Алаш үні

Аштықтан әлсіреген қазақтарды кім көрінген атып тастайтын

  • Аштықтан әлсіреген қазақтарды кім көрінген атып тастайтын

    Аштықтан әлсіреген қазақтарды кім көрінген атып тастайтын

Тоғыз жасында алапат аштықты басынан кешіріп, бір үйлі жаннан жалғыз өзі тірі қалған жазушы Өтебай Қанахинның жазбасын жариялап отырмыз. Жазба оқыған адамды бейжай қалдырмасы анық.


Онда былай делінген:


"…аштықтан әлім бітіп көзім қарауытып, есім бірде кірсе, бірде кірмей, тек кірпігім ғана қимылдап, жұртта қалған тастанды күшік сияқты шалажансар жатқан жерімнен ересек біреулердің тауып алып, сыртта тұрған шанаға апарып салғанын, үстіме киіз жауып қымтап жатқанын еміс-еміс білемін.
Сөйтсем бұлар аштықтан жаппай қырылып жатқан қазақ ауылдарын аралап, ең болмаса тірі қалған бала-шағаны аман алып қалу үшін қыстау-қыстауды аралап жүрген комсомол жасақтары екен.
Жолда бір жерге тоқтап, бір ұрттам ыстық ас бергенде барып есімді жинадым. Бізді алып келе жатқан екі адамның әңгімесіне құлақ түрдім. Олар бір қыстаудың есігін қар басып қалғанын көріп, күрекпен аршып үйге кіріпті. Ортасын нар пешпен бөлген үйдің кең зәменкесін айнала өліп жатқан балаларды көреді. Әке-шешесімен 11 баласы біреуі қалмай аштан өліпті. Осыны айтқанда делбе ұстаған жігіт еңіреп жылап келе жатты.
Қалқанды шананың ішінде менен басқа тағы бірнеше бала бар екен. Көбі басын көтере алмай әлсіз ыңырсиды. Бізді қалаға әкелгенде, шанадағы 9 баладан бесеуіміз тірі жеттік.
…Бізді Ырғыздағы панасыздар үйіне орналастырды. Онда тіпті қиын екен. Арық-тұрақ, өзі аш балаларды бит жеп өлтіргенін көзім көрді. Қыстың ұзақ түнінде таң алдында түзге шықтым. Дәретхана деп ойлап, оның қасындағы тақтай қойманың есігін ашып қалғанымда, отынға дайындаған сексеуіл сияқты төбеге дейін тіреп, жиып қойған өзім құрпы кішкентай балалардың өлі денесін көрдім. Сол жерде құлап қалыппын. Артынан біреу-міреу ішке кіргізіп тастапты.
…Нендей дерт екенін білмеймін жаңа ғана сүт ішіп, нан жеп отырған бала оқыс қисая кетіп қылғына бастайды да көзі ақшаңдап жүріп кетеді. Менімен бір кереуетте жатқан бес бала осылай өлді.
…Жазғытұрым ауруханадан шықтым. Киімді беріп жатқан орта жастағы қазақ әйелі еңіреп жылады. Мен «неге жылайсыз?» дедім. Сонда әлгі кісі көз жасын сүртіп: «Осында келген 50 баладан әне бір-екеуің ғана тірі кетіп барасың. Өмірің ұзақ болады екен» деді.
…Жаз шыққан соң балаларға ілесіп, қаланың түскей жақ шетінде «Итмола» деп аталатын тұстағы кірпіш басу үшін үңгіп қазған апанға бардым. Нән апандардың ішінде үйген тезекке ұқсатып, кішкентай балалардың басын жиып қойыпты.
Бақсам, қыста өлген балаларды көме алмай, апандағы қардың астына тастай беріпті.
…Аяғыма әрең тұрып қалаға алғаш шыққандағы көргендерім: ана көшеде аштан өліп жатқан шал, мына көшеде ыңырсып қайыр тілеген кемпір, жуа теріп құдықтың басына барғанымда аштан өліп қалған арыстай дәу жігітті көрдім.
Көшеде өліп қалғандарды күнде тәңертең арнайы адамдар келіп, жалаңаштап, тау-төбе қылып арбаға тиеп алып кетеді. Қаланың шетіндегі үлкен орға алып барып тастайды. Бұлардың бәрі ауылдан арып-ашып жеткен қазақтар еді.
…Және бір есімде қалғаны, анық білетінім: балалар үйі орналасқан қалада тұратын Грошев дейтін көпес, көзі қарауытып, аштан бұралып қорасына кірген қазақ жігітін табанда атып тастады. Жазықсыз жанды неге өлтірдің, деп сұрап жатқан ешкім жоқ. Бақшама түсті деп Нүри дейтін түрік тағы бір аш қазақты атып тастады. Қысқасы аштықтан әлсіреген қазақтарды кім көрінген атып тастап жатты.
…Менің бұл жазғандарым тоғыз жасымда басымнан кешкен оқиғалар. Өз көзіммен көрген сұмдықтар. Қаншама жылдан кейін есімде қалғандары ғана…
Осы аштықтан Ырғыз ауданы адамдарының оннан бірі, малының жүзден бірі ғана тірі қалды. … Бір шаңырақ астындағы үлкенді-кішілі он екі жаннан тірі қалған жалғыз мен ғана…


Автор:
Өтебай ҚАНАХИН, Жазушы. «Намыс» журналы.




Көрілген: 1017    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.09.2020, 11:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қазан, 10:30
    Ақылдың кені
    6 Қазан, 10:30
    АЛТЫН ОРДА АҚИҚАТЫ
    1 Қазан, 10:39
    ЖҰМАТАЙДЫҢ ЛӘЙЛАСЫ
    22 Қыркүйек, 15:31
    Қалай жазғанымыз дұрыс?..
    21 Қыркүйек, 10:27
    Ол махаббат əні еді!
    11 Қыркүйек, 08:53
    Ташкентте болған той
    7 Қыркүйек, 10:27
    Қазақтың қайсар Қасымы
    24 Тамыз, 15:32
    Атасының баласы...
    25 Шілде, 11:21
    Алтын кілт
    10 Шілде, 15:16
    Әуезов Америкада
    30 Маусым, 10:29
    Ұлы империя мұрагері

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31