Алаш үні

Бұл ауыл еңбеккерлерін қолдау емес, қанау...

  • Бұл ауыл еңбеккерлерін қолдау емес, қанау...

    Бұл ауыл еңбеккерлерін қолдау емес, қанау...

Ел экономикасының ең негізгі саласының бірі -- ауыл шаруашылығы.

Өкінішке орай азық--түлік қауіпсіздігінің стратегиялық маңыздылығын толық сезіне алмай келеміз. Соның салдарынан ауыл шаруашылымен айналысатын сала еңбеккерлеріне билік тарапынан кешенді көмек көрсетілмей жатыр.

Ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында құрылған "Каз--агро" ,"Ауыл шаруашылығын қолдау қоры " секілді құрылымдардың жұмыс істеу механизмінде кемшіліктер бастан асады. Мысалы: ауыл шаруашылығы техникаларының бағалары зауыттан шаруа қожалығына жеткенше екі есеге қымбаттап кететіні мүлде ақылға қонбайды. Бұл ауыл еңбеккерлерін қолдау емес, қанау болып табылады.

Шағын шаруа қожалық иелеріне жеңілдетілген кредит алу да, дүниенің қияметі. Жоғарыдағы экспедитор болып табылатын құрылымдар тарапынан түрлі бюрократиялық кедергілерге тап болады. Қиындатылған қағаз тасқыны, залогқа қойылған мүліктің тым төмен бағаға бағалануы секілді толып жатқан кедергілерді айтуға болады. Тауы шағылған ауыл баласының осылардан кейін кредит алып шаруасын өркендетуден жолы кесіледі. Егер өкімет осы мәселелерге оң көзқараспен қарап қолдау көрсетер болса ауылда қалып нақты іспен айналысқысы келетін қабілетті жастар баршылық.

Бізде ауыл шаруашылығына бөлінген қаражаттардың барлығының пайдасын алпауыт "Агро--Холдингтер" ғана көріп отыр. Ал,олардың арғы жағындағы жасырын қожайындары Кулагин,Божко, т.б.ірі шенеуніктер екені айтпаса да түсінікті.

Биылғы жастарды қолдау жылы ауыл жастары назардан тыс қалмауы тиіс.

Олардың нақты кәсіппен айналысуына, туған жерге ту тігіп өзін дәлелдеуіне биліктің қамқорлығы, кешенді жоспары қажет.

Парламент төріндегі дәрменсіз депутаттар мен сенаторлардың ауыл шаруашылығына берілетін кредиттерге шүйлігуі ауылға деген жанашырлықтың тым төмен деңгейде екенін көрсетеді. 


Аманжол Әлтай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1167    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.10.2019, 14:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қараша, 15:30
    ҚАЗАҚ ҚҰЛ БОЛМАҒАН…
    28 Қазан, 12:48
    УӘДЕ ДЕГЕН НЕ?
    19 Қыркүйек, 16:41
    Абай іздеген ұлт бақыты...
    4 Қыркүйек, 11:47
    Г.Бельгер: "Оян, қазақ!"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30