Алаш үні

«Денсаулық сақтау министрлiгiнiң былықтары күн сайын шелек-шелек болып шығуда» - Марғұлан Сейсембай

  • «Денсаулық сақтау министрлiгiнiң былықтары күн сайын шелек-шелек болып шығуда» - Марғұлан Сейсембай

    «Денсаулық сақтау министрлiгiнiң былықтары күн сайын шелек-шелек болып шығуда» - Марғұлан Сейсембай

Бұған қоғам болып тосқауыл қоймасақ, бұлардың өз қателiктерiн мойындайтын түрi жоқ.
Орайы келсе, ойындағысын айтып қалудан тартынбайтын белгілі кәсіпкер әрі қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембай министрліктің цифрландыру саласындағы көп жылдары бойы жасаған ұрлықтары әшкереленіп жатқанын айтты. Мұнымен қоймай, денсаулық саласындағы қордаланған проблемаларды шешудің бірнеше жолын ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Коронавирус жұқтырғандардың арасында медицина мамандары да бар екендігін алға тартқан ол, Денсаулық сақтау министрлігінің жымысқы әрекеттері су бетіне қалқып шыққанын тілге тиек етті.

"Кеше Алматы қаласында дәрiгерлердiң арасында коронавируспен ауырғандардың саны күрт өстi. 14 адамның iшiнен 12-сi медицина қызметкері. Денсаулық сақтау министрлiгiнiң былықтары күн сайын шелек-шелек болып шығуда. Мiне, осы министрлiктiң көп жылдар бойы цифрландыру саласындағы ұрлықтары да шығып жатыр. Проблемаларды шешу үшiн не iстеу керек?

Кез келген проблемалық ахуалдан шығу үшiн мiндеттi түрде үш нәрсе жасау керек:

1. Проблеманы мойындау.
2. Проблеманың жасаған залалын азайту.
3. Проблеманы тұғызған әдеттi тоқтату.

Ал бiз не көрiп отырмыз?

Денсаулық министрлiгi:

1. Проблемаларды мойындамайды.
2. Залалын одан сайын көбейтiп жатыр.
3. Өз әдеттерiн жалғастыруда.

Бұған қоғам болып тосқауыл қоймасақ, бұлардың өз қателiктерiн мойындайтын түрi жоқ", - деді Марғұлан Сейсембай facebook парақшасында. 




Көрілген: 3184    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.04.2020, 00:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Мамыр, 16:42
    Өнеге-өмір
    27 Сәуір, 11:11
    Нығымет Нұрмақов
    24 Сәуір, 12:55
    Құнанбайдың мөрі
    23 Сәуір, 10:34
    ТАС ЖҮРЕК
    13 Сәуір, 08:51
    ҚАЗАНТЕПТІ
    4 Сәуір, 23:56
    МҰХАҢНЫҢ МҰҢЫ
    31 Наурыз, 11:36
    Абайдың үш бейнесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31