Бір адам тарихты өзгерте ала ма?

Бір адам тарихты өзгерте ала ма?

Адамзат тарихына ой жіберіп қарайтын болсақ, әр дәуірде қоғамды өзгертетін белгілі бір тарихи тұлғалардың болғандығын байқаймыз. Шындығында, тарихты жасайтын да сондай жеке тұлғалар, яғни көшбасшылар. Бірақ та, ондай көшбасшыларды уақыт туғызады және сол уақыттың талабына орай әлгі тұлғалар қоғамды белгілі жаққа қарай өзгертетін әрекеттер жасайды.

Ескендір Зұлқарнайын, Шыңғыс хан, Петр патша&hellip

Қасиетті Құран кітабында Ескендір Зұлқарнайын туралы арнайы аяттар бар. Қасиетті кітаптқа есімі енген патша кім еді және ол адамзат тарихын өзгерту жолында не істеді? Бүгінде Македония деп аталатын шағын ғана ел осыдан 2,5 мың жыл бұрын да болған. Мұсылмандар Ескендір атаған Александр Македонский сол елдің патшасы болған. Осы шағын елден шыққан патша іргелес мемлекеттерді жеңіп, өзіне қаратады. Содан кейін көк теңізден жүзіп өтіп, сол тұста Азия құрлығының көп бөлігін билеп тұрған атақты парсы державасына қарсы соғысқа кіріседі.

Әскер саны әлденеше есе көп Дарий патшаны ойсырата жеңген Ескендір Зұлқарнайын империяға қарайтын барлық елдерді жаулап алады. Небары отыз жыл өмір сүрген патша жарты әлемді жаулап алды, дегенмен де, ол сол жаулап алған жерлерде өзі ойлағандай идеалды қоғам құра алмады. Ол өлген соң патшалық ыдырап, көп мемлекеттерге бөлшектеніп кетті. Бірақ та, гректер әкелген мәдениет жаулап алған елдерге үлкен ықпалын тигізіп, олардың одан әрі дамуына біраз әсер етті. Ескендір патшаның қоғамды өзгертуге тигізген әсері де сол болды.

Ал 13 ғасырда Алтай тауының етегін жайлап, қазіргі Шығыс Түркістан, монғол жерлерінде көшіп-қонып жүрген тайпалардың басын біріктіріп, жарты әлемді жаулап алған Шыңғыс хан қандай өзгеріс әкелді? Бір-бірімен жүздеген жылдар бойы қырқысып келе жатқан шағын тайпаларды біріктірудің тарихы маңызы зор болды. Осы міндетті орындаған Шыңғыс хан өзара қырқыс соғыстарды тыйып, ортақ үлкен көшпенділер мәдениетін қалыптастырды. Құрамына Қытай, моғол елі, Орта Азия, Кавказ, бүгінгі Ресейдің аумақтары енген алып импария адамзат тарихында өшпес із қалдырды.

Ал Алтын Орда хандығының табанында үш ғасыр тапталып, құлдық құрсауынан жаңа шыққан дамуы артта қалған орыс еліне Батыс мәдениетін әкеліп, көп жерлерді жаулап ала отырып, шағын Мәскеу княздығын алып Ресей импанриясына айналдырған Петр патшаның сол өзі билеген елге ғана емес, адамзат тарихына да үлкен әсерін тигізгені анық.


Бәрі көшбасшыға байланысты

Әлемнің алтыдан бірін алып жатқан Ресей импариясында патшаны тақтан тайдырып, билікті құл-құтанның қолына алып берген, сөйтіп әлемде ең бірінші болып, социализм деген қоғам құру жолына түскен Лениннің адамзат тарихындағы рөлі үлкен екендігін ешкім теріске шығара алмайды. Дегенмен де, ол жасаған тәжірибе сәтсіз аяқталып, коммунистер құрған қоғам қирап тынды.

Енді мынаған назар аударып қараңыз: 1991 жылы бұрынғы КСРО құрамына кірген 15 республика түгел тәуелсіздік алып, өз даму жолдарына түсті. Арада отыз жылдай өткенде қазір ол елдердің қандай нәтижеге жеткендігін салыстыра отырып, көруге болады. Бір мемлекеттер қара үзіп, озып кетсе, екіншілері шаң қауып көш соңында қалды. Неге? Бұның бәрі сол мемлекеттерді басқарған көшбасшылардың ұстанған ұстанымдарына байланысты болған еді.

КСРО құрамындағы республикалардың бәрі 90-шы жылдары біркелкі дамыды. Өзгерістің бәрі тәуелсіздік алғаннан кейін басталды. Мәселен, диктатураға негізделген билікке көшкен Түркімен елін алып қараңыз. Барша халық бір адамның аузына қарап отыр. Халқы кедей, өндіріс артта қалған, мақтанарлық еш жетістік жоқ. Ал жерінің асты мен үсті толған байлық, Менделеев кестесінің барлық элементі шығатын алып Ресейдің халқы сіңірі шыққан кедейлік қамытынан құтыла алмай отыр. Өйткені бұл елді жемқорлық жайлаған.

Табиғат байлығы жоқ, жер аумағы азғантай Балтық жағалауы елдеріне қараңыз: эстондар мен латыштар, литвандар &ndash Еуропа одағына қосылып, өркениет көшінің ортасында кетіп барады. Бұл елдердің тұрғындарының күнкөріс деңгейі жер байлығы жыртылып айрылатын Ресей мен Қазақстаннан көш ілгері. Неге десеңіз, олар демократиялық даму жолына түсті және адамдардың еркін өмір сүруіне, дамуына мүмкіндік беріп қойды.

Қазақ елінің де Біріккен араб әмірлігі сияқты аса бай елге айналуына толық мүмкіндігі бар еді. Десе де, бар билікті қолына ұстаған жалғыз адам даму жолын өз қалауынша мүлдем басқа арнаға бұрды. Сөйтіп, ол өзіне қолайлы жағдайларды жасап, отбасы мен айналасындағы туыс, таныстарын байлыққа бөктірді де, халықты кедейшілік құрдымына құлатты.

Тарихқа зер сала қарасаңыз, қоғамды өзгертетін көбіне жеке тұлғалар екендігін көруге болады. Марксизм классиктері айтқандай, халық деген қара тобыр сияқты, көсемдер қайда бастаса, сонда қарай жөңкіледі. Сондықтан, бәрі де жеке тұлғаларға, яғни көшбасшыларына байланысты.

akikat01.com

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста