Алаш үні

Бұл – миллиондаған қазақ пен орыстың тарихи танымын қорлау – Мұхтар Құл-Мұхаммед

  • Бұл – миллиондаған қазақ пен орыстың тарихи танымын қорлау – Мұхтар Құл-Мұхаммед

    Бұл – миллиондаған қазақ пен орыстың тарихи танымын қорлау – Мұхтар Құл-Мұхаммед

Сенатор, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Ресей Федерациясы Думасының депутаты Вячеслав Никоновтың арандатушылық сөзіне қарсы пікір білдірді.

Өз пікірінде сенатор қазақ халқының тарихы тым тереңде жатқанын, оның ішінде ата-бабаларымыздың ежелден Солтүстік Қазақстанды қоныс еткенін айтқан.

«Ерте замандардан бері қарай аталған жерлерді қазақ тайпалары жайлағаны - басы ашық ақиқат. Дәл осы жерде біздің заманымызға дейін үшінші мыңжылдықта өмір сүрген атақты ботай мәдениетінің қоныстары табылды. Ботайлықтар жабайы жылқыларды қолға үйреткен, жылқы шаруашылығымен және әртүрлі кәсіппен айналысқан. Ғасырлар мен мыңжылдықтар бойы осы далада біздің тікелей бабаларымыз - сақтар, ғұндар, түркілер, қыпшақтар мен қазақтар құрған мемлекеттер бірін-бірі алмастырып отырды», - дейді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Сонымен қатар Сенат депутаты қазақ даласында Түркі қағанаты, Дешті-Қыпшақ, орта ғасырдағы даңқты мемлекет - Алтын Орда, Қазақ хандығы туын тіккенін және бүгінгі Қазақстан осы елдердің заңды жалғасы екенін дәлелді жеткізген.

«Алтын Орданың негізін қалаған Жошы хан - Керей мен Жәнібектен Абылайға дейінгі барлық қазақ хандарының атасы. Жошы ханның мазары Ұлытауда, Орталық Қазақстанның аумағында орналасқан. Алтын Орда ыдырағаннан кейін 1465 жылы Қазақ хандығы құрылды. Оның 550-жылдығын 2015 жылы Қазақстан мемлекеттік деңгейде атап өтті. Міне, дәл осы хандық Ресеймен достық қарым-қатынас орнатқан. Бұл туралы ресейлік ғалымдар жан-жақты зерттеулер жасаған», - деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Сенатор бүгінде Қазақстан мен Ресейдің арасында үлгілі байланыс орнағанын да атап өткен.

«Қазіргі таңда Қазақстан мен Ресейді стратегиялық серіктестік, мәңгілік достық туралы келісім және одақтастық, жеті жарым мың шақырымнан астам шекара, ең бастысы - азаматтарымыз бен халықтарымызды көзге көрінбес берік жарасым байланыстырып тұр», - деді сенатор.

Сондықтан, Тәуелсіздік күні қарсаңында айтылған Вячеслав Никоновтың сөзі халқымыздың ашу-ызасын тудырғанын айтты.

«Бұл - саяси жауапсыздық қана емес, берік достық қарым-қатынас орната білген миллиондаған қазақ пен орыстың тарихи танымын қорлау. Мен үшін де және миллиондаған қазақстандық үшін де орыс пен қазақ халқы арасындағы достықты сақтаудың маңызды екені айқын. Әсіресе, айыптаулар мен арандатушылық мәлімдемелерге жол беруге болмайды», - деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

aikyn.kz




Көрілген: 7569    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.12.2020, 01:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 13:38
    Кремльдегі жайнамаз
    16 Қаңтар, 17:48
    Баяу Мұса....
    13 Қаңтар, 13:03
    Бір суреттің тарихы...
    5 Қаңтар, 00:04
    Асық ату архаизм бе?
    18 Желтоқсан 2020
    Қыздардың көз жасы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31