Алаш үні

Дәулеткерей Кәпіұлы: Сәләфизм - дін емес, саяси идеология!

  • Дәулеткерей Кәпіұлы: Сәләфизм - дін емес, саяси идеология!

    Дәулеткерей Кәпіұлы: Сәләфизм - дін емес, саяси идеология!

«Ішің қалайша қан жыламайды, жүрегің сыздамайды? Құдды бір Әбіл мен Қабылдың кебі келгендей… Кеше қазақ еді ғой, алаяқтарға ерді, сәләфи (псевдо салафи) болды, сосын бір-ақ күнде террористке айналып шыға келді. Өз қанын, өз қазағын қолы қалтырамастан өлтіре салды. Өз мемлекетіне қарсы шықты. Демек, кез келген сәләфит кез келген уақытта террористке айнала алады».

Бұл – танымал айтыскер ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма мүшесі Дәулеткерей Кәпұлының пікірі.


«Қазір біз соңғы террористі өлтірдік деп қуанып жатырмыз… шын мәнінде өз бауырымызды өлтірдік. Қынадай қырылғандардың бәрі қыршындай жастар. Олар қайдағы жоқ біреулердің азғыруына түсіп, ажал құшты. Әулет-жұрағаты болса, қара бет болып қалды… Бұл Ұлттық трагедия ғой.


Сәләфизм – дін емес, саяси идеология! Әйтпесе, ислам ғана емес, кез келген дінде адамға қиянат жасау туралы бірауыз сөз таба алмайсыз. Адамзат тарихында сан түрлі идеология үшін осы уақытқа дейін миллиондардың қаны қып-қызыл теңіз болып ақты. Үлкен соғыстардың басым бөлігі идеология үшін болды», — дейді Д.Кәпұлы. Сәләфизм біздің қоғамға сыналап енуге әзір тұр. Бұл жат ағым қазақ қоғамын байырғы салт-дәстүрінен бас тартқыздырғысы келеді. Біз ел болып бұндай бассыздыққа жол бермеуіміз керек. Керісінше өткен тарихымызға, бабаларымыздан қалған асыл мұраға мақтанышпен қарауға тиіспіз.


Жат идеология – өте қауіпті. Қаншама елді іштен ірітіп, құрдымға жөнелтті. Бұлардың артында үлкен күш тұр, үлкен қаржы бар. Кейбір топ солардың қызығын көріп – Отанға сатқындық жасап келеді. Арам пиғылды радикалдар тұтас халықты соңынан ертіп, қырғынға итермелеп, бір-біріне қарсы қойғысы келеді. Тіпті, ақырындап өз дегендеріне де қол жеткізуде. Осылардың айтқандарымен жүрген жастар Сирия мен Таяу Шығысқа барып қаза тапты. Жүректі ауыртатын да – осы.


«Сондықтан, біз жат идеологияға қарсы туруымыз керек. Саясиланған сәләфилік дәнекке ел болып қарсы туруымыз қажет. Сан ғасыр бойына бабаларымыз жандарын шүберекке түйе жүріп құрған Мәңгілік Елді сақтап қалу біздің азаматтық парызымыз. Өзіміздің терең тарихымызбен қуаттанып, саф алтындай салт- дәстүрімізді ұрпағымызға өнеге етуіміз қажет. Осыны әрбір қазақстандық естен шығармаса екен деймін», — дейді ол.


facebook.com




Көрілген: 816    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.10.2019, 11:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қараша, 15:30
    ҚАЗАҚ ҚҰЛ БОЛМАҒАН…
    28 Қазан, 12:48
    УӘДЕ ДЕГЕН НЕ?
    19 Қыркүйек, 16:41
    Абай іздеген ұлт бақыты...
    4 Қыркүйек, 11:47
    Г.Бельгер: "Оян, қазақ!"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30