АЙДЫҢ ДА БЕТІНДЕ ҚАРА ДАҚ БАР

АЙДЫҢ ДА БЕТІНДЕ ҚАРА ДАҚ БАР

Пенде өзіне ұнаған нәрселерді ғана идеал тұтуға бейім тұрады. Ал оған ұнаған нәрсе басқа біреуге ұнай ма, жоқ па, ол жайында шаруасы шағын. Міне, жан иесінің эгоцентристік көзқарасы деген, аяқ астынан, осылай жалт етіп шыға келеді.
Мәселе мынада: менің көзқарасым оған ұнай ма, жоқ па, ол жағы ешкімге маңызды емес. Маңыздысы мына қамшының қысқа сабындай өмірде өзгеге ұнамағанмен, бірақ маған және саған ыңғайлы нәрселер қатары болуы мүмкін. Жер бетіндегі пенде атаулы бұл өзімшіл пиғылдан ада деп айта алмаймын. Адамын дегеннің сөзі өтірік. Соның арасынан адам баласына ұнайтын бірдеңе және соның қажетіне жарайтын шірдеңе табылады. Сол алтын ортаны тауып, ұстай білген пенденің қай салада болсын бағыты дұрыс.
Пенде атаулының басты қателігі - тақтайдай түзу жол, мінсіз қоғам, ортадан пір тұтатын кемел адам іздейді. Сөйтіп жүріп тобыр және тобырлық сана, таным, түсінік, мәдениет жайында сөз қозғағысы келетінін қайтерсің. Алайда, сіз бенен біз «тобыр» деп білетін біреулер сенің ұғым-түсінігің мен оның айналасына ұйысқандарды «тобыр» деп танитынымен санасқымыз келмейді. Олай болса, мына өмірде бәрі тек салыстырмалы түрде танылатынын мойындау керек. Ешкім де - мен де, сен де, ол да «ақпын» деп ақталып, ант-су ішпей-ақ қойсын, айдың да бетінде қара дақ бар.
Айналасын ғана таныған адамды әлем құбылыстарын толық біледі деуге және болмайды. Жалпы біз көбіне өзімізге, содан соң өреміз жеткен жерге дейін ұлқа қажет нәрселерді іздейміз. Ал көксегенің адамзат баласына пайда әкеле ма, жоқ па, ол жағынан тағы да хабарымыз аз. Дәл қазіргі таңда біздің мемлекетімізде құндылық қалып жарымағанын күн тәртібіне көтере беретін жарнамашылар қатары көбейіп барады. Кейде таңертең шала ұйқы болып тұрғанда, осындай ойға өзің де қалай сеніп қалғаныңды байқамай қаласың. Өйткені, тап қазір біздің айналамызда санаңды улап жатқан негатив көп, позитив жоққа тән.
...Ел ағасы, саясаткер, халық қалаулысынан бастап аяғы руханият, мәдениет, әдебиет, ғылым қайраткерлеріне дейін ойша жебір жасап алдық. Қарап отырсақ, бүгінде өзі жығасы қисайып, басы былғанбаған жан қалмапты. Тек ретін тауып «өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай етіп» айтып жатқан пысықайлар мен даусоғарлар ғана «ақ қанатты періште» екен.
Тіпті, біздің кешегі поссоветтік кеңістіктен кейінгі елеулі тарихымызда мемлекетімізде дым жасалмаған тәрізді. Әрі-берідесін төбесі көк тіреген азуы алты қарыс алып империяның жез тырнағынан босап, өз алдына азаттық алып, 15 одақтас елден жылап айрылғаны, дүние түгел күйреп кеткен тұста көз жасын бұлап жүріп бәрін қайта жасақтағаны да ұмыт бола бастағандай. Енді бүгін серлей қарап отырсақ, айналамызда сау адам жоқ, бәрі «жемқор». Тіпті солардың жайын айтқанда қызыл тілдің майын тамызып, миыңның қатпарларын сары суға мемілдетіп отырған пенденің өзінің де кім екені белгісіз.
Сонда біздің санамызға осындай екпені осыншама аз уақыт ішінде ғарыштық жылдамдықпен бейсаналы түрде кім ендіріп жіберген, осы күйге қалай түскенбіз? Бәлкім бұған бізді мәжбүрлі түрде жеткізген шығар? Мүмкін, «мүмкін емес» деп те айта алмаймын! Иә, кешегі бір алатопан кезде колхоз, совхозды отап, жұмыс жасап тұрған фабрика, зауыттардың бәрін өз қолымызбен үлестіріп, білім, ғылым, мәдениет ошақтарын күресінге айналдырып және соған алдымен өзіміз қол шапалақтап, масаттанғанымызды бүгін ұмытып қалыппыз. Мемлекет басшысы, түрлі деңгейдегі әкімдер, тіпті мына қоғамға өзінің қадари халінше тырбаңдап қызмет жасап жүрген әр азамат тек жемсауының қамымен жүрген жемтікшіл бірдеңе болса, онда айналамызда қазір кім қалды өзі? Бұл не топалаң, жабайы революциялық тәсілмен дамыған эволюцияға қол жеткізген қай мемлекетті көріп едіңіз?
