Алаш үні

Бұлайша қазақ ұлтынан, жерімізден айырыламыз: Саясаттанушылар төлқұжатқа "қазақ" немес "қазақстандық" деп жазу туралы

  • Бұлайша қазақ ұлтынан, жерімізден айырыламыз: Саясаттанушылар төлқұжатқа

    Бұлайша қазақ ұлтынан, жерімізден айырыламыз: Саясаттанушылар төлқұжатқа "қазақ" немес "қазақстандық" деп жазу туралы

Қазақ болу үшін қазақ болып туылу керек пе? Төлқұжатта ұлтты көрсетпеу ұлтымыздан айырылуға әкеп соқпай ма? Соңғы күндері қоғамда қызу талқыға түскен бұл тақырыпты саясаттанушылар мен жазушы, демографтар талқылап көрді. Бір тарап бұл ұсыныстан біржола бас тартуды алға тартса, бірі мақұлдайтынын айтты.

Бұл туралы "Неге?" ток-шоуында айтылды.

 
Айта кетейік, өткен аптада Қазақстан халқы ассамблеясында өзге ұлт өкілі төлқұжатқа өздерін "қазақ" деп жазуды елбасыға ұсынған еді. Кейіннен Ассамблея төрағасының орынбасары қызметіне кіріскен Майя Бекбаева төлқұжатқа "қазақстандық" деп жазу керек деген ұсынысын айтты. Бұған бір топ қоғам белсенділері қарсы болды. Қолдайтындар да табылды. 

Қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты, кәсіпкер Мұхтар Тайжан өзге ұлттардың, Қазақстанда тұратын барлық азаматтың төлқұжатына "қазақ" деп немесе "қазақстандық" деп жазуға мүлде қарсы. 

"Бізде бір кездері қазақты қазақстандық ету мақсаты болды. Мен о бастан бұған қарсымын. Бұл шатастыру мақсатында жасалған. Еліміздегі барлық өзге ұлт қазақ болса, қазақтың қаншау екенін қайдан білеміз? Мынау нағыз қазақ, мынау кеше ғана болған қазақ, мынау өзге ұлт өкілінің ішіндегі қазақ деп танимыз ба? Олар қазақ болған соң құқығы да қазақпен бірдей болмай ма? Олар "сен тұр, мен айтайынға" келмей ме? Себебі сен де, мен де, ол да қазақ болып тұр. Бұның астары жай ғана қазақ бола салу емес, астарында саясат жатыр. Мен мүлде қарсымын. Қазақ қана қазақ бла алады. Неміс, өзбек, ұйғыр қазақ болмауы керек. Оларға ешқандай мүмкіндік бермеу керек. Қазақтың өзін қазақ қыла алмай отырғанда өзге ұлттар қайдан шықты? Қазақтың өзі қазақша сөйлемей, дініміз жүзге бөлініп, тіліміз үш тілге бөлініп, орыстанып отырғанда басқалар қалай қазақ болады? Алдымен өз ішімізде тәртіп керек. Жоғарыдан бастап ұлттық идеологияға жұмыс істеу керек. Қазақ тілінде сөйлеуге міндеттеу керек", - деді Мұхтар Тайжан. 

Тайжанның айтуынша, еліміздегі Қазақстан халықтар ассамблеясын мүлде тарату керек. Себебі, оның қазаққа берер ешбір пайдасы болған емес, болмайды да. 

Жас саясаттанушы Ернұр Молдашев Мұхтар мырзаның пікіріне қайшы. Себебі барлық ұлтты қазақтандыру үрдісіне жүгіну керек. 

"Бұл ретте қазақ болуға деген сұраныс жоқ. Өзге ұлттың бәрі қазақ болғысы келіп отырған жоқ. Себебі қазаққа, қазақ тіліне басымдық жоқ. Сондықтан бәрі бірдей қазақ болады деп ойламаймын. Болған күннің өзінде бұдан саясат іздеп, қауіптенудің керегі жоқ. Бұған тек ассимиляция деп қарау керек. Бұл өзге елдің де, өткен күннің де тәжірибесінде болған. Сіздер айтып отырған қауіп қазір де бар. Оған қазақ болудың қатысы жоқ", - дейді ол. 

Ернұрдың сөзін демограф, саясаттанушы Әзімбай Ғали да қостады. 

"Бұл үрдіс бұрын да болған. Өткен ғасырларда ноғай да, қырғыз да, жоңғар да, басқалар да қазақ болып кетті. Қазір оларды бөліп-жара алмайсың. Сондықтан өзге ұлтты да қазақ деп жазсақ, ұлт ассимиляцияланады. Бұл тәжірибеде бар. Мен қарсылық білдірмеймін", - деді.

Жазушы Мырзан Кенжетай қазақ қана қазақ деп жазулы тиіс дейді. Ол қазақстандыққа да, қазаққа да қарсы. 

"Батыс Қазақтанда қырғыздар тұратын ауыл бар. Олар бұрын қырғыз деген ру болған. Өздерін қазақпыз, оның ішінде қырғыз деген румыз дейтін. Кезінде қазаққа қосылып қазақ болып кеткендер. Қазір ру емес, ата-бабамыз қырғыздар еді. Біз олардың ұрпағымыз деп жүр. Ассимиляцияның көрінісі. Неміс немесе өзбек қазақ болмайды. Өзбексстанда, басқа көрші елде дәл осындай таұқырып талқыланбайды. Оларда бір ғана тіл, бір ғана ұлт. Біз ғана қазақ боламыз ба, қазақстандық боламыз ба, өзге ұлттар қазақ бола ма деп жүрген. Бұл қазақты жою. Мұхтар Мағауин кезінде айтқан "Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері ұлтты жою мақсаты тұр" деп. Сол бекер емес. Қазақ қызын алып жатқан қытайлар махаббатпен үйленіп жатыр ма? Қазақтың тіліне, дініне, тарихына қызығып үйленіп жатыр ма? Оларға азаматтық керек. Қазақтың байлығы, жері керек. Оларда мақсат бар. Біз оларға мүмкіндік бермекпіз бе?", - деді жазушы. 

Мұхтар Тайжан қазір бұрынғы ғасыр емес екенін алға тартты. Әлемдегі барлық соғыс ұлтаралық қақтығыстан туады дегенді айтады.

"Әлемдегі барлық соғыс ұлтаралық қақтығыстан туған. Бұған жол бермеу керек. 21-ғасырдың өзінде өзге елде соғыс болып жатыр. дамыған заман деп қарамайық. Өзге ұлт қазақ болған соң жерді сұрайды. Басқаны сұрайды. Оған мүмкіндік беруге мүлде болмайды. Басқа елде азаматтық алу үшін қанына қарайды. Қан туралы карта бар. Себебі қан тазалығы деген бар. Не себепті Германия немістерді ғана қабылдап жатыр. Неге Қазақстанның қазақтарына Германияның азаматтығын беріп қоймайды? Қазақстан азаматтығын беру үшін қазақтың тілін, тарихын білуді міндеттеу керек. Ниет болса, адам тілді де, тарихты да оқиды. Азаматтық, ұлт дегенге қатаң қарау керек", - дейді саясаттанушы. 




Көрілген: 4178    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.11.2020, 13:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қаңтар, 17:48
    Баяу Мұса....
    13 Қаңтар, 13:03
    Бір суреттің тарихы...
    5 Қаңтар, 00:04
    Асық ату архаизм бе?
    18 Желтоқсан 2020
    Қыздардың көз жасы
    31 Қазан 2020
    Ту туралы түйткіл
    8 Қазан 2020
    Ақылдың кені
    21 Қыркүйек 2020
    Ол махаббат əні еді!
    11 Қыркүйек 2020
    Ташкентте болған той

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31