Бүгін Қаныш Сәтбаевтың туғанына 122 жыл толды

Бүгін Қаныш Сәтбаевтың туғанына 122 жыл толды

Бүгін белгілі ғалым, қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың туғанына 122 жыл толды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1899 жылы 12 сәуірде Павлодар уезінің Ақкелін болысының №4 ауылында дүниеге келген.

Ауыл мектебінде төрт жыл оқып, 1911 жылы Павлодардағы орыс-қазақ училищесіне оқуға түсіп, оны 1914 жылы үздік бітірді. Оқуды бітіргеннен кейін мұғалімдер семинариясына түсіп, оны 1918 жылы тәмамдады. Семейде екі жылдық педагогикалық курста оқытушы болып жұмыс істей жүріп, Томск технологиялық институтына түсуге дайындалды. Ол үшін математика мен шет тілінен қосымша емтихан тапсыру қажет еді. Осы кезеңде денсаулығы сыр беріп, жұмысты да, оқуды да кейінге қалдыруға мәжбүр болады. Соған қарамастан Қаныш Сәтбаев қазақ мектептеріне арналған алгебра оқулығын құрастыруды бастап, бірақ ол еңбегін тек 1924 жылы аяқтады.

1920 жылы Қаныш Сәтбаев Баянауылдағы мәдени-ағарту жұмысы бөлімінің төрағасы болып тағайындалды. Сонымен бірге ол халық судьясы болып жұмыс істеді.

1921 жылы болашақ ғалым технологиялық институтқа оқуға түседі. Бірақ 1922 жылы туберкулезі қайта асқынып, оқуды үзе тұруға тура келді. Күндізгі бөлімде білім алу қиын іске айналғандықтан, геолог М.А.Усовтың көмегімен өз бетінше білім ала бастады. Осылайша Қаныш оқуын тек 1926 жылы аяқтады. Денсаулығы жақсарғандықтан соңғы курсты тіпті күндізгі бөлімде жүріп аяқтады. Тау-кен инженері дипломымен Қаныш Сәтбаев Атбасар түсті металдар тресінде геологиялық бөлім бастығы лауазымында жұмыс істей бастады. Трест Қарсақпай кентінде салынып бітпеген мыс балқыту зауытында мыс кен орнын игерумен айналысатын. Трестің бас геологы ретінде Қаныш Сәтбаев ол жердегі құрылыс жұмыстарының барысымен танысуға барады. Жергілікті мамандар ондағы мыс қоры мардымсыз деп есептейтін. Бірақ Қаныш зерттеу жүргізіп, басшылықтың қолдамағанына, қаржының қысқаруына қарамастан, басқа ұйымдармен келісімдер жасап, М.А.Усов пен профессор В.А.Ванюковтан көмек сұрады.

1934 жылы Жезқазған кенішіндегі мыстың қоры туралы қорытындысын дәлелдеп шыққан Қ.Сәтбаев КСРО Ғылым Академиясында баяндама жасады. Сол баяндаманың негізінде Жезқазған мыс балқыту комбинатын, Жезқазған-Қарағанды-Балқаш теміржолын салу туралы қаулы қабылданды.

Кейін Қ.Сәтбаев ауыр өнеркәсіп халық комиссарыГ.Орджоникидземен кездесіп, Жезқазған мыс кен орнын толық ауқымды зерттеуге рұқсат алды. Осының арқасында сол кезде әлемдегі ең ірі мыс кеніші екенін белгілі болды. Жезқазған кен орнын ашқаны үшін Қаныш Сәтбаев 1940 жылы КСРО-ның ең жоғары марапаты Ленин орденімен марапатталды.

1941 жылы Қ.Сәтбаев КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалының геологиялық институтының директоры, ал 1942 жылы филиалдың басшысы болып тағайындалды.

1942 жылы КСРО оқ өткізбейтін болат өндіруге қажет марганецтің тапшылығын сезінген кезде Қаныш Сәтбаев Жезқазғанға жақын жерден ферромарганец кен орнын игеруді ұсынды. Көп ұзамай марганец тапшылығы жойылды.

Сол 1942 жылы Қаныш Сәтбаевқа 15 жылдық зерттеу нәтижелерін жинақтап шығарған «Жезқазған ауданының кен орындары» монографиясы үшін Сталиндік сыйлық берілді. Осы уақытқа дейін Қ.Сәтбаев 40-тан астам ғылыми еңбектер жариялап, солардың жиынтығы бойынша жоғары аттестациялық комиссия оған «Геология-минералогия ғылымдарының докторы» ғылыми дәрежесін берді.

1946 жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы Қазақ КСР Ғылым академиясы болып қайта құрылды. Бұл жұмыстың бәрін Қаныштың өзі ұйымдастырған болатын. Сондықтан академияның Тұңғыш Президенті де өзі болды. Сол жылы ол КСРО Ғылым Академиясының академигі және КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. 1947 жылы Қ.Сәтбаев КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитет президиумының мүшесі болып сайланды. 1949 жылы Қазақ КСР Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі болып сайланды.

Қ.Сәтбаев Қазақстандағы ғылым мен индустрияның дамуына үлкен үлес қосты. Оның басшылығымен ғалымдар өндіріске үлкен практикалық көмек көрсетті. Ол Ғылым академиясын басқарып тұрғанда ядролық физика, математика және механика, гидрогеология және гидрофизика, мұнай және табиғи тұздар химиясы, химия-металлургия, тау-кен-металлургия, ихтиология және балық шаруашылығы, эксперименттік биология, экономика, философия және құқық, әдебиет және өнер, тіл білімі академиялық институттары ашылды.

Қаныш Имантайұлы Қазақстандағы металл тегін тану мектебінің негізін қалады.

1950 жылы Қ.Сәтбаевқа геология профессоры ғылыми атағы беріліп, КСРО Жоғарғы Кеңесіне 3-ші шақырылымда сайланды.

Осынша белестерден кейін ғалымның өмірінде қара жолақтар қайта пайда болды. Сол кездегі көптеген көрнекті қайраткерлермен бірге оған да түрлі мазмұндағы айыптар тағылды. Мәселен, 1951 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясынан бірқатар танымал ғалымдарды, жазушылар мен композиторларды шығарудан бас тартқаны үшін Қ.Сәтбаев Академия президенті және төралқасының мүшесі қызметінен босатылды. Мәскеудегі Ғылым академиясы басшылығының қолдауының арқасында ол ҚазКСР ҒА Геологиялық ғылымдар институтының директоры лауазымын сақтап қалды. Кейін барлық айыптаулар, соның ішінде Алашорда қозғалысының қызметіне қатысқаны туралы көрсетулердің бәрі алынып тасталды.

1958 жылы академик Қаныш Сәтбаев бастаған қазақстандық ғалым-геологтар Орталық Қазақстанның болжамды металлогендік картасын жасағаны үшін Лениндік сыйлыққа ие болды.

Қаныш Сәтбаев 1964 жылы 31 қаңтарда Мәскеуде қайтыс болды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста