Алаш үні

Басқаның ғылымына, технологиясына тәуелді болу, басқаның тіліне де тәуелді болу

  • Басқаның ғылымына, технологиясына тәуелді болу, басқаның тіліне де тәуелді болу

    Басқаның ғылымына, технологиясына тәуелді болу, басқаның тіліне де тәуелді болу

АҒЫЛШЫННАН ҚАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ


Мынау Дубайдың Жумейра жағажайында қалған әйгілі Шевролет жүк машинасы. 1950-60 жылдары Америкада жасалған. 


Біздің қазақ халқы сияқты осы бір шөлстан түбекте өмір сүрген арабтар да сыртқы отарлаушылықтан көз ашпаған. XV ғасырдың орта шенінен бастап біресе Партугалияның, біресе Голландияның қол астында болып, ақыр аяғы 1750 жылдан былай қарай Англияның билігіне мойынсұнған. Ағылшындар әуелі жемчуг саудасына араласса, кейінірек мұнай өндіріп, өздеріне тасып әкетумен айналысқан. Ағылшын билігінен бұл бейшаралар 1968 жылы құтылыпты. Мынау Шевролет машинасы сол ағылшындардан қалған бір ескерткіш.

Әмірліктердің өзара бірігіп тәуелсіз мемлекет болғанына былтыр 50 жыл толыпты. Содан бері ағылшын тілінен әлі күнге дейін құтыла алмай келеді екен. Көшелердегі, есіктердегі жазулардың барлығы екі тілде. Біз сияқты әуелі арабшасын, оның астына ағылшыншасын жазады. Метрода да солай, арабша-ағылшынша хабарлап жатқандары. Енді елу жылда да ағылшыншадан құтыла алмайтын сияқты.

Олардың осындай жағдайы қазақтарды да қатты ойландыруы керек. Дүние жүзіне әйгілі араб тілінің өзі мынадай болып жатқанда қазақ тілінің халі нешік десейші.

БАЭ халқы намазын оқып, портты мемлекет болғаны себепті баяғы Мұхаммедтің пайғамбар болар алдындағы кәсібі сияқты біреудің өндірген затын саудалаумен айналысып қана жүрген халық. Келім-кетімді күлшелі халықтың қалтасынан дәмететін ежелгі «өнері» тағы бар. Мұнай мен алюминий өндіреді екен. Ол да шикізат күйінде сатылатын сияқты. Әрі іздеп, бері іздеп жаңа технологияға тырысып жатқан дерегін таба алмадым. Жаңа технологияға қолы жетпеген, заманауи ғылымын дамытпаған елді, қанша бай болса да, дамыған елдер қатарына жатқызуға болмайды. Біріккен араб әмірліктері, оның ішінде Дубай да дәл қазір дамымаған, басқалардың технологиясына тәуелді ел.

ДЕМЕК БАСҚАНЫҢ ҒЫЛЫМЫНА, БАСҚАНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫНА ТӘУЕЛДІ БОЛУ ДЕГЕН СӨЗ, БАСҚАНЫҢ ТІЛІНЕ ДЕ ТӘУЕЛДІ БОЛУ ДЕГЕН СӨЗ.

Ендеше қазақ орыстың, ағылшынның, қытайдың тіліне тәуелді болып қалмау үшін өзіміздің ғылымымызды, өзіміздің технологиямызды дамытуымыз керек. Сонда ғана тіліміз шын мәнінде тәуелсіздігін алады.

Ал қазақтың ғылымын дамытпаған басшы – қазақтың болашағын ойламайтын адам! Ондай адамнан тезірек құтылу керек.


‎Нұрлыбек Саматұлы‎

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 1297    Пікірлер: 0

жұма, 18.01.2019, 11:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31