Алаш үні

Бүкіл қоғам атсалыспаса, білім саласын түзеу бір министрдің немесе министрліктің қолынан келмейді...

  • Бүкіл қоғам атсалыспаса, білім саласын түзеу бір министрдің немесе министрліктің қолынан келмейді...

    Бүкіл қоғам атсалыспаса, білім саласын түзеу бір министрдің немесе министрліктің қолынан келмейді...

Кеше БжҒМ 2020-2025 жылдарға арналған білімді дамыту бағдарламасы мен педагог мәртебесі заңы талқыланды.  Талқылау барынша ашық пікір алмасу жағдайында өтті...
А.Аймағамбетов өзі министр болған жарты жылда министрлік атқарған жұмыстарға есеп берді десек болады ("Әттең-ай, Е.Сағадиев кетерінде осылай есеп тапсырып кеткенде-ші. Әсіресе, 2016-2019 жылдарда білім мен ғылымды дамытуға бөлінген қаржының қалай жұмсалғанына" деген ой мені мазалап отырды).

2019 ж. маусым айында біліктілік тестін тапсырған мұғалімдерден 20 мыңдай тиым салынған байланыс құралдары мен "шпор" табылыпты. Тест орталықтарын бейнекамералармен жабдықтап, бақылау күшейген соң қараша айында бұл көрсеткіш әлдене есе азайыпты.

Ал тест сұрақтары қайта сұрыпталып жатыр екен. 2020-2025 жылдарға жақсы жоспар жасалыпты. (Бірақ оның орындалуы жалғыз министрлікке байланысты емес, әрбір тиынның қайда жұмсалғанын қадағалап отыруға тиісті әрбір салық төлеушіге байланысты екенін жақсы білесіздер).

Жиынға шақырылған белсенділердің "айтарым бар" дегенінің бәріне айтуға мүмкіндік берілді. Сабақ үстінде аса белсенді оқушыларды түрлі әдістермен аздап тежеп, өзге оқушыларға айтуға мүмкіндік тудыру керектігі есіме түсіп, төрге таман отырсам да, әңгімеге көп араласпадым.

Нұр-Сұлтандық ұстаз Dana Rau "Мәртебені заңмен көтеру мүмкін емес, "Педагог мәртебесі туралы" заңның қажеті шамалы еді (Менің пікірім де осындай) деп, білім мазмұны мен оқу бағдарламасына тоқталды.

Айман Сағидулла (Алматы облысы) жеке меншік мектеп ашқан кейбір қалталылар еліміздің заңдарын белден басып, ашқан мектептеріне білімі мен өтіліне қарамай, сенімді адамдарын басшы етіп қоятынына министрдің назарын аударды (Шынында да мұндайға жол беруге болмайды. Осыны оқып отырсаңыз өз балаңыз немесе жақыныңыз оқитын мектептің басшылығында кімдер отырғанына назар аудара жүріңізші).
Осы тұста Аятжан Ахметжан өзі білетін бір білім орталығында бұрын "педофилия" үшін жауапқа тартылған адамның сабақ беретінін айтты (Айғайлаған жарнамаға сеніп, балаңды жібере салмай, алдымен тексеріп алған жөн).

Түркістандық Света Алпамысова мен Шымкент қаласы N:47 мектептің мұғалімі Бибайша Бейсетаева мектепте қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі мектепте қазақ әдебиетінің оқытылуындағы проблемаларды көтерді. Бибайшаның айтуынша, "Мектептегі Қазақ әдебиетінен 16-18 ғасырлардағы жыраулар поэзиясы түсіп қалған. Тарихы тек жыр-дастандарда сақталған қазақтың баласына тарихты қалай үйретеміз" деп сұрақты төтесінен қойды.
Ақмарал Шатемірқызы, әлде Мира Баракатқызы ма есімде қалмапты. Мектеп директорлары мен орынбасарларына түсетін салмақ жалақысына сай еместігі туралы мәселе көтерді. (Шынында да мұғалімдердің жалақысы жоғары болып, басшыларында аз болса ертең мектепті басқаратын адам таппай қалуымыз мүмкін-ау).

Ахметжан Аятжан "Нұрсұлтан қаласы Білім Басқармасы басшысың орны 4 айдан бері, Шымкент қаласы Білім Басқармасы басшысының орны 10 айдан бері неліктен бос тұр?" - деп министрге төте сұрақ қойды.

