Алаш үні

Бізде коронавирус пен жемқорлық – ажырамас дос!

  • Бізде коронавирус пен жемқорлық – ажырамас дос!

    Бізде коронавирус пен жемқорлық – ажырамас дос!

Егеменді ел болып, есімізді жинағалы бері біз әлі күнге қоғамымызда бар бір үлкен дертпен күресіп келеміз. Ол жегі құрттың тура өзі – жемқорлық!

Адам өлтіру ауыр қылмыс болса, мен үшін ең сорақысы осы жемқорлық. Осының кесірінен көптеген елдер батпаққа батқан көліктей, не алға жылжуға, не кері айналып өтуге еш мұршасы жоқ.

Мына коронавирустық пандемия кезінде көп нәрсенің беті ашылғандай болды. Кейіндері тіпті, ауру дендеп, халықтың көпшілігі науқастанып, бейбіт заманда қанша азаматтарымыздан айрылып қалдық. Шетел мамандары біздегі жағдайды «ерекше» пневмония деп, әлек болды. Белгілі болғандай, бұл кәдімгі коронавирус. Ашық айтқанда, жемқорлықтың басынып, өз шегіне жетуі еді.

Жемқорлыққа көнгіштігіміз қаншама адамдардың өліміне, үлкен қиындықтарға әкелді. Қырылып қала жаздадық. Дәрі-дәрмектің тапшылығы және бағаның ушығуы, науқастардың уақытылы емханаға жатқызылмауы, қажетті нәрселердің негізсіз қымбат бағаға сатылуы – бұл өзеннің бергі жағасы ғана. Арғы жағында одан да қорқынышты көріністер.

Жемқорлыққа қатысты іс-әрекеттерге өте қатаң шаралар қолданылуы керек. Оның жазасы ауыр болып, еш аяушылық болмауы тиіс. Билікте отырған қандай шенеунік болмасын, байлығы тасыған қандай дөкей болмасын, мына жемқорлыққа қатысы бар әр азамат өте қатал түрде жазасын алуы керек.

Бұл жерде заңның күші мықты болуы шарт. Заңмен тәртіп реттеледі. Тәртіп бар жерде ғана жарқын болашақ қалыптасады.

Көк байрағымызда көкке самғаған бүркіттің бейнесі біздің арман-мақсатымызды айқындайды. Ал сол бүркіттің қанатын кең ашып, еркін самғауына кедергі ететін – осы жемқорлық. Мұны жеңбей, еш ісіміз оңбайды. Ол түгіл жемқорлық ұлттық қауіпсіздігімізге үлкен қауіп төндірмек.
Жемқорлық алған адаммен шектелмейді, берген адам да барып тұрған қысмыскер. Әрине, алғаны мен бергені болсын, бұларың аспаннан салбырап түспейді. Олар біздің ортамыздан шығып отыр. Барлығы да біздің аға-көкелеріміз, ұл-қыздарымыз, өз азаматтарымыз. Кішілері үлкенінен үлгі алып, ал үлкені арам пиғылына ерік берген заман.

Мұны қазір алдын алып, шорт кесіп доғартпасақ, келешек ұрпақ та осылай болып қалыптасады. Балапан ұядан нені көрсе, ұшқанда соны іледі. Тұрған жерден кенет саналы ұрпақ пайда бола кетпейді. Бұл ертегіде ғана болады. Қазірдің өзінде жас бүрдіршіндеріміз, студент пен оқушыларымыз жемқорлық дегенде жиіркенетіндей болуы керек.

Жалпы қарасақ, бұл кесел жоқтықтан туындайды. Ал жоқтықты туындататын үкімет тарапынан бөлінетін қаражат болсын, көмек болсын, әр нерсе өз діттеген жеріне жетпеуі. Халықтың тұрмысы жақсаруы керек.

Үкімет ешкімді елеусіз қалдырмайды. Әр салаға жыл сайын қомақты қаражат бөлінеді. Мемлекеттік бағдарламалардың басым бөлігі тура тұрғындардың тұрмысын жақсартуға бағытталған. Алайда, көп жағдайда тиесілі нәрсенің өз жеріне жетпеуі, арада талан-таражға кетуі халықтың тұрмысын нашарлатады. Бұл барып тұрған опасыздық.

Абайдың мерейтойын атап өтіп, Ұлы ақынның өлеңдерін жатқа айтып, түрлі челлендждер өткіздік. Бірақ, біз Абайдың айтқанын, тіпті, болмасын бір ақылын жөнді орындасақ, Ұлы ақынның рухы марқайып қалар ма еді. Басымызға туа біткен Абай біз қалай ел боламыз деп қаншама ұйқысыз түндер өткізген болар.

Біздің халық талай қиындықтарды өткеріп, көп нәрсеге шыдап келді. Біз өте шыдамды халықпыз. Біздің әр шаңырақта «біреудің ала жібін аттама, біреудің ақысын жеме» деген қағида міндетті түрде айтылатын. Біз батамен үлкендердің алғыс-тілегін алатын едік. Мұның барлығы ешқайда кете қойған жоқ.

Ауруын жасырған ауырмай өледі демекші, қақсап тұрған жерімізді ашық мойындауымыз керек. Бұл бір. Екіншісі оны заң түрінде өте қатал жазалау қажет, тіпті өлім жазасына дейін... Ұсталған жемқор алғанын түгел қазынаға қайтарып беріп, ақша төлеп құтылуына еш мүмкіндік бермей, өмірінің соңғы уақытына дейін түрмеге қамау қажет. Жемқор нағыз қылмыскер. Ол өз халқына жаны ашымаған адам. Өз пайдасын жоғары қойған адамнан еш нәрсе өңбейді.
Жемқорлықтың көптеген көріністері бар. Оны тізбелеп отыру көп уақытты алмақ. Жемқорлық – ата-бабаларымыздан мұра болып келген дүние емес. Бұл бізге жат нәрсе. Сондықтан, оны жеңу, тамырымен жұлып алу – қолдан келетін іс.

Біз қанша уақытты құр бос өткізіп алдық, осы уақытта жемқорлық тамырын жайды, коронавирус секілді қанша азаматтарымыз отбасымен бірге оны жұқтырып та үлгерді. Дегенмен, қандай ауру болмасын, оны емдеуге болады. Қажет болса күштеп емделеді де.

Қаншама ақын-жазушыларымыз «жарқын болашақ» жайлы ұрандатып, үміт етеді. Оған қол жеткізудің жолы – жемқорлықты жығып, дәуренін жүргізбеу.

Бізге әзір айға ұшудың, дамыған ел боламыз деп шетелдің ұстанымдарын ендірудің еш қажеті жоқ. Алдымен, бізде өршіп тұрған жемқорлықты ауыздықтау. Осыны орындасақ, расымен одан да көркейіп шыға келеміз. Және бұл ғажайып нәрсе емес, бұл қарапайым заңдылық.
Ләйім солай болғай.

 

Төрегелді Шарманов,
Академик.

Abai.kz




Көрілген: 490    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.08.2020, 13:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қазан, 10:30
    Ақылдың кені
    6 Қазан, 10:30
    АЛТЫН ОРДА АҚИҚАТЫ
    1 Қазан, 10:39
    ЖҰМАТАЙДЫҢ ЛӘЙЛАСЫ
    22 Қыркүйек, 15:31
    Қалай жазғанымыз дұрыс?..
    21 Қыркүйек, 10:27
    Ол махаббат əні еді!
    11 Қыркүйек, 08:53
    Ташкентте болған той
    7 Қыркүйек, 10:27
    Қазақтың қайсар Қасымы
    24 Тамыз, 15:32
    Атасының баласы...
    25 Шілде, 11:21
    Алтын кілт
    10 Шілде, 15:16
    Әуезов Америкада
    30 Маусым, 10:29
    Ұлы империя мұрагері

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31