Алаш үні

Азат Перуашев көше, мекеме атауларына Алаш қайраткерлерінің есімдерін беруді ұсынды

  • © Túrkistan

    © Túrkistan

Азат Перуашев аймақтар мен қалалардағы көше, мекеме атауларына 750-ге жуық Алаш қайраткерлерінің есімдерін беруді ұсынды. Бұл жөнінде республикалық маңызы бар қалалар мен облыс әкімдерінің атына тиісті хат жолданды.


Аталған 750 арыстың тізімі жасалып, тіпті, олардың қай өңірде, қай қалада дүниеге келгені, қайда қызмет еткені де анықталды. Бұл жинақталған тізім әкімдерге жіберілді.



«Ақ жол» партиясының төрағасы хатта «осы бағыттағы жұмысты жалғастыру – бүкіл қоғамымыздың және жаңғырған заманымыздың өзекті талабы. Мысалы, «ақжолдық» депутаттардың сауалына берілген ресми ақпарат бойынша ел ауқымында Ленин (506 көше), Киров (54 көше), Маркс (40 көше), Крупская (28 көше), Свердлов (24 көше), Энгельс (23 көше) атындағы көшелер, мекемелер мен аймақтық атаулардың тапжылмаған күйі тұрғаны түсініксіз», - деп мәлімдейді.


Сол себепті «Ақ жол» әкімдерден аймақтар мен қалалардағы көше, мекеме атауларына еліміздің тағдырына еш қатысы жоқ адамдардың орнына, бірінші кезекте ұлт тәуелсіздігі жолында жанын пида еткен Алаштың көрнекті қайраткерлерінің есімдерін беруді ұсынып отыр.


«Алаш арыстарын ұлықтау – ешбір басқа этносқа қарсы бағытталған бастама емес. Керісінше, біздің ойымызша, Алаш мұраты бүкіл қазақстандықтарды біріктіріп, еліміздің нағыз ұлттық идеясына айналуы тиіс», - делінген ресми хатта.


«Ақ жол» Демократиялық партиясының


баспасөз қызметі




 




Көрілген: 998    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.01.2019, 12:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 22:28
    «МЕНІҢ ЖӘНІБЕГІМ!»

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30