Алаш үні

Бай-манаптар табысын шетелге ала қашуды қашан доғарады?!

  • Бай-манаптар табысын шетелге ала қашуды қашан доғарады?!

    Бай-манаптар табысын шетелге ала қашуды қашан доғарады?!

Біз Тәуелсіздік алғалы бері ел экономикасына 130 млрд АҚШ долларына жуық инвестиция құйылғанын айтып мақтанамыз. Алайда мамандар «сол 130 млрд инвестиция құйған шетелдіктер, пайданы екі еселеп тауып жатыр» дейді. Мысалы, соңғы он жылдың ішінде елімізден шетелге кеткен қаржы – 140 млрд доллардан асқан.


Соңғы он жылдың ішінде елімізден 140 млрд АҚШ долларының шетел асуы бұл ойланарлық дүние. Мысалы, Түркияда шетелге кететін қаржы 1 млн доллардан асатын болса бұл мемлекеттік деңгейде қаралады. АҚШ-тың өзі қазірде жергілікті кәсіпкерлеріне, іскерлеріне бұған қатысты белгілі бір шектеулер енгізіп отыр.


Ал біздің еліміздегі көрші Ресейден ғана келетін кәсіпкерлерді алайықшы, олар еліміздің кәсіпкерлерімен біріккен кәсіпорындар құрады. Үш жылдың ішінде нарыққа дендеп еніп табыс табады, одан кейін барып тапқан табыстарын көк қағазға айналдырып, Ресейге немесе басқа шетел банктеріне салады. Сол тәрізді мұнай-газ саласында жүрген, уран өндірісінде жүрген іскерлеріміз, инженерия-технология саласында жүрген кәсіпкерлеріміз тағы басқа толып жатқан істің көзін меңгерген азаматтарымыз табысын шетелде сақтайды. Олар ел экономикасына күдікпен қарағаннан кейін осылай істеп отыр. Табыстарын шетелге алып кету арқылы олар өзге елдің экономикасын өркендетіп жатқандарын аңғармайды.


Бұл ретте экономист-ғалым Жұмаділда Баяхметов: – Бұл жерде бізге қажеттісі де осы капиталға амнистия жариялау еді. Бұл үрдіс шетке кеткен қаржыға шектеу қоюуы тиіс. Бұдан былай біз түріктер тәрізді шетке кететін қаржы 1 млн доллардан асса дабыл қағуымыз керек, – дейді.


Абзалында біз ел экономикасының өркендеуіне бірден-бір септігін тигізетін сала орта бизнес екенін жиі қаузаймыз. Ал енді осы ел бизнесінің өркендеуіне қатысты сөз етсек, соңғы жылдары экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесі ІЖӨ-нің 17 пайыздық деңгейінде тоқтап тұр. Бұған қатысты отандық сарапшылар капиталды амнистиялау арқылы осы межені де ілгерлетуге болатынын алға тартады.


– Нақ қазірде капиталды амнистиялау арқылы өз экономикасына құйылатын инвсетицияны бірнеше еселеп отырған елдің бірі – Италия. Еуропа, Түркия елдерінде де капиталды амнистиялау шаралары жүргізіліп отырады. Бізде бұл шара 2001 жылы жүргізілді. Ол кездері ел экономикасының көлеңкелі айналымы шамамен 25-35 пайызды құрады. 2001 жылғы амнистиция барысында елге 367,8 млрд теңге қайтарылған болатын. Ал қазір елдегі шағын және орта бизнес өкілдерінің бәсекелестік аясы кеңейді. Бағдарламаларды, түрлі жобаларды жасау арқылы елдегі іскер азаматтардың басым бөлігі шетелдік нарыққа шыға бастады. Тіпті олардың біразы қаржыларын шетелде сақтайтын болды. Осыны ескерсек, расымен де капиталға амнистия жарияланғаны дұрыс. Бұл үрдіс қаржыларын шетелде сақтайтын азаматтарға отандық экономиканы көтеруге ықпал етеді. Шетелде заңсыз қаржы сақтап, көлеңкелі экономикаға жол бергенше оны заңдастырып, елдегі тұралап жатқан салаларға инвестиция құйылса оңды емес пе? Сондықтан өз басым мұны қуаттау керек деп есептеймін. Мысалы, біздегі алпауыттар қазақ жерінің арқасында шылқыған байлыққа қол жеткізіп, қазақ жерінің байлығын игеру арқылы қыруар қаржыны айналымға салып жүрген іскер азаматтар осы амнистия арқылы елге қаржы әкелуі тиіс. Олар шетелден қомақты қаржыға сарай салады, үй алады. Ал неге сол қаржыны отандық инвестицияға салмасқа?! Табыстарын шетелге ала қашатындарға шектеу болу үшін ауқатты азаматтарға азаматтар табыс декларациясын жариялауды міндеттеу керек. Олар шетелдік қаржыларын қоса заңдастырып, оны елге әкелуі тиіс, – дейді Жұмаділда Баяхметов.


Қарлығаш Зарықханқызы

"Қамшы" сілтейді




Көрілген: 584    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.10.2019, 18:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қараша, 15:30
    ҚАЗАҚ ҚҰЛ БОЛМАҒАН…
    28 Қазан, 12:48
    УӘДЕ ДЕГЕН НЕ?
    19 Қыркүйек, 16:41
    Абай іздеген ұлт бақыты...
    4 Қыркүйек, 11:47
    Г.Бельгер: "Оян, қазақ!"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30