Басқармалар түгілі, жалақының аздығынан министрлік департаменттеріне басшы болуға ешкім келіспей, біраз уақыттан бері бос тұрған орындар бар" - деген министрдің жауабына өзгелерді білмеймін, өз басым қанағаттанбадым. Министр Дана Смақованы бас мамандыққа тартса, 2-3 айда министрліктің Бастауыш және орта білім Депарментіне дайын басшыны өзі тәрбиелеп алған боп шығар еді. Министрдің аузынан шыққан "Кадрлар резерві" дегеніміз сол ғой.

Шымкент қаласы Білім Басқармасы басшысының орны істейтін адам табылмағандықтан бос тұр ма? Онда неге бірнеше орынбасар кезектесіп "ИО" боп жүр? Сөйтіп жүріп, біреуі істі боп кетті... 18 жылдан бері сол жердің отымен кіріп, күлімен шығып жүрген Айгүл Қалыбайқызының алдына тосқауыл болып жүрген қай дөкей болды екен?-дегенді ешкімге айтпай, іштей ойлап отырдым).

Ғалым-ұстаз Мырзантай Жақып "Түрлі министрліктер жасаған бағдарламалардың бір бірімен үйлеспейтінін айта келіп, "Серпін" бағдарламасындағы ескерілмей қалған жағдайларды қадап айтты (#Түркістаннан_теріскейге деп шапқылап жүрген мен үшін бұл жағдай жақсы таныс. БжҒМ, Ақпарат және қоғамдық даму, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері жиналып, бағдарламаларын сәйкестендіріп алуы керек-ақ).

Түркістандық Жансая Шорабекова мектепте сауатсыз мұғалімдердің көбейіп кеткеніне тоқталды. 

"Сіз болып, біз болып "Педагог мәртебесі туралы" заңды қабылдаттық қой" деп кәсіподақ өкілі сөзін бастағанда, жиналған жұрт бір жымиып, көңілдері көтеріліп қалғандай болды.

Ал мен осымен тоқтайын. Елімізге белгілі белсенді ұстаздар Аятжан Ахметжан, Мейіржан Темірбек, Сұлтан Сүлеев өз парақшаларына жаза жатар.

Бірақ "Мынадай қансонардан" менің үнсіз қайтқаныма бәрібір сенбейсіздер ғой, иә. "Біреу сөзіңді сөйлеп жатса, аузың қышып бара ма?" - дегендей, көкейдегі сөздің бәрі айтылды.

Жиынға қатысушылардың есіне министр айтқан "Тестке тыйым салынған зат алып кірген 20 мың мұғалімді" түсіріп, "Сайлауда бір мұғалім дауыс ұрласа, Білім министрінен бастап, осы отырған бәріміз былғанамыз. Сайлауда дауыс ұрлау жаңа шыққан заңда көзделген "Педагог әдебімен" қаралатын жәй әдепсіздік емес - #қылмыс. Заңға қосымша қабылданатын нормативтер мен подактілерде осы мәселе көрініс табуы тиіс" - деп жалғыз ауыз тілек айттым.

PS.: Министр А.Аймағамбетов жұмыс істеуге және ең маңыздысы ашық істеуге дайын команда жасақтап біткен секілді.
Бірақ бүкіл қоғам атсалыспаса, білім саласын түзеу бір министрдің немесе министрліктің қолынан келмейді. Тағдырың өз қолыңда, қазақ!

Өз ойымызды үлкен трибунадан ашық айтуға мүмкіндік тек Асхат Аймағамбетов министр болғалы туғанын мойындауымыз керек. 2019 жылдың маусым айынан бері бірнеше рет белсенді ұстаздарды осылай жинады. Сол үшін өз алғысымды білдіргім келеді.

Вице-министріміз Шолпан Кариновамен бір тікелей эфирде қатысқанбыз. Екеуміз соны еске түсіріп алдық. Шолпан ханым ашық-жарқын жан екен. Қаттырақ кеткенімді көңіліне алмауын өтіндім.

Министрлік пен қоғам арасында дәнекер болып жүрген Ерболат Мұхамеджан бауырымыздың атын атамай кетуге болмайды. Қысқасы, жиын жоғары деңгейде өтті. Дегенмен, босаңсуға болмайды. Алдымызда қыруар шаруа тұр.

Өмір Шыныбекұлы
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 539    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.01.2020, 12:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    31 Қаңтар, 12:43
    Бір видеоның «сыры»...
    28 Қаңтар, 11:06
    Мағауин мифі
    6 Қаңтар, 14:50
    28 жыл бойғы құпия
    26 Желтоқсан 2019
    Абай бай болған ба?
    23 Желтоқсан 2019
    Қажымұқанды жеңген қазақ
    23 Желтоқсан 2019
    Абайдың саяси қызметі
    12 Желтоқсан 2019
    Желтоқсанның батырлары

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29