Алаш үні

Діни бірлік болмайынша, ұлттық бірлік болмайды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Тәуелсіздік алған 28 жылдың ішіндегі ең ірі жеңісіміз бен үлкен жетістіктеріміздің бірі, біздің шыққан биігіміз – ол елімізде діни наным-сенім бостандығының, діни еркіндіктің толық бекуі, оның ішінде Ислам - ата дініміздің өркендеуі, халықтың атеистік өмірден кейін өз дінімен қайта еркін қауышуы десем, артық айтқандық болмас.


Діндер үнқатысуын қамтамасыз ету, діни төзімділікті нығайту – Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының шешуші басымдықтарының бірі болып отыр. Үлкен діни форумдардың бізде өтуі – елімізге деген құрмет пен зор сенім. Бүгінде сол сенімді толық ақтай аламыз деген үміт бар.


Елордамыз Нұр-Сұлтан дүниежүзіндегі барлық діндер өкілдерінің басын қосып, ортақ мәмілеге шақыратын рухани орталыққа айналды. Халықаралық қатынастар тарихында Нұр-Сұлтан съездеріне бүкіл әлем көз тігіп, оның бейбітшіл бағыты мен татуластырғыш әлеуетіне үлкен мән беріп отырғанының айғағы ретінде, бұл алтыншы басқосуға тілек білдірген ірі діни бірлестіктер санының күрт өсуін айтуымыз керек.


Мұндай басқосу әлемнің түрлі мемлекеттерінде өткенімен, Қазақстан съезі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен және тікелей қолдауымен өтетіндігімен ерекшеленеді. Негізгі сипаты діни көшбасшылар жиыны болып саналатын бұл форум шын мәнісінде ғаламдық үнқатысуға жол ашатын ірі басқосу.


Елордада 2003 жылдан бері алты рет әлемнің сан түрлі дін басшыларының басын қосып, бір-бірімен қол алысуға талпындыруға мүмкіндік берген Елбасымыздың идеясы әлемдік қоғамдастық тарапынан қызу қолдау тауып, жоғары бағалануда. Өткен съездерге қатысқан Үндістанның көрнекті қоғам қайраткері Ш.Сомайя Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастамасына ризашылығын білдіре отырып, «Н.Назарбаев – көпконфессиялы елде бейбітшілік пен келісімді үйлестіре білген ерекше лидер. Біздің оның істерінен үйренеріміз көп» деп айтқан болатын.


Бүгінде ең алдымен біз діни бірлікті өз деңгейінде ұстауымыз шарт. Өйткені, діни бірлік болмайынша ұлттық бірлік болмайды. Мәдениетсіз, білімсіз, ғылымсыз қоғам болмайтыны сияқты, дінсіз де өркениетті қоғам болмайды. Діңді өз пайдасына жаратқысы келетіндер мен экстремистік ниеттегі діни ағымдар пайда бола бастаған кезде, дінаралық татулықты сақтау - басты мақсатымыз болуы керек деп ойлаймын. Жастарға арналған рухани танымдық тәрбие және теріс пиғылды діни ағымдарга жол бермеу шаралары тек Діни басқарманың емес, бүкіл қоғамның жұмысы болуы тиіс.


Дінбасшыларының Нұр-Сұлтандағы кезекті басқосуы қазіргі дүниежүзілік саяси ахуалға, халықтар достығы мен діндераралық бірлесуге игі ықпалын тигізді. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съездерінің бізде өтуі Қазақ елі үшін үлкен мәртебе, көпұлтты Қазақстандағы бейбіт өмірге, еліміздегі діни сенім бостандығына берілген жоғары баға. Кең байтақ Қазақ елі қазіргі таңда күллі әлемге өзінің дінаралық келісім мен ұлтаралық татулықтың алтын ордасы екендігін паш етіп отыр.


Қазақстан бүгінде Елбасы Н.Назарбаевтың басшылығымен сатылап дамып келе жатқан, экономикасы ілгеріленген, демократиялық даму жолына түскен, Орталық Азияда көшбасшы, халықаралық қоғамдастықта беделді әрі құрметті әріптес деп танылған мемлекетке айналды.


Тәуелсіздік алғаннан бергі ең ірі жеңісіміз бен үлкен жетістіктеріміздің бірі – елімізде діни наным-сенім бостандығының толық бекуі, соның ішінде ислам дінінің өркендеуі, дінімізбен қайта қауышуымыз десек, артық айтқандық болмас.


Егемен Қазақстанның ұлттық идеологиясын қалыптастыруда ата-бабаларымыз салған сара жол мен имандылықтың жаңа арналары жемісті жалғасын тауып келеді.


Мирас Қонысбекұлы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы


ҚазАқпарат


 


 


 


 


 


 


 




Көрілген: 1956    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.09.2019, 19:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қараша, 15:30
    ҚАЗАҚ ҚҰЛ БОЛМАҒАН…
    28 Қазан, 12:48
    УӘДЕ ДЕГЕН НЕ?
    19 Қыркүйек, 16:41
    Абай іздеген ұлт бақыты...
    4 Қыркүйек, 11:47
    Г.Бельгер: "Оян, қазақ!"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31