Алаш үні

Ашаршылықты мойындамауға ешкімнің қақысы жоқ!

  • Ашаршылықты мойындамауға ешкімнің қақысы жоқ!

    Ашаршылықты мойындамауға ешкімнің қақысы жоқ!

Бұған дейін қазақ патироттары отандық flip.kz інтернет-гипермаркетінде саудаға түскен ресейлік тарихшысымақ әм блогер Дмитрий Верхотуровтың «Геноцид казахов». Которого не было» атты кітабын елімізде сатудан алғызып тастаған еді.

Біз осы жайында Abai.kz-те мақалалар шоғырын жариялаған болатынбыз. «Мүлдем болмаған ашаршылық! Қазақстанда ресей тарихышысының кітабы неге сатуға шығарылмады? // Геноцид, которого не было? В Казахстане сорвали продажу книги российского историка» атты мақала РФ Nakanune.Ru медиа басылымында жарық көрді. 

Оған дейін Дмитрий Верхотуров ТМД көлемінде аталған ғылыми шатпағын жұртқа майлап өткізбек болып өзі скипер болған онлайн баспасөз конференциясын өткізіп айды аспанға шығарған еді. Сондағы айтпағы «Ұжымдастыру аштыққа себеп болған жоқ. Ашаршылықтың себебі &ndash саяси күрестен туындаған» деген тапсырыстық тұжырымын жасап ТМД-лық орыс тілді аудиторияны аузына қаратпақ. 

 

Дмитрий Верхотуров дейтін «тарихшы» осы
 

Осы конференция барысында «Қазақстан тарихышылары &ndash аузын буған өгіз» деп отандық тарихышыларымыздың фактілері мен дерек-дәйектерін еш көзге де, қалам ұшына да іліктірмей мүләйімситінін қайтерсің!? 

«Менің кітабымның аты қазақ ұлтшылдарын итше үргізді» деп жұрт алдында ағынан да жарылады өзінше.

Онлайн баспасөз конференциясының скиперіне түрлі ауандағы «қазақтар туралы көзқарасы қандайлық екендігі» турасындағы мың құбылған сауалдар қойылған шақта, қасқаң «Қазір қазақтар аштыққа ұшырап, қанды қасаптан өлген қойға баланады, меніңше, қазақтарға бұндай даңқтың еш керегі жоқ» деген бәрін бір ауыз былжыраған фразасымағының қауызына сыйдырып қарап отырды. Өзі қазақты екіге бөледі екен, бірі &ndash ашаршылықты керек етпейтіндер, екіншісі &ndash оны болды деп ызалана зарланатындар. Осы ызалана зарланғандар ішінде Мұхтар Тайжан «кітабыңды өзіңе жегіземіз» деп автордың көңілін мүлдеп қалдырыпты. Оның осылайша қазақтың ұлтшыл патиротына өкпесі қара қазандай екен. «Осындай жағдайдан кейін оларды қалайша жақсы көрмекпін», дейді аярлана. 

Оның осы тантыған шығармашылығының концепциялық тұздығы &ndash қазақты аштыққа ұшыратқан қазақ байлары. КГБ жертөлесіндегі архивте отырып алып, 2010-2020 жылдар арасында жалған 1930 жылдардағы өсек пен жаладан тұратын құжаттардан жұрымдалған кітапсымақты қазақ еліне майлап өткізбек болған мұндар бір ғана қазақ көшінен қызыл КГБ-лық шекарашылар тартып алған 30 мың басты тарихи факті деп дамбалын басына киіп жар салады.

Қазақтың әр ауылы мен әр ауданы әлі күнге әлімсақтан сақталған рулық ата мекендерінде отырғандығын мүлдем ескермейді. Тек қызыл жендеттердің кеңес үкіметінің қысымымен ауа көшкен әр әлеуметтік топқа жататын халықтан тартып алған 20-40 млн. мал басының Ресейге жөнелтілгенін жорта білмегенсиді. «Бәрін құртқан байлар» деп қырық өтірікке басады. 