Иә, әзірге күстана көрмеген тек ірілі-ұсақты кәсіп иелері мен бесіктен белі шықпаған бала-шаға ғана қалып тұр. Бүгінгі олигархтардың осыдан 30 жыл бұрын иелік жасағаны әрі жасап келе жатқаны қазақтың еншісіне кешегі Кеңес заманынан қалған шұбатылған майлы ішектің шет-шепірі емес пе еді? Ал баланың әне-міне бірдеңе бүлдіре қоюға әзірге жасы жетпей тұр.
Жалпы біз жұрттың бәрін «ұры» санайтын қолайсыз көзқарасты қашан, қайдан жұқтырдық осы? Мемлекетіңнің шаңырағын күлталқан етіп ортасына түсіру үшін, мына ымырасы жарасып, ұйыған ұлтыңды шілдің құмалағындай ету мақсатында осының бәрін ұйытқылап отырған ту сыртыңда бір алапат күш бар дегенге ден қойып көрдік пе өзі? Әлде біздің орыс пен қытайдан өзге жауымыз жоқ па еді? Кешегі күн астына жорытқан азуын айға білеген ата-бабамыз аюдың елінен «алтын шашты» сұлу алып, қысық көзіңнің тақта шайын ішіп, құлпырған шұға, мақпалын шұлғанғаны қайда? Аттың белі, атанның қомы деген дәуір, дәуреннің өзінде біздің шалдар солардан секем алмай-ақ риясыз көрші болды емес пе? Бұл не қорқыныш, не деген бітпейтін үрей, мына ызғыған саяси өсектің ығында не бар, кімдер тұр өзі? Бір жылдан аса уақыт ошағынан алыстап шыға алмай омалып отырған қарашасына ашып бірдеңе айтып, осы қордалы мәселенің мәнін ұғындыратын шешесі қалжа жеген бір таланды ер табыла ма арамыздан, жоқ па?
Біз қай кезде де бүгінімен емес, өткенімен өмір сүрген халық едік. Өйткені, әлі сол өткеннің жайы мен қаупін көп айтамыз. Жалғыз біз ғана емес, әлем жұртының дені солай, бәрі де аспанға қарағанды ұнатады, аяғының астындағыны көргісі келетіндер өте сирек. Соған қарағанда бұл біздің табиғатымызға шет емес, Алла әуелде адам баласының көзін төбесіне қадаған болу керек.
Тарихқа көз жіберсек, қазақтың шекесі шылқыған кезін сирек көресің. Жұрттың аузы асқа, ауы атқа толғаны кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейінгі кезең екен. Ал мына ат төбеліндей қазақтың бәрінің болмаса да, бағы жанып, жолы болғандарының шынымен қарны шермие бастаған кезеңі кейінгі жылдары. Біздің ұлт баяғы ата-бабасының тұсындағы сән-салтанат деңгейіне жете алды ма, жоқ па, ол жағын әлі қаузай түсу қажет.
Әрине, осыған дейін жасалған нәрсенің бәрі тек қана ұлттың игілігі үшін дей алмаймыз. Бізді кім тонамады, біз кімге жемтік болмадық, біз есіміз кетіп, етегімізді жаба алмай тыртаңдап жүргенде кімге есе жібермедік? Енді еңсе көтердік пе дегенде тап болған күйіміз, көріп отырған күніміз, бірі-бірімізді қабағанша талаған түріміз, тағдырдан алғай сыбағалы сыйымыз мынау. Сол үшін де біздің тар қолтық тарихта кеткен кегіміз көп.
Енді, міне, ат төбеліндей аз ұлт перзенттерін бір-бірімен ырылдастырып, біріне екіншісін шеке тамыр салдырып, қалғанына «ата қораздардың» гүжілін қызықтатып отыр. Шынымды айтсам, маған дәл қазір мемлекетті кім басқарғаны маңызды емес. Онсыз да біз жоғалтуға болмайтын құндылықтардың біразынан айрылып болдық.
Ендігі құндылығың - ұлтың, еліңді тығырықтан шығара алатын даңқты ұлдарың! Қазақтың амандығы, ауызбірлігі, татулығы, мына жарық жалғанда бауырыңнан өрген ұл-қыздың қалған несібеге ие болып қалуы бәрінен де маңыздырақ болып тұр. Қарға тамырлы қазақ үшін ендігі жерде осыдан басқаның бәрі бекер-ау...


Берік ЖҮСІПОВ

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста