Алаш үні

Бейімбетті неге ұмыттық?

  • Бейімбетті неге ұмыттық?

    Бейімбетті неге ұмыттық?

Қазақтың үш бәйтерегі атанған Сәкен, Ілияс, Бейімбет сынды аяулы азаматтарымыз бір жылы туып, бір жылы өмірден өтті (1894 - 1938). Қатар туған жұлдыздар шын мәнінде ұлт әдебиетінің жұлдызына, ұлт руханиятының асқарына айналды. Биыл осы үш азаматтың туғанына мерейлі 125 жыл!!!


Көкейде жүрген бір ой: Сәкен атында Астананың қақ төрінде Агротехникалық университет және ақынның мемориалдық музейі бар. Ілекеңнің атында Талдықорғанның жүрегінде Жетісу мемлекеттік университеті және қаланың қақ ортасында ақынның әдеби-мемориалдық музейі бар екен. Оның сыртында Ілияс атында туған жұртындағы үлкен елді мекен бар. Сәкен атында ауыл бар.


Сәкеннің атында Талдықорғандағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана, Қарағанды қаласында қазақ драма театры бар! Ілекеңнің атында Талдықорғанда Мәдениет сарайы және бар.


Енді үшінші ғизатли арыс, қазақтың дәл өзіндей қарапайым Бейімбет Майлы баласының атында не университет, не музей, не кітапхана, не театр жоқ екен. Ұят! Өткен жылы ғана сең қозғалып, Таранның аты тұғырдан түсіп, орнына сонау зәу заманда жайғасуы тиіс еді Би-ағаң. Жә, мехнатты тағдырына осындай құрмет жазылса, кімді кінәларсың! Ғабең, аяулы Ғабит аға Мүсіреповтей намысшыл інісі болғанда, Би-ағаңның даңқы ТҰТАС ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢҒЫРЫП ТҰРАР ЕДІ...


Қайран Би-ағаңды ғұмырының соңына дейін аялап, қастерлеп, шығармашылығы мен әдеби мұрасын түгендеп, насихаттап өткен шын ғалым, шын зерттеуші марқұм Тоқтар аға Бейісқұлов та ортамыз да жоқ... 70 -тен асқан шағында Бейімбеттің шығармашылық мұрасынан кандидаттық диссертация қорғап, қайраткер Би-ағаңды танытқан осы кісі еді.


Бейімбеттей классик жазушы екі күннің бірінде туар болса, көрер едік қой.

Бейімбет Майлин - Қазақ әдебиетінің дара жүйрігі, қайталанбас қаламгері! "Қазақ десең, Бейімбет! Бейімбет десең, қазақ есіңе түседі" емес пе еді...


Қостанай облысының басшылығы ірі сөз жүйрігінің 125 жылдық мерейтойы аясында ақынның туған өлкесінде әдеби-мемориалдық музейін жасақтап, Қостанайдың қақ ортасынан ашса, керемет болар еді. Сосын Қостанайдағы Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың атын қазақ әңгіме жанрының шебері және осы топырақтың даңқты тумасы Бейімбет Майлиннің есімін беру- күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін мәселе болу керек деп ойлаймын!!!


Үш арысты бір-бірінен аласартпай, Би-ағаңды жетімсіретпей және алаламай дұрыс бағалап, құрметпен қастерлейік!!!


Зор ұсыныспен,

Елдос Тоқтарбай, жазушы-зерттеуші,

ҚР "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. 




Көрілген: 1254    Пікірлер: 0

жексенбі, 03.02.2019, 11:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 22:28
    «МЕНІҢ ЖӘНІБЕГІМ!»

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30