Бүгін – Дінмұхамед Қонаевтың туған күні

Бүгін – Дінмұхамед Қонаевтың туған күні

Оны бәрі кішіпейіл басшы ретінде еске алады. Ол Коммунистік даңғыл мен Киров көшесінің (қазіргі Абылайхан даңғылы мен Бөгенбай батыр көшесі) қиылысындағы үйінен шығып, жаяу, еш күзетсіз, Үкімет үйіндегі жұмысына баратын. Билік басында болғанда ол бармаған қала, аудан болмаған дейді.

 

Бүгін 25 жыл бойы Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 111 жыл толып отыр.

 

Дінмұхамед Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында дүниеге келген. Ол Мәскеудің Түсті металл институтында тау-кен инженері мамандығы бойынша оқыған. Еңбек жолын Балқаш мыс қорыту комбинатында бұрғылау станогінің машинисі болып бастаған. Кейіннен цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болды. Ал 1939 жылы КОКП мүшелігіне қабылданды.

 

Қонаев 1942-1952 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д. Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңірді. Ғылыми-ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асты.

 

Қонаев 1955-1960 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды. Одан соң 1960-1986 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды. Дінмұхамед Қонаев – өз заманының ұлы саясаткері. Ол билік басында болған 26 жылға жуық уақытта елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді.

 

1

Сурет: Алматы әкімдігі баспасөз қызметі

 

Уикипедиядағы дерекке сай, Дінмұхамед Қонаев ел басқарған жылдары қазақ жерінде 68 жұмысшылар кенті мен 43 қала пайда болған. Атап айтсақ, оның ішінде өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары бар.

Сонымен қатар ол өзінің билігі тұсында түсті металл өндірісі, мұнай өнеркәсібі, машина жасау және өзге де салаларды дамытуға үлкен үлесін қосты. Мысалы, Қазақстан экономикасы Қонаевтың дәуірінде Кеңес үкіметі бойынша Ресей мен Украинадан кейін үшінші орында болған.

 

Мемлекет ісінен қол үзген кезде де қоғам қайраткері елде болып жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін түсініп, қолдай білді. Бүгінде Қазақстан халқы мемлекет қайраткерін тек жақсы ісімен еске алады. Оның ерен еңбегі, тау-кен ісіндегі шешімдері халық жадында. Әлі күнге дейін қазақстандықтар Қонаевтың кезінде тұрғызылған қалалар мен өндіріс орындары туралы жиі айтады, бағалайды.

 

2

Сурет: Zakon.kz

 

Қайраткердің «Кеңестік Қазақстан», «Таңдамалы сөздері мен мақалалары», «Өтті дәурен осылай», «Сталиннен Горбачёвқа дейін» және «Ақиқаттан аттауға болмайды» деген кітаптары жарық көрген.

 

Дінмұхамед Қонаев 1993 жылы 22 тамызда 82 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Ол үш рет Социалистік Еңбек Ері атағын, Ленин орденін алған. Сонымен қатар Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.

 

Бүгінде Алматыда Дінмұхамед Қонаев 24 жыл тұрған үй мемориалды пәтер-музей ретінде ашылып, жұмыс істеп тұр. Мемориалды пәтер-музей қызметкерлері біртуар басшыдан қалған осы үй мен ондағы бұйымдарды барынша сақтап қалуды мақсат етеді. Алматыдағы Мұқан Төлебаев көшесіндегі 119 үйге мегаполис тұрғындары мен қонақтары сәрсенбі және сенбі күндері келе алады. Кіру құны ересектерге 500 теңге, студенттерге 300 теңге, зейнеткерлер мен мектеп оқушыларына 200 теңге. Топтық экскурсияға музей қызметкерін 500 теңгеге жалдауға болады.

 

3

Сурет: Zakon.kz

 

Пәтердің қасында Қонаевтың негізгі музейі тағы бар (Төлебаев 117). Дінмұхамед Қонаевтың өмірі мен еңбектеріне қызыққан адам осы екі музейді де аралағаны жөн. Оның бірінде қоғам қайраткерінің өмірі мен қызметі туралы танысып, ал екіншісінде тұрған пәтерін көре аласыз. Былтыр 110-жылдық мерейтой аясында саясаткердің Алматыдағы музейі қалпына келтірілген еді.

 

Бүгінде елімізде Қонаев атындағы оқу орындары, көшелер және оның ескерткіштері бар. Ал биыл ел президентінің ұсынысымен бұрынғы Қапшағай қаласына Қонаев аты берілді.

 

 

 

zakon.kz

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста