Алаш үні

Бізге қазақ тілінде сөйлейтін Парламент керек!

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Бүгін президент Тоқаев Парламент сайлауының күнін белгіледі. Ол &ndash 2021 жылдың 10 қаңтары! Сол күні Парламенттің төменгі палатасы &ndash Мәжіліс пен өңірлердегі Мәслихаттар ауысады.

 

Бұған дейін Парламент сайлауына қатысты ел ішінде әртүрлі болжамдар айтылды. Әлеужелідегі әжік-гүдік әңгімелерге салсақ, бұл сайлау былтыр өтуі керек-ті. Саяси сарапшылардан тартып, желідегі жұрт: «Президент сайлауынан соң, іле-шала Парламент сайлауы өтеді», - деп болжаған.

 

Рас, Парламент сайлауы мерзімінен бұрын өтуі де мүмкін еді. Өйткені, осыған дейін бірнеше мәрте кезектен тыс Парламент және Президент сайлауларын өткізген едік. Бірақ, олай болмай шықты. Оған бірнеше фактор әсер еткені түсінікті. Соның бірі &ndash экономикалық-әлеуметтік «дағдарыс» болса, екіншісі - 2019 жылғы Президент сайлауынан соңғы шу. Сол сайлаудың гуілі күні бүгінге дейін естіліп келеді. Ол бөлек әңгіме...

 

Тәуелсіздіктің 29 жылында Қазақстанда 7 рет Парламент сайлауы өткен екен. Және оның 5-еуі кезектен тыс өткен. Қаңтардағы сайлау 8-ші сайлау.

 

Қазір Мәжілісте 6-шы шақырылым депутаттары отыр. 2016 жылдың наурызында кезектен тыс Парламент сайлауына 6 партия тіркеліп, 3-еуі Мәжіліске өткен. Ал экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын «Нұр Отан» партиясы сол сайлауда 82,15 пайыз дауыс иемденген. Осы Мәжілістің өкілеттігі 2021 жылдың 25 наурызында аяқталуы тиіс.

 

Заң бойынша сайлау Мәжіліс өкілеттігі аяқталардан 5 ай бұрын белгіленіп, 2 ай бұрын өткізілуі керек. Ал Мәжіліс сайлауын белгілеу құқы &ndash ҚР Президентіне берілген! «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 85 бабы, 2 тармағы солай дейді.

 

2007 жылдан бастап Мәжіліс партиялық тізім бойынша жасақталады. 107 депутаттан тұрады. Оның 9-ы Ассамблея дейтін ұйымнан.

 

Сонымен, сайлаудың «старты» берілді. Науқан басталады. Қаңтарда Мәжіліс құрамы ауысады. Жоғарыда айттық, науқаны бүгін басталып, келер жылы өтетін бұл жолғы сайлауға қатысты түрлі болжамдар айтылды.

 

Қазір енді 6-шы шақырым депутаттары өз жұмыстарын қорытындылайды. Сөйтіп, сайлауды тосады. Ал осы шақырылымда кімдер депутат болды? Міне, қараңыз:

 

Владислав Косарев &ndash биыл 83-те (зейнет жасында).

 

Қуаныш Сұлтанов &ndash биыл 75-те (зейнет жасында).

 

Тұрғын Сыздықов &ndash биыл 73-те (зейнет жасында).

 

Бақтықожа Ізмұхамбетов &ndash биыл 72-де (зейнет жасында).

 

Владимир Божко &ndash биыл 71-де (зейнет жасында).

 

Қабиболла Жақыпов &ndash биыл 71-де (зейнет жасында).

 

Гүлжан Қарақұсова &ndash биыл 70-те (зейнет жасында).

 

Жексенбай Дүйсебаев &ndash биыл 70-те (зейнет жасында).

 

Шаймардан Нурумов &ndash биыл 70-те (зейнет жасында).

 

Серік Үмбетов &ndash биыл 70-те (зейнет жасында).

 

Сауытбек Әбдірахманов &ndash биыл 69-да (зейнет жасында).

 

Жанат Жарасов &ndash биыл 69-да (зейнет жасында).

 

Ахмет Мурадов &ndash биыл 69-да (зейнет жасында).

 

Абай Тасболатов &ndash биыл 69-да (зейнет жасында).

 

Бақытжан Ертаев &ndash биыл 68-де (зейнет жасында).

 

Ерсұлтан Бектұрғанов &ndash биыл 68-де (зейнет жасында).

 

Байділдә Жылқышиев &ndash биыл 68-де (зейнет жасында).

 

Асқар Базарбаев &ndash биыл 66-да (зейнет жасында).

 

Галина Баймаханова &ndash биыл 66-да (зейнет жасында).

 

Омархан Өксікбаев &ndash биыл 66-да (зейнет жасында).

 

Михаил Чирков &ndash биыл 66-да (зейнет жасында).

 

Роман Ким &ndash биыл 65-те (зейнет жасында).

 

Екатерина Никитинская &ndash биыл 65-те (зейнет жасында).

 

Майра Айсина &ndash биыл 64-те (зейнет жасында).

 

Василий Олейник &ndash биыл 64-те (зейнет жасында).

 

Ирина Аронова &ndash биыл 63-те (зейнет жасында).

 

Светлана Бычкова &ndash биыл 63-те (зейнет жасында).

 

Гүлмира Исимбаева &ndash биыл 63-те (зейнет жасында).

 

Бейбіт Мамраев &ndash биыл 63-те (зейнет жасында).

 

Кәрібай Мұсырман &ndash биыл 63-те (зейнет жасында).

 

Серік Сейдуманов &ndash биыл 63-те (зейнет жасында).

 

Зәуреш Аманжолова &ndash биыл 62-де (зейнет жасында).

 

Зағипа Балиева &ndash биыл 62-де (зейнет жасында).

 

Құралай Қарекен &ndash биыл 62-де (зейнет жасында).

 

Татяна Яковлева &ndash биыл 62-де (зейнет жасында).

 

Әбдіманап Бектұрғанов &ndash биыл 62-де.

 

Шакир Хахазов &ndash биыл 62-де.

 

Құдайберген Ержан &ndash биыл 61-де.

 

Кеңес Абсатиров &ndash биыл 61-де.

 

Уәлихан Қайназаров &ndash биыл 61-де.

 

Мейрам Пішембаев &ndash биыл 61-де.

 

Абзал Ералиев &ndash биыл 60-та.

 

Аманжан Жамалов &ndash биыл 60-та.

 

Қожахан Жабағиев &ndash биыл 60-та.

 

Павел Казанцев &ndash биыл 60-та.

 

Евгений Козлов &ndash биыл 60-та.

 

Альберт Рау &ndash биыл 60-та.

 

Бақытбек Смағұл &ndash биыл 60-та.

 

Ирина Смирнова &ndash биыл 60-та.

 

Александр Суслов &ndash биы 60-та.

 

Жамбыл Ахметбеков &ndash биыл 59-да.

 

Дания Еспаева &ndash биыл 59-да.

 

Меруерт Қазбекова &ndash биыл 59-да.

 

Жанат Омарбекова &ndash биыл 59-да.

 

Нұрлан Нығматулин &ndash биыл 58-де.

 

Нұртай Сабильянов &ndash биыл 58-де.

 

Дархан Мыңбай &ndash биыл 58-де.

 

Юрий Тимощенко &ndash биыл 58-де.

 

Марат Бопазов &ndash биыл 57-де.

 

Мұхтар Ерман &ndash биыл 57-де.

 

Сергей Звольский &ndash биыл 57-де.

 

Фахриддин Қаратаев &ndash биыл 57-де.

 

Шавкат Өтемісов &ndash биыл 57-де.

 

Серік Құсайынов &ndash биыл 56-да.

 

Ирина Унжакова &ndash биыл 56-да.

 

Жәмилә Нұрмамбетова &ndash биыл 56-да.

 

Тарас Хитуов &ndash биыл 56-да.

 

Сапар Ахметов &ndash биыл 55-те.

 

Наталья Жұмаділдаева &ndash биыл 55-те.

 

Мансұрхан Махамбетов &ndash биыл 55-те.

 

Балайым Кесебаева &ndash биыл 54-те.

 

Сәкен Қаныбеков &ndash биыл 54-те.

 

Қанат Мусин &ndash биыл 54-те.

 

Айгүл Нуркина &ndash биыл 54-те.

 

Сәкен Өтебаев &ndash биыл 54-те.

 

Бекболат Тілеухан &ndash биыл 54-те.

 

Амангелді Дәуренбаев &ndash биыл 53-те.

 

Ерлан Барлыбаев &ndash биыл 53-те.

 

Арман Қожахметов &ndash биыл 53-те.

 

Азат Перуашев &ndash биыл 53-те.

 

Ольга Шишигина &ndash биыл 52-де.

 

Нұржан Әшімбетов &ndash биыл 51-де.

 

Гүлнар Бажанова &ndash биыл 51-де.

