Алаш үні

Белгілі ақын Жәркен Бөдешұлы өмірден өтті

  • Белгілі ақын Жәркен Бөдешұлы өмірден өтті

    Белгілі ақын Жәркен Бөдешұлы өмірден өтті

Белгілі ақын Жәркен Бөдешұлы өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қаралы хабарды Қазақстан Жазушылар одағының өкілдері растады. 

"Иә, Жәркен ағай бүгін таңертең өмірден өтті. Апай хабарласып, ағаның қайтыс болғанын хабарлады. Аға ауырып жүрген", - деді Жазушылар одағының өкілі. 

Айта кетейік, Жәркен Бөдешұлы 1944 жылы 15 мамырда ҚХР-дың Тарбағатай аймағы Толы ауданындағы Жайыр тауында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты-Жармұхаммед. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Мерзімдік басылымдарда және мемлекеттік Кітап палатасында жауапты қызметтер атқарған.

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында бөлім меңгерушісі болған. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының әдеби кеңесшісі болған. Әтүрлі басылымда ақынның "Аңырақай бекетіндегі ой", "Қарауыл төбе", "Генерал Жаһар Дудаев", "От пен су" ("Сорос- Қазақстан" қорының жүлдесі берілген), "Тас бесік", "Бостандықтың басы", "Шер", "Жалғыз" атты дастандары жарияланды.




Көрілген: 1175    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.04.2021, 11:05

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31