Алаш үні

Бүгін Алаш Орда Үкіметі құрылған күн

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Бүгін, 12 желтоқсан — Алаш Орда Үкіметінің құрылған күні. 1917 жылдың 12 желтоқсанында, Орынбор қаласында өткен 2-жалпықазақ съезінде Алаш Орда үкіметінің құрылғаны жарияланған болатын.

Еске сала кетейік, Орынбор қаласындағы жалпықазақ съезі 5-13 желтоқсан аралығында өтті.

Съезде алғашқы баяндаманы Әлихан Бөкейханов жасады. Оның баяндамасы жөніндегі қабылданған қаулыда - қазақ автономиясы, милиция (жасақ) және Ұлт кеңесі мәселелерін қарауға жеті кісілік комиссия құрылады.

Ал құрылған комиссияның атынан Халел Ғаббасов автономия, милиция және Ұлт кеңесі туралы баяндама жасайды.

Ұлттық автономия үкіметінің құрамындағы халық милициясы, Қазақ автономиясын құру туралы баяндама оқыған Халел Ғаббасұлы былай деді: "Егер әркім өз басын күйттеп, ешкім ешкімге бағынбаса азамат соғысы басталып кетуі мүмкін. Анархия толқыны мемлекеттің бүкіл аумағын шарпып барады. Үлкен қалалар, шағын ауылдардың бәріне кірді. Қазақтар тұратын мекенге баса-көктеп кіру алдындағы монархия адамдардың өміріне, мүлкі мен үйіне қауіп төндіреді. Адамдар қорғансыз қалды. Осындай күрделі кезеңнен шығудың бір жолы - қазақтың аудандары мен облыстарында іргелі мемлекет құру. Егер анархия қазақ облыстарын шарпып кетсе, қазақ халқына толығымен құрып кету қаупі тууы мүмкін. Сондықтан, қайғы-қасіреттен сақтау үшін халықтық әскер - халық милициясын құру керек".

Сонымен қатар, автономия құру ісіне байланысты Халел Ғаббасұлы Әлихан Бөкейхановтың рөлін ерекше атап, жаңа автономияны «АЛАШ» деп атауды ұсынды. Біраз талқыдан соң 1917 жылдың 12 желтоқсанында съез делегаттары уақытша ұлттық кеңесті - Алаш Орданы құрды. Ал көпшіліктің дауысымен Алаш Орда Үкіметінің төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды.

Кейіннен бұл туралы Әлімхан Ермеков «Сарыарқа» газетінің 1918 жылғы 22 қаңтардағы №28 санында: "Декабрьдің 12-сі күні, түс ауа, сағат 3-те дүниеге АЛАШ автономиясы келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты алаштың баласының басына ақ орда тігіліп, АЛАШ туы көтерілді. Үлкен ауылдарға қоңсы қонып, шашылып жүрген қырғыз-қазақ жұрты өз алдына ауыл болды. Отансыз жұрт Отанды болды" деп жазды.

Осыдан бастап Алаш Орда автономиясы өз жұмысына кірісті. Ал 1917 жылдың 20 желтоқсанында Әлихан Бөкейханов Сібір облыстық кеңесіне жеделхат жолдап, «Алаш» автономиясының және «Алаш Орда» уақытша үкіметінің құрылғанын хабарлады.

Жалпы Алаш қайраткерлерінің мақсаты ұлттық тәуелсіздікке қол жеткізіп, қазақ қоғамын жаңғырту, заманға сай халықты бейімдеу болғаны белгілі. Алаш Орда автономиясының мемлекеттік идеясы қай заманда да өзекті, бұл бүгінгі Тәуелсіздік мерекесімен ұштасып жатқан құбылыс.

ҚазАқпарат

 




Көрілген: 637    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.12.2019, 11:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Шілде, 11:21
    Алтын кілт
    10 Шілде, 15:16
    Әуезов Америкада
    30 Маусым, 10:29
    Ұлы империя мұрагері
    17 Маусым, 16:39
    Абайдың атын қимайды
    15 Маусым, 12:32
    Әлем таныған Абай
    12 Маусым, 16:35
    Абай және Бауыржан
    8 Маусым, 14:21
    Абай және Мұстафин
    26 Мамыр, 16:22
    Бозбала Бейсен
    19 Мамыр, 16:42
    Өнеге-өмір

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31