Алаш үні

Доширак пен лимонад қазақтың ұлттық тағамы болуға аз қалды

  • Доширак пен лимонад қазақтың ұлттық тағамы болуға аз қалды

    Доширак пен лимонад қазақтың ұлттық тағамы болуға аз қалды

 Еліміздің Биологиялық материалдарды талдау және зерттеу орталығының мәліметінше, қазақстандықтардың 45 