Автор аштықтан шыбындай қырылған ұлтымыздың өлім-жітімі бар-жоғы 650 мың көлемінде ғана деп саусағынан сорып, еш жосықсыз тарихи кештім-піштім үкім шығарады. Біздегі 2-3 млн. қазақ қырылды деп жүргендер тарихтың исі мұрынына бармайтын фальсификатор тарихшысақтар екен. Өйткені, олардың ойы Дмитрий Верхотуровша: «3 млн қырылды деп мәлімдеу  &ndash бұл таза саяси тезис. Ол (тілге бөлінген) қазақтардың басын бәріміздің аталарымыз бірдей жәбір көрді деп бір жерге қосудың қамы» болып табылады-мыс.

Онлайн конференциядан бір ұққанымыз қазақ өзінің мұңы мен зарын сыртқа шығаратын ұлт емес. Тек әлі күнге Мәскеу сызып берген жолмен жүруге тиіс кремльдік арбаға жегілген есек болуға тиіс екен. Автордың Мәскеу нұқауымен «ашаршылыққа малын ала қашқан, соңына кедейлерді ерткен байлар кінәлі»  деген тезисті қазақ медиа кеңістігіне жымысқылықпен тықпалау жолын ұстаныпты. Бұған еш көнбейтін қазақты өз қожаларының түпкі ойын білдіріп, тарихшысымақ былайша қорқытады: 

«Таяу жылдарда «ашаршылық» украин сценарийі бойынша барынша күш алып, өрістегенімен, тап осындайдан тануы тасқа соғылған Ресей бұған (яғни, қазақтардың бассыздығына) еш ырық бермек емес», &ndash деп Верхотуров мырза артында кім тұрғаны бес енеден белгілі өз саяси жорамалын жасаған болады. 

«Ресей алып қағанат болғандықтан бұндай бәлду-бәдікке еш араласпайды, украин «голодоморшылары» болса, мүйіз сұраған тоқал ешкідей территориялық сақалынан айырылды. Гүржілерде осының кебін киді. Кезінде Ресейді көзге ілмеген Ерменстан масқара жеңіліске ұшырап пұшайман күйге түсті. Ресей дық сақтайтын кекшіл жадылы ел болғандықтан, ұрымтал сәтте кеткен есесін молынан қайтара біледі», &ndash деп өз атын өзі шақырған көкек спикер Мәскеудің жуан жұдырығының исін қазақтар сезіне беріңдер деп тісін қайрай сөз қозғайды.

Білгіш тарихшы 30-шы жылдары орын алған ашаршылықтың қазаққа өтеуін қайтару үшін оларды РСФСР құрамынан шығарып, кеңестік одақтас республика айналдырғанына тәубә деуіміз керек екен.

«Қазақтар естеріңнен адасып, ашаршылық тақырыбын саясиландырып, Ресейге кінәлау талабын қоюдан бойларыңды аулақ салып, Ресеймен дос болмасаңдар, Украинадан да ауыр жағдайға душар боласыңдар» деп өз конференциясымағын соңына жеткізіп тыным табады.

Бұған біздің бұқпа билік пен пәтуан парламент не деп жауап қатар екен. Шынымен, аштықтан қырылған, басына дұға оқитындай сүйегі қайда қалғаны белгісіз бабаларымыз қазақ қоғамы тарапынан еш жоқтаусыз қала бере ме? Осы «Ұлттың басына түскен трагедиялық алапат зұлмат» тек тарихшыларымызға ғана керек пе, ағайын?! Сонда, біз намыссыз, жасық та, жалтақ ұлт болғанымыз ба!?

Әбіл-Серік Әлиакбар

Abai.kz




Көрілген: 4537    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.02.2021, 10:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 13:38
    Кремльдегі жайнамаз
    16 Қаңтар, 17:48
    Баяу Мұса....
    13 Қаңтар, 13:03
    Бір суреттің тарихы...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30