Алаш үні

Бірінші салыстыру: Абай – мәдени алма!

  • Бірінші салыстыру:  Абай – мәдени алма!

    Бірінші салыстыру: Абай – мәдени алма!

Абай, салыстырдық талай

Бірінші салыстыру:  Абай – мәдени алма!

Біз үшін Абай баба қазақ әдебиетіндегі алғаш тәліммен өскен алма іспетті. Оған дейін айналасы жабайы алма ағашы болды. Олар дәмі ащы, көлемі кіші, түрі көк жеміс беріп келді. Шөже, Дулат, Ақтамберді, Шортанбай, тіпті Бұқар.
Абай ғана түрі көз тартар қызыл, дәмі таңдайға татырлық нәрлі, көлемі қарын тойғызарлықтай ірі жеміс ұсынды.

Негізі жабайы алма мен мәдени алма үшін топырақ біреу еді – қазақ ортасы.
Бірақ мына ағаш күн көп түсетін шуақты беткейге егілді. Әжесі Зере, шешесі Ұлжан. Әуезов кезінде «Ұлжан мысқылшыл, сатирик, қалжыңшыл адам болған. Осы мінездер, тегінде Абайға шешесі арқылы енуі керек» депті.
Одан ағаш бағбан қолымен күтіліп, жеміс бермейтін бұтақтардан арылды. Әкесі Құнанбай. «Әкем Абай туралы» атты естелікте Тұрағұл Абайұлы әкесі мен атасының қарым-қатынасын «Әкем қажының қатты, суық мінезін сөгіп отырушы еді» деп жазған. Құнанбай бағбанның қатты қолы артық бұтақтарды аяусыз кескені даусыз.
Абай алмасына оған дейінгілерге бұйырмаған бұлттар ерекше жауын төкті. Шығыс шайырлары. Абайтанушы Мекемтас Мырзахметов: «Медреседе оқыған жылдары мен әкесінің ел билеу жұмыстарымен айналысқан Абай Шығыстың классик ақындарын оқып, ақындық рухани қазынасы күн асқан сайын нәрленіп, қорлана берді». Орыстың озық ойы. Абайтанушы Әбіш Жиреншин: «саяси көзқарастары үшін жер аударылып келген Е. Михаэлис, Н. Долгополов, С. Гросс, А. Леонтьев арқылы Абайға орыс реализмі әсер етті». Батыс, оның ішінде неміс поэзиясы. «Гетенің «Жолаушының түнгі жырын» Лермонтов аудармасы арқылы қазақшалаған Абай орыс ақынының барлық кітаптарында көрсетілген «Гетеден» деген сөзге мән бермеді дейсіз бе? «Кең жайлау – жалғыз бесік жас балаға» деген Абай аудармасының түп-төркіні Шиллер өлеңі екені белгілі. «Көңілім менің қараңғы, бол-бол ақын!» өлеңінің түп-төркіні – Байрон. «Қара сөздеріне» қарағанда, Абай Монтеньді де білген». Мұны жазған үш тілді жазушы, зерттеушіміз Герольд Бельгер.
Міне осындай жәйттер қазақ әдебиетінде алғаш тәліммен өскен мәдени алманың пайда болуына ықпал етті.

Қайнар Олжай
2020 жылғы қаңтардың 20-сы.

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 376    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.01.2020, 12:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Сәуір, 23:56
    МҰХАҢНЫҢ МҰҢЫ
    31 Наурыз, 11:36
    Абайдың үш бейнесі
    4 Наурыз, 17:28
    Алаш-арман
    31 Қаңтар, 12:43
    Бір видеоның «сыры»...
    28 Қаңтар, 11:06
    Мағауин мифі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30