Алаш үні

Әзілхан Нұршайықовтың жас буынға жазған хаты

  • Әзілхан Нұршайықовтың жас буынға жазған хаты

    Әзілхан Нұршайықовтың жас буынға жазған хаты

ҰЛДАР, алдымен сөзімді сендерге арнаймын!

Менің сендерден өтінерім, арақ ішпеңдер, айналайындар! Арақ &ndash адамзаттың жауы, халықтың дұшпаны. АРАҚ АЛДЫМЕН ТАЛАНТТЫ АДАМДАРДЫ ҚҰРТАДЫ. Содан соң өзгеге ауыз салады. Талантсызды да жалмап жұта береді. Ендеше, арақ ішпеңдер, бауырларым! «Мен мықтымын» деп оқыраңдай бермеңдер. Асып бара жатқан күштерің болса оны араққа емес, айналадағы адамдарға, ағайын-туыс, адал жарларыңа қамқорлық жасауға жұмсаңдар. Қалқам! Арақты жеңемін деп дәмеленбе! Шарапқа бүйірім шыға бір тояйыншы деп талпынба. Ол ешкімді де тойдырмайды. Су екеш суды да сыздықтатып, сызылта ішсең ғана шөлің қанады. Адам арақ ішпегеннен өлмейді, араны ашылып арақ ішкеннен өледі. Әрбір арақ ішкен адамның өмірі аз, ғұмыры қысқа болады. Оның үстіне маскүнемнің өмірі &ndash мәнсіз. Адамның өмірі онсыз да қысқа, ендеше, аз ғұмырды ардақтап, шамаң келгенше мағыналы етіп өткізгенге не жетсін?!

Жігіттер, жандарыңда жүрген қыздарды құрметтеңдер. Қыз &ndash болашақтың анасы. Қыз &ndash алдыңғы ұрпақтың әжесі. Анаңды ардақтап, әжеңді құрметте, қарағым!

ҚЫЗДАР!

Жандарыңда жүрген жігіттерді ақылмен, әдептілікпен, сыпайы мінезбен, сүйкімді назбен тізгіндей біліңдер. Арақ ішкізбеңдер, айғайға жолатпаңдар. Олардың түнгі 12-де мас болып рестораннан келіп, жұрттың шырқын бұзып, терезенің түбінде текедей бақылдап өлең айтып отырмайтындай етіңдер. Өйткені, қыз жетелесе, ілеспейтін, қыз қиылса, көнбейтін жігіт жоқ бұл дүниеде. Ақыл анадан тарайды. Адамгершілік әйелден басталады. Жаратушы өздеріңе сыйлаған осы бір өзгеше өнерлеріңді қастарыңда жүрген жігіттерге әсер етуге жұмсаңдар. Жігіт жаныңда жүрсе &ndash жолдасың, жауға жұмсасаң &ndash жолбарысың, ортада жүрсе &ndash орманың, шетке шықса &ndash қорғаның. Жігіттерден жылы шырай, жұмсақ әзілдеріңді аямаңдар. Бірақ оларды жұрт көзінше сүйісіп, сөйлесіп тұруға үйретпеңдер, жабыса құшақтатпаңдар. Адал сезімді ардақтап, бүркемелеп, қымтап ұстауға тырысыңдар.

МЕНІҢ СЕНДЕРЕН СҰРАЙТЫНЫМ ОСЫ ҒАНА!

Qasym.kz




Көрілген: 5843    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.01.2021, 11:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 13:38
    Кремльдегі жайнамаз
    16 Қаңтар, 17:48
    Баяу Мұса....
    13 Қаңтар, 13:03
    Бір суреттің тарихы...
    5 Қаңтар, 00:04
    Асық ату архаизм бе?
    18 Желтоқсан 2020
    Қыздардың көз жасы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31