 

Иван Клименко &ndash биыл 50-де.

 

Берік Дүйсембинов &ndash биыл 49-да.

 

Магеррам Магеррамов &ndash биыл 49-да.

 

Петр Шарапаев &ndash биыл 49-да.

 

Айқын Қоңыров &ndash биыл 48-де.

 

Сергей Симонов &ndash биыл 47-де.

 

Артур Платонов &ndash биыл 46-да.

 

Мұрат Теміржанов &ndash биыл 43-те.

 

Нұржан Әлтаев &ndash биыл 42-де.

 

Берік Оспанов &ndash биыл 44-те.

 

Снежанна Имашева &ndash биыл 39-да.

 

Наринэ Микаелян &ndash биыл 37-де.

 

Жұлдыз Омарбекова &ndash биыл 37-де.

 

Нұрлан Әлімжанов &ndash биыл 36-да.

 

Әлия Спарова &ndash биыл 36-да.

 

Геннадий Шиповских &ndash биыл 31-де.

 

Ал жаңа құрам қандай болуы керек?..

 

Президент Тоқаев бүгінгі Үндеуінде келер сайланатын Парламентте аз-кем өзгерістер болатынын, Парламентік оппозиция мен оларға берілетін құқық-құзыреттер туралы, «Саяси партиялар туралы» Заңға негізделгендей, әйелдер мен жастарға арналған 30 пайыздық квота туралы т.б. айтты.

 

Президент өз Үндеуінде: «Жаңа сайлау науқанына дейін саяси жаңғыру, көппартиялықты дамыту және еліміздің қоғамдық-саяси  өміріне азаматтардың қатысу аясын кеңейту жөнінде шаралар қабылданды»,- деді.

 

Осыған дейін Қазақстанда саяси партия құрудың шартарына аздаған өзгерістер енгізілген. Алайда, соңғы 1-2 жылда әртүрлі топтардан партия құру туралы бастама көтерілгенімен, Қазақстанда жаңа партия тіркелген жоқ. Демек, қаңтарда өтетін сайлауға ОСК тіркеуінде бар 6 партия ғана қатыса алады. Олар: «Нұр Отан», «Ақ жол», «Ауыл», «Бірлік», «Компартия» мен «ЖСДП»...

 

Яғни, сайлау сценарийінде айтарлықтай өзгеріс бола қоюы екіталай. Қазірдің өзінде про-биліктік кейбір ұйымдар алдын-ала сауалнамалар жасап, келер жылғы сайлаудың 70-пайыздан аса дауысын «Нұр Отанға» еншілетіп отыр екен...

 

Сонымен, сайлау өтеді. Дауыстар есептеледі. Еліміздің ең негізгі Заң шығарушы органына жаңа депутаттар жасақталады. Олар кімдер болмақ? Жаңа құрам қандай болуы керек?..

 

1. Қазақ тілінде сөйлейтін Парламент керек!

 

Тәуелсіз Қазақстанның Парламенті қазақ тілді, яғни мемлекеттік тілде сөйлейтін Парламент болуы керек! Бұл Қазақстан халқының 80 пайыздан астамын құрайтын, мемлекетті құрушы ұлттың талабы!

 

Кешегі, бүгінгі Парламенттің ең басты қателігі &ndash мемлекеттік тілді мансұқтауы! Қазақша сөйлемейтін, жат тілге жерік Парламенттің жұмыс істеуі! Қазіргі Парламент осылайша, елдің сенім-кредитінен айырылған.

 

Тәуелсіздіктің 28 жылында елімізде тек екі заң ғана қазақ тілінде дайындалған екен. Оның бірі - Әкім Ысқақтың ықпалымен әзірленген «Көші-қон туралы» заң болса, екіншісі -  Фариза Оңғарсынованың бастамасымен дайындалған «Бала құқықтары жөніндегі» заң. Ал, қалғаны тек қана орыс тілінде дайындалған. Мұны Парламент депутаттарының өздері мойындаған, былтыр!

 

2. Ескі кадрлар толық кетуі керек!

 

Қазір Парламентте, оның ішінде Мәжілісте ыңғай «экс-тер» отыр. Экс-әкім, экс-министр, экс-шенеунік т.б. Одан бөлек, 10 жылдан аса уақыт отырған орнында тапжылмай отырған депутаттар бар. Жұрт олардың өзінен де, сөзінен де жауыр болған. Ескі-құсқы депутаттармен жаңа Парламент жасақтай алмаймыз!

 

3. Зейнеткер депутаттар орындарын босатуы керек!

