Алаш үні

Айналайын айбынды аталар-ау, мүмкіндікті пайдаланып халықтың мұң-мұқтажын жеткізсеңдерші

  • Айналайын айбынды аталар-ау, мүмкіндікті пайдаланып халықтың мұң-мұқтажын жеткізсеңдерші

    Айналайын айбынды аталар-ау, мүмкіндікті пайдаланып халықтың мұң-мұқтажын жеткізсеңдерші

  • Айналайын айбынды аталар-ау, мүмкіндікті пайдаланып халықтың мұң-мұқтажын жеткізсеңдерші

    Айналайын айбынды аталар-ау, мүмкіндікті пайдаланып халықтың мұң-мұқтажын жеткізсеңдерші

Әр аудан, қала, облыстың "Для галочки" жиналыс кезінде ең алдыңғы қатарда отырып алатын бес-алты белсенді ақсақалдары болады. Үлкенді сыйлаған халық емеспіз бе? Жиын соңыда сол кіслерге міндетті түрде бір ауыз сөз беріледі.

Сонда әлгілердің шірмікпестен "Еліміздің жағдайы керемет"дегенін естіп, әттегенайлап қалатынымыз бар. Сыр суыртпақтап, талайымен тілдестім. Биіктегілердің көзін ала бере "Елдің жағдайын айтып"еңірей кетеді. Неге? Неге екі жүзділік танытады?

Шығатын пенсиясына шықты, жұмыстан айырыламын деген проблема жоқ. Шындықты шыңғырта айтса, соларға біреу қой дей ме? Әлде жиылыс соңында берілетін "Бата беру" бақытынан айырылып қаламын дей ме? Биіктегі адам төменге қарай а ла ма? Жоқ! Төменге қараса, басы айналады, ол бұлттарға қарау керек. Биліктегі де сол секілді. Ал төмендегі кісі төбеге қарайды . Аспан түнерсе~ көңілі құлазиды, желді дауыл соқса, шамданады. Ал төбедегі күн шуағын шашса~ жадырайды. Халықтың күйі де осы іспетті. Мен үкіметті оңды-солды тілдегім келмейді. Ешкімнің жеке басына қарата қар боратқан емеспін. Үкіметті халықтың жағдайын ескеру керек. Неге біздің елде қ айғылы жағдайлар көбейіп кетті? Сұрақ-жауап, пікір күйінде қалдырмай, иә болмаса біз осындай халықпен кездесіп мәселе көтердік деп "отчет"үшін ғана жұмыс істемей, сөзден іске көшкен жөн. Қарапайым халықтың айлығы ешқашан 500мың болған емес. Пәлен жыл стажы бар мен өзім арзымаған айлық аламын. Төрт бала үшін ешқашан 16мың алған емеспін. 10 мың алып келдім. Шартты, шартсыз көмек түрімен сөйлесіп көрдім. А йлығым асып жығылады екен. Сондағысы отбасындағы әр адамға 11мың теңгеден есептейді екен. Одан асып кетсе, байсың. С ондағысы күйеудің мүгедектігі үшін алатын 30 мың теңгесін табыс көзіне қосып қойған. Оған тегін дәрі берілгенімен , жыл ішінде 5-6 ай бойы сатып аламыз. Дәрі әсер етпесе, укол егумен боламыз. Дегенде дәрісі де арзан тұрмайды ғой! .

Айналайын төбедегі көкелер, әсіресе оның жандайшаптары бұрын осы типтес пост жазамын деп жоғарыдан қоңырау соғылып, қысым жасалған, Жұмыстан айдап жібер, немесе жиналысқа жолатпа деген сөздер болды.

Мен дым көрмеген мақұрым адам емеспін, Барды да, жоқты да көріп келдім. Өкіметке алақан жайған жоқпын. Бей берекет тіл тигізген жоқпын. Кеудемде шындығым бар, жағымпаз жандарды көргенде көкірегім қарс айырылатын жандардың бірімін.

Айналайын айбынды аталар-ау Сіздерге сөз берді, кеңеске шақырды. Мүмкіндікті пайдаланып, бейбіт түрде халықтың мұң-мұқтажын жеткізіп, өздеріңнен кейінгі жандарды мейлінше жақсы болуға тәрбиелесеңіздерші. Шақырса да, шақырмаса да желпілдеп жетіп бара беру күндердің күнінде қадіріңді қашырады ғой. Одан да еліңнің жоқтаушысы болып, абыройларыңызды асырсаңыздаршы.


Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1094    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.02.2019, 12:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 22:28
    «МЕНІҢ ЖӘНІБЕГІМ!»

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30