Алаш үні

Бұл – Тәуелсіздікке, мемлекетімізге, ұрпағымызға деген құрметіміз

  • Бұл – Тәуелсіздікке, мемлекетімізге, ұрпағымызға деген құрметіміз

    Бұл – Тәуелсіздікке, мемлекетімізге, ұрпағымызға деген құрметіміз

Егеменді еліміздің бүгінгі даму қарқыны әлемнің алпауыт мемлекеттерінің өзін таңғалдырып отырғаны шындық. Бұл – Елбасының ерен еңбегінің арқасы. Елбасы қандай мадаққа да лайық. Елімізде қажет­ті нәрсенің бәрі: азамат­тары­мыз­дың жоғары интел­лектуалды қабі­леті, нарықтық экономика, қоғам­дағы тұрақтылық пен келісім де бар. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасында Қазақстан әлемдік деңгейдегі мемлекеттермен тең дәрежеде байланыс орнатуға қол жеткізді. Қазақстан халқы ішкі бірлігінің беріктігімен мақтана алады. Сонымен бірге, Қазақстан халқы татулығының арқасында өзге елдерге үлгі болып отыр. Тәуелсіздік жылдары біз бұрын өзге мемлекеттер жүз жылда жете алмайтын жеңіске қол жеткіздік. Қазақстанды әлем бейбіт бағыт ұстанатын, уәдеге берік, қарыштап алға дамып келе жатқан мемлекет деп біледі.

Елбасының Отан үшін, ел үшін, әрбір азамат үшін жанын салып, күн-түн демей аянбай еңбек еткенін білеміз. Сол үшін де тұңғыш Елбасымызды бүкіл халық сыйлайды, құрметтейді. Елбасына деген ел сүйіспеншілігі жоғары, оған халық үлкен сенім артып келді. Мұны күн сайын сезіп те, көріп те жүрдік. Ел басқарып, ел-жұртын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттыр­май бастап алып келген Аза­матқа қандай атақ беріліп, қандай мадақ айтылса да жарасымды.

Сонымен қатар күні кеше Астана қаласына Nursultan есімі берілді. Қала атауын өзгертуді дұрыс шешім деп есептеймін. Елбасымыз – халықтың сүйікті перзенті, Ұлт көш­басшысы. Оны дә­лелдеп жатудың өзі артық

Біз қасиетті жеріміз үшін қан төккен ата-бабаларымызды қадір тұтамыз. Ал заманауи өмірде Қазақстанның тәуелсіздігі үшін күрескен, мемлкетіміздің негізін қалаған, әлемдік аренаға Отанымыздың атын шығарған, әрине, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы. Біздің міндетіміз оның қайраткерлігін ұлықтау. Бұл біздің тәуелсіздікке, мемлекетімізге, ұрпағымызға деген құрметіміз деп түсінген жөн.


Болат ОСПАНОВ,

Алматы қаласы Мәслихатының депутаты


 




Көрілген: 1329    Пікірлер: 0

жұма, 22.03.2019, 21:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 16:41
    Абай іздеген ұлт бақыты...
    4 Қыркүйек, 11:47
    Г.Бельгер: "Оян, қазақ!"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31