Алаш үні

"Ашық киіну мен жөзекшенің арасында байланыс бар": Көпті шулатқан роликке қатысты кинотанушылар не дейді?

  • "Ашық киіну мен жөзекшенің арасында байланыс бар": Көпті шулатқан роликке қатысты кинотанушылар не дейді?

 Соңғы күндері «Жөзекше» ролигі желіде қызу талқыға түсті. Оны өзіңіз де көрген боларсыз, осы ретте осы 4 минуттық роликті «Керемет кино», «Өнегелі фильм» деп таратып жатқандар көп. Бұл нағыз кино мамандарына «ауыр» тимей ме? Қоғам кино мен роликтер деңгейін шатастырып алуына не себеп? Бұл туралы ERNUR.KZ  сайты киномамандардың пікірін ұсынды. 

Елестетіңізші қысқа белдемшемен көшеге шықтыңыз, көлік тоқтады. Ол сізден сағат сұрады, әлбетте уақытты емес... Сіздің реакцияңыз қандай? Соңғы кезде желіде «Жөзекше» деп аталатын роликке қатысты түрлі пікірлер айтылды. Бір бөлігі «Өте дұрыс! Тәрбиелек мәні зор, қыздар олай киіну арқылы ұлтты құртып жатыр» десе, екінші тарап «Біз таптаурын ойларға бағынбаймыз! Әйелдің киімімен алысу сананың төмендігі» дейді. Әрине, біздің мақсатымыз бір пікірге болысу емес! Әуелде режиссердің ойын өзінен сұрайын деп хабарласқанымызда, сұқбатқа келіскенімен телефонын өшіріп тастады. Ал сценарист туралы ешбір мәлімет таба алмадық. Сондықтан туындыға кәсіби мамандар пікірін сұрадық. Алдымен желіде «Өте тәрбиелі кино» деп таралған ролик шын мәнінде кино ма және қазақ қызын экранда шешіндіру қашан белең алды деген тақырыптарда ой бөлістік. Соңғы күндері «Жөзекше» ролигі желіде қызу талқыға түсті. Оны өзіңіз де көрген боларсыз, осы ретте осы 4 минуттық роликті «Керемет кино», «Өнегелі фильм» деп таратып жатқандар көп. Бұл нағыз кино мамандарына «ауыр» тимей ме? Қоғам кино мен роликтер деңгейін шатастырып алуына не себеп? Көбінің шамына тигені - қысқа киінген қызды «Жөзекше» деп көрсетуі. Біз ұлтына, нәсіліне, жынысына, болмысы мен бітіміні, киіміне қарамайтын тең қоғам құруды мақсат етіп жүрген ел емеспіз бе? Осы ретте сіздің жеке ойыңызды білгіміз келеді, режиссер мен сценаристің туындыны беру тәсілі жоғарыдағы ойларға қарсы емес пе? Киімге қарап баға беру қаншалықты дұрыс? Қазақ қызын секс символға айналдырған кімдер? Экранға мүсіні мен келбеті келіскен, киімі мүсінін айшықтайтын қыздарды таңдайтын сол режиссерлер емес пе еді? Қазақ киносындағы «нағыз қазақ әйелінің» прототипін атай аласыз ба? Кинодағы қазақ әйелі образдарыңын бірі – көнбіс, екіншісі – жүргіш секілді... Неге режиссерлер бір текті образдан шыға алмайды?

Баубек Нөгербек, кинотанушы, PhD докторы 1. Иә, көрерменің бір тобы «Бұл керемет фильм, кино» деп баға беріп жатыр, бірақ ол фильм емес, әлеуметтік ролик. Ол біз үшін түсінікті, ал қарапайым көрермен үшін көп кезде солай, оған ренжудің өзі артық секілді. Алдымен, ролик және кино-фильм деп емес, кино және фильм сөздеріне тоқталғым келеді. Өйткені бұл өте маңызды, көрермен ғана емес, белді журналистердің өзі «кинолар» деп фильмдер туралы айтып жатады. Негізі екеуі екі бөлек дүние. Кино – өндіріс, ал фильм – сол өндірістің өнімі. Сондықтан, шатастырмаған дұрыс! Ал әлеуметтік ролик бөлек. Біз қозғап отырған «Жөзекшені» әлеуметтік ролик деуге болады. Оны сипаттық белгілерінен, яғни ең бірінші өте қысқа, екіншіден роликтің соңында басты ойлар, түйін ретінде жазбаша мәтін беріледі және тапсырыспен түсірілгенінен ұға аламыз. 2. Жалпы қалай болғанда да, адам ең бірінші киімге қарайды. Одан кейін барып, ішкі дүниеге зер салады. «Киіміне қарап қарсы алып, ақылына қарай шығарып салады» дегендей ең бірінші киіміне назар аударатынымыз рас. Әрине, барлық қысқа киетіндерді «жөзекше» деуге болмайды, десе де нақ жөзекшелер қысқа киеді ғой... Бәрібір байланыс бар екенін байғауға болады. Сондықтан, роликті түсіргендер дөрекі қателік жіберді деп ойламаймын. Өйткені ашық киіну мен жөзекшелік аясындағы байланыс айқын. 3. Әрине, бір жағынан солай айтуға да болады. Бірақ нақты осы ролик режиссерінің шығармашылығын бұған дейін білмеппін. Сондықтан жеке түрде талдау керек болар, ал жалпылама айту дұрыс емес! Жалпы әйелдерді еліктіргіш құрал ретінде пайдалану бар екені рас. Ол тек кинода емес, жалпы өнерде кездеседі және ол бізде туындаған, кеше пайда болған үрдіс емес. Өкінішке қарай, біраз заманнан келе жатқан дүние. Әсіресе жарнамада көп қолданылады. Әйелді жалаңаштандыру арқылы машина, үй, тамақ, жиһаз секілді дүниелерді жарнамалап, қызықтырғысы келеді. Мұны мен ең қарапайым және өте арзан әдіс деп санаймын. 4. Нағыз қазақ әйелінің прототипін жасаған, соған өзінің шығармашылық өмірін арнаған – Әмина Өмірзақова. Оның кез келген фильмін алсаңыз да дәстүрлі қазақ әйелінің бейнесін көре аласыз. «Ана туралы аңыз», «Гауһартас», «Тақиялы періште» секілді фильмдегі рөлдері көпшілікке жақсы таныс қой. Соның барлығында да ол үлгілі қазақ әйелінің эталонын жасап шыққан. Сондай-ақ, онан жастау бейнені іздесеңіз «Гауһартастағы» Салтанатты сомдаған Жанна Қуанышованы атар едім. Ол да нағыз қазақ келінінің бейнесін берді, одан бүкіл прототипті көруге болады. Ол - көнбістік, не жүргіштік емес дәстүрлі қарым-қатынас. Ал қазіргі қазақ киносынан Ақан Сатаевтың туындыларын алуға болады. «Анаға апарар жол» туындысындағы ана бейнесін сомдаған Алтынай Нөгербек пен Аружан Джазылбекованың рөлін ерекше атар едім. Мен олардың бейнесінен көнбістік, не жүргіштік көрмеймін. Олар терең әрі психологиялық бейнелер жасап шықты.

Гүлзат КӨБЕК, Киносыншы, Өнертану PhD докторы, «Тұран» университетінің профессоры. 1. Біріншіден, бұл әлеуметтік ролик. Қазақ қыздарының киіну әдебіне қатысты «жігіттердің шағымы» деп айтсақ болады. Осы мақсатта насихат жасауды көздеген. Шын мәнінде, бұл роликтің кино өнеріне түк қатысы жоқ. Қоғамда қызу пікірталас туындаса, демек, көтеріп отырған мәселесіне қатысты қайшылықтар бар деген сөз. Жезөкшелік қандай елде белең алады?! Намыссыз ер-азаматтар көп елде. Әйел заты қандай жағдайда жезөкшелікке барады?! Күнкөріс тауқыметін шеккенде, сенер қорғаны жоқ, шарасыз күйде қалғанда, рухани құлдырағанда ғана жеңіл ақша табу жолын таңдайды. Жалпы жігіттердің шын жаны ашыса, намысы болса, экран арқылы қаршадай қызға құрғақ ақыл айтпай, елдің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін нақты шешудің үздік үлгісін көрсетсе дұрыс болар еді. Ешкім өз қызының жеңіл жолға түскенін қаламайды. Ешқандай қыз келешегін жезөкшелікпен байланыстырғысы келмейді. Дәл бүгінгі уақытта жезөкшеліктен бұрын, ғарыштық тақырыптарды зерттеп, насихаттаған өзекті. 2. Адамның киіміне қарап, оның тұтас болмысына баға беру дұрыс емес! Оның үстіне өзге отбасының қыз баласын көлікке отырғызып қойып, бейтаныс ер азаматтың мораль оқуы – ақиқат іздеудің ең арзан жолы. Біз өркениетті мемлекетпіз! Әр адамның жеке құқы заңмен қорғалады. Артық сөзді де абайлап айту керек. Кім үстіне қандай киім киеді, оны өзі шешеді. Егер қыздарымыз жартылай жалаңаш киінбесін десек, «киінудің әдебі» жайында балаларға мектеп жасынан дәріс оқылсын. Киінудің де өзіндік мәдениеті болады. Кез келген мәселенің өзін емес, оның шешу жолдарын қарастыру маңызды. Арзан, ашық киіндің деп қандай жағдайда да «адамның арын» қорлауға болмайды. 3. Сұлулықтың табиғаты, тілі – кез келген адамды табындырады. Жаратылыстың шеберлігін мойындамау мүмкін емес. Сымбаттылық – ол да қару. Экран өнерінде фотогеничность шешуші рөлге ие. Әсемдікті, сұлулықты ашудың өнерде өзіндік әдіс-тәсілдері бар. Әйелді шешіндірмей-ақ әдемі мүсінін, бейнесін ашуға болады. Бір роликтің төңірегінде, режиссерлар бәрін шешіндіріп жатыр деп баға беруге болмас. 4. Себебі, қазақ әйелдерінің ұлттық тәрбиесі, дүниетанымы «ұяңдыққа» негізделеді. Көнбіс болып көрінетіні сонан. Өжет де дана әйелдің бейнесі «Құнанбай» фильмінде бар. Құнанбайдың анасы Зере қазақ әйелдерін басқаша қырынан ашады. Батылдық басым. Мінез бар. Әділ. Бізге осындай бейнелерді көбірек насихаттау керек. Жалпы қазақ ұлтын бар етіп ұстап тұрған қазақ әйелдерінің төзімі деп есептеймін. Олар жақсылығын асырып, жамандығын жасырып өмір сүріп жатыр. Жатырына ұрығын салып, ұрпағын жалғастырып отырған әйел затына әрдайым да құрметпен қарайтын қоғамның келешегі жақсы болады. Қазақ жігіттерінің қарындастары қорлық көріп жыламай, аналары ұяттан жерге қарамау керек.

 Автор: Қарашаш Есенбай 

Фото: Жеке мұрағаттан 

ERNUR.KZ

 




Көрілген: 1011    Пікірлер: 0

жексенбі, 07.06.2020, 21:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Қыркүйек, 15:31
    Қалай жазғанымыз дұрыс?..
    21 Қыркүйек, 10:27
    Ол махаббат əні еді!
    11 Қыркүйек, 08:53
    Ташкентте болған той
    7 Қыркүйек, 10:27
    Қазақтың қайсар Қасымы
    24 Тамыз, 15:32
    Атасының баласы...
    25 Шілде, 11:21
    Алтын кілт
    10 Шілде, 15:16
    Әуезов Америкада
    30 Маусым, 10:29
    Ұлы империя мұрагері
    17 Маусым, 16:39
    Абайдың атын қимайды
    15 Маусым, 12:32
    Әлем таныған Абай
    12 Маусым, 16:35
    Абай және Бауыржан
    8 Маусым, 14:21
    Абай және Мұстафин

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30