 

Қазіргі парламентті «қарттар үйі» деп атауға әбден болады. Міне, қараңыз: ұзақ жылдар бойы 83-тегі Косарев, 75-тегі Сұлтанов, 70-тен асқан Сыздықов, Ізмұхамбетов, Божко, Қарақұсова мен Үмбетовтер депутаттықта отырғанда Мәжіліс «зейнеткерлер үйі» емей не болмақ? Бұлардың депутаттық қызметін қаншалықты эффективті деп айта аламыз?...

 

4. Коммунистер Мәжілістен кеутуі тиіс!

 

Былайғы күнде бар-жоғы білінбейтін, тек комсомолдың пәлен жылдығы, совет одағының түген күндігі деген секілді көнерген даталарда ғана бой көрсететін коммунистер өткенде қазақтың ішіндегі ұлтшыл, намысшыл патриоттарды &ndash «радикалға» теңеп, Бас прокуратураға «арыз ұйымастырған» еді.

 

Бұл партия Мәжілісте бірқанша депутаттық мандатқа ие. Осы партияның қазіргі депутаттары «Орыспен ортақ ақшамыз болсын» деп сөйлеген. «Қазақстан орыс әлемінен алшақтап бара жатыр» деп жыларман болған. Одан қалса, өзге түгілі Кремльдің өзі керек етпеген пролетариат көсемі «Лениннің қаңқа сүйегін Қазақстанға сүйреп келейік» деп Мәжілістің мінберінен сөйлеген. Тізе берсең, тіпті көп...

 

Коммунистік партияның қандай партия екені, қазақ халқына қандай нәубет әкелгенін көзі ашық жұрттың бәрі де біледі. Өкінішке қарай, сол партия біздің елде әлі де тірі.

 

Қазақстан секілді коммунистік жүйеден аса ауыр қысас көрген, ұлттық геноцидке ұшыраған елде коммунистік партияның болуы, әрі биліктің қолдауына ие болуы нағыз масқара!

 

Кез-келген тәуелсіз елде басқа бір үкіметтің идеологиясын, саясатын дәріптеу сол елдің егемендігіне қауіп төндірері сөзсіз. Өзіміздің тәуелсіз еліміз, Президентіміз, мемлекеттік рәміздеріміз, әнұранымыз бар екенін ескермей, ескіні естен шығара алмай отырғандарға бір тоқтау бола ма?

 

Сондықтан, коммунистік партияға енді парламент мәжілісінде орын жоқ. Тәуелсіз Қазақстанның төріне енді қызыл империяның қалдығы кәрі коммунистерді шығарудың қажеті қалмады деп есептейміз.

 

5. Ешкім көрмеген депутаттардан арылуымыз керек!

 

Иә, осы 4 жылда есім-сойларын ешкім естімеген, көрмеген, танымайтын депутаттар бар. Олар тізімде бар. Ал ел алдына шығып, екі ауыз сөз айтқанын көрмедік. Олардың арасында өз бизнестерінің мүддесі үшін отырғандары қаншама?.. Олар Мәжілісте не істеп отыр? Қандай Заң немесе заң жобаларын әзірлеген? Ел-жұрттың алдына келіп, кездесу өткізді ме? БАҚ-қа сұхбат берді ме?

 

Міне, әуелі осылардан тазаруымыз керек! Олардың орнына, сала мамандары, жас мамандар келуі керек! Сонда ғана Елбасы мен Президент айтатын «жаңару» жүзеге асады, аспаса да соның алғы шарты жасалады! Өйтпегенде, 15,3 миллиард теңге бөліп өткізетін сайлаудан соқыр-тиын пайда болмайтыны анық!

 

Нұргелді Әбдіғаниұлы

 Abai.kz




Көрілген: 826    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.10.2020, 17:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    31 Қазан, 10:38
    Ту туралы түйткіл
    8 Қазан, 10:30
    Ақылдың кені
    6 Қазан, 10:30
    АЛТЫН ОРДА АҚИҚАТЫ
    1 Қазан, 10:39
    ЖҰМАТАЙДЫҢ ЛӘЙЛАСЫ
    22 Қыркүйек, 15:31
    Қалай жазғанымыз дұрыс?..
    21 Қыркүйек, 10:27
    Ол махаббат əні еді!
    11 Қыркүйек, 08:53
    Ташкентте болған той
    7 Қыркүйек, 10:27
    Қазақтың қайсар Қасымы
    24 Тамыз, 15:32
    Атасының баласы...
    25 Шілде, 11:21
    Алтын кілт

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31