Алаш үні

«Бұл жолғы қымбатшылықтан экономикалық коррупцияның иісі сезіледі» - қоғам белсендісі

  • «Бұл жолғы қымбатшылықтан экономикалық коррупцияның иісі сезіледі» - қоғам белсендісі

    «Бұл жолғы қымбатшылықтан экономикалық коррупцияның иісі сезіледі» - қоғам белсендісі

Үкімет ет, бидай, жоғары сортты өсімдік майы секілді сұранысқа ие өнімдерді Қытай мен Ресейге еселеп экспорттап, бағаның өсуіне өздері мұрындық болып отыр.

Ардагер дәрігер әрі қоғам белсендісі Нұрлыбай Қошаманұлы да елді тығырыққа тіреп отырған қымбатшылықтың қолдан жасалып отырғанын айтады. Оның ойынша, Үкіметтің ет, бидай, жоғары сортты өсімдік май, жылы жайларда өндірілген табиғи көкөністер мен өзге де сұранысқа ие өнімдерді Қытай мен Ресейге шектен тыс экспорттауынан баға көтеріліп отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Біз неге дабыл қағамыз? Аграрлы ел болып саналатын Қазақ мемлекеті осыншалық жер асты және жер үсті байлықтары мол бола тұра бүгінгі 19 миллион тұрғынның ішпек - жемегін қазірдің өзінде қолжетімді етіп қамдай алмай отырған жәйі бар. Тұрмысы төмен отбасылардың қыс пен көктемде тамақтан тарығып жүргені де айдай ақиқат. 

Оның үстіне бізде азық-түліктің бағасы жыл он екі ай біркелкі емес, көктемде баға бір көтерілсе, күзде екінші рет көтеріледі. Келесі жылы жаңа жылдан соң жаңа баға тағы белгіленеді. Әлеуметтік тағамдардың өзі ай сайын сан құбылады. 

Халқымыз осылай ала-құла, кедейшілікте тіршілік кешіп отырса да Үкімет ет, бидай, жоғары сортты өсімдік май, жылы жайларда өндірілген табиғи көкөністер мен өзге де сұранысқа ие өнімдерді Қытай мен Ресейге тағы да еселеп экспорттап, бағаның өсуіне өздері мұрындық болып отыр. Оның үстіне жыл сайын егіс алқаптарының (картоп, қызылша, сәбіз, бұршақ тұқымдас, т.б) көлемі де қысқарып, бұл өз кезегінде ішкі нарықтағы азық - түлік тапшылығына әкелуде", - деп ол өзінің facebook парақшасында.

Сонымен қатар ол азақ-түлік саласы ең басты назарда болатын дүниелердің бірі екенін айтады. 

"Азық-түлік қауіпсіздігі – кез келген мемлекеттің экономикалық саясатындағы басым бағыттардың бірі. Біз қазіргі кезде азық-түлік қауіпсіздігі қаншалықты сақталып отырғанын да білмейміз. Қоймаларда қанша резерв қалды тағы белгісіз? Былтыр мәселен астықтың аз жиналуы  ұн мен нан өнімдерінің қымбаттауына себеп болды. Биылғы 2021 жылғы жағдайымыз тіптен ауыр. Оның үстіне баға шарықтап, даланы қуаңшылық жайлап, мал жұты тағы қосылды. Табиғат ананың алдағы уақытта қалай құбылатынын да ешкім білмейді.

Қазақстан Үкіметі тек қана Қытайдың пайдасына жұмыс жасап келген (оның ішінде 56 заводы тағы бар) бір жақты экономикасын өзгертуге әрекет етпесе, елімізде басталған саяси, экономикалық дағдарыс дендеп, халықты әлеуметтік ауыр кезеңдерге әкеледі. Ал Қытайдың түп көздегені де осы. Қытай үшін Қазақстан бар болғаны "отарлау ошағы" ғана. "Бүлінген үйден бүлдіргі алма" дейді атам қазақ, енді міне өзі қалт-құлт етіп отырған Қазақстаннан ҚХР астық, бақша өнімдерін жаппай сатып алуға көшті. Стратегиялық астық, азық-түлік қоймалары кімінің меншігінде?

Бұл жерде мемлекетіміздің негізіне қауіп әкелетін Экономикалық Коррупцияның иісі сезіледі. ҰҚК назар аударатын мәселе", - деп атап өткен жазба авторы. 




Көрілген: 2587    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.06.2021, 13:55

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30