Алаш үні

Әйгілі бард ақын Табылды Досымовтың қолжазба хаты табылды

  • Әйгілі бард ақын Табылды Досымовтың қолжазба хаты табылды

    Әйгілі бард ақын Табылды Досымовтың қолжазба хаты табылды

Қазақтан шыққан тұңғыш бард ақын Табылды Досымовтың 18 жасында жазған қолжазба өлең хаты табылды. Бұл туралы Табылдының курстас досы, журналист Арман Сқабылұлы хабарлады.

 

Әбубәкір Смаилов маған хат жазыпты. Қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовтың осыдан отыз жеті жыл бұрын өлеңмен өрген хатын тауып алған екен. Тәкемнің таныс жазуы... таныс есімдер... домбырасын сағынған бозбала... Он сегіздегі Табылдың өлеңі қандай! Түпнұсқадан оқып көріңіздерші! - деп жазды ол өз парақшасында.

 
Ал төмендегі Әбубәкір Смаиловтың хат табылғаны жайлы Арман Сқабылұлына жазған хаты.

 

Арман! Хат жазу дәстүрі қалды ғой. Сонда да Табылды достың сарғайған хатын тауып алып, хат жазып отырмын. Отыз жеті жыл бұрын Германиядан келген хаттағы 18 жасар бозбаланың ойлы да шымыр шумақтары жүректі шымырлатады. Көпшілік те оқысын, сол заманның тынысы мен Тәкеңнің елге деген сағынышын сезінсін деген тілек менікі. Досымыздың рухы шат болсын! - деген Әбубәкір Смаилов хатының соңына бір шумақ өлең қоса жолдаған екен.

Біздер нөкер болғанда сен - сері едің,
Серттен тайып кетпейтін семсер едің!
Отыз жеті жылдан соң оралдың ба,
Ескерткіш боп еліңе еңселі ерім?!

Орнатар деп ескерткіш халқым бірде,
Ойладың ба жас дәурен, сал күндерде?! - Сәлеммен Әубәкір.

Ал мына суреттегі Табылды Досымовтың өз қолымен жазған өлең хаты.

Табылды Досымов - Қазақтың тұңғыш бард ақыны. Ол 1965 жылы 15 шілдеде Атырау облысы, Индер ауданы, Индер поселкесінде туған. 2010 жылы 19 қазанда сол ауылда дүниеден өтті.

Табылды 1982 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетіне оқуға түсіп, 1990 жылы тамамдаған. 

1983-1985 жылдар аралығында Германияда әскери борышын өтеген.


BAQ.KZ




Көрілген: 1492    Пікірлер: 0

жұма, 15.10.2021, 23:01

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Қазан, 08:25
    Шыңғыстаудың Шәкірі
    30 Қыркүйек, 19:29
    Тұран Одағын құру керек!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31