карантин – күтпеген оқиға болды. Бұл наурыз-сәуірдегідей қатаң карантин емес, дегенмен оны қайтадан енгізетінін ешкім күтпеді. ҚР Қаржы министрлігі, Еңбек министрлігі тарапынан бұл мәселені жедел түрде қарастыру қажет. Ресми түрде бұл ұсынысты ешқайда жібермедім. Өз командамыз ішінде ғана талқыладық. Бүгінгі эфирді пайдалана отырып, көпшілікке жариялағым келеді. Ресми түрде қажет болса, оны да жіберемін», - деді Аружан Саин.
 




Көрілген: 766    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.07.2020, 15:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Қыркүйек, 15:31
    Қалай жазғанымыз дұрыс?..
    21 Қыркүйек, 10:27
    Ол махаббат əні еді!
    11 Қыркүйек, 08:53
    Ташкентте болған той
    7 Қыркүйек, 10:27
    Қазақтың қайсар Қасымы
    24 Тамыз, 15:32
    Атасының баласы...
    25 Шілде, 11:21
    Алтын кілт
    10 Шілде, 15:16
    Әуезов Америкада
    30 Маусым, 10:29
    Ұлы империя мұрагері
    17 Маусым, 16:39
    Абайдың атын қимайды
    15 Маусым, 12:32
    Әлем таныған Абай
    12 Маусым, 16:35
    Абай және Бауыржан
    8 Маусым, 14:21
    Абай және Мұстафин

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30