Алаш үні

Аты белгісіз авторлар: Брежневтің кітаптарын кім жазған?

  • Аты белгісіз авторлар: Брежневтің кітаптарын кім жазған?

    Аты белгісіз авторлар: Брежневтің кітаптарын кім жазған?

Леонид Ильич Брежнев – КОКП ОК Бірінші хатшысы және ССРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы қызметін атқарған, төрт мәрте Кеңес Одағының батыры атағын алып, Социалистік Еңбек ері болған саяси қайраткер. Сондай-ақ, Брежнев бірнеше кітап жазған («Кіші жер», «Жаңғыру», «Тың»). Алайда өзінің кітабын жазуға оның мүлдем қатысы болмаған. Шығармалардың ресми түрдегі авторы Брежнев делінгенімен, кітап басқа адамның қаламынан туған. Qamshy.kz ақпарат агенттігі Бірінші хатшыға кітап жазып бергендердің кім екендігі жайлы зерттеушілер келтірген фактілерді оқырман назарына ұсынады.


Кейінірек бұл кітаптар миллиондаған данамен таралып, қаламақысы 180 мың сомды құраған. Бас хатшының кітаптары мектеп және жоғары оқу орындарының бағдарламасына енгізіліп, “Брежнев оқулары» атты байқау да өткен. Кітаптар еңбек ұжымдарында да қызу талқыланған. Брежневтің мемуарларын халық әртісі Вячеслав Тихонов радиодан тұрақты түрде оқығанын аға буын әлі ұмыта қойған жоқ. Ал шын мәнінде Бас хатшыға кітап жазып берген кім?


Олар - газет журналистері


Леонид Брежневтің ел басқара жүріп, кітап жазуға уақыты болмағаны түсінікті. Дегенмен, оның атақ-даңқты, ордендер мен құрметті аса қатты жақсы көретінін көпшілік біледі. Өзіне дейінгі Ленин мен Сталиннің ондаған томдық кітаптары болғанын ескерсек, құрметке бөленгенді жақсы көретін Брежнев кеңестік мейрамдағы құттықтауға толы 4 томдықпен шектеліп қалғысы келмегені түсінікті. Демек Брежневтің туындыларын кім жазған? Оның авторын анықтау үшін ресейлік ғалымдар көп зерттеу жүргізген. Алайда, негізгі авторы әлі күнге дейін анықталмаған. Зерттеушілердің болжамы бойынша, кітапты жазушылар емес, газет журналистері жазған болуы мүмкін. Себебі, шығарма тарихи сипатта емес, Леонид Брежневтің соғыстағы ерлігі туралы болған. Ал авторларға төленген қаламақы қанша? Ол - жағы әлі құпия. 


Дегенмен, деректер Леонид Брежневтің әскери ерлігін жоққа шығармайды


Ол расымен де соғысқа қатысты, Украинаны азат етудегі ерлігі үшін оған генерал шені берілді. Тіпті снаряд тасталған кезде кеме бортында болған Брежнев ауыр жараланған, болашақ Бірінші хатшыны сарбаздары құтқарып қалған. Кейін соғыста ерлік танытқан офицер Леонид Мәскеудегі Жеңіс салтанатына да абыроймен қатысқан. Мұның барлығы тарихи шындық. Ақиқаты, мүмкін Бірінші хатшының әдебиетке икемі болмаған шығар. Негізі танымал тұлғалардың кітаптарын басқа адамдар жазатыны ол жасырын нәрсе емес қой...


«Қамшы» сілтейді




Көрілген: 720    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.01.2019, 12:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 16:41
    Абай іздеген ұлт бақыты...
    4 Қыркүйек, 11:47
    Г.Бельгер: "Оян, қазақ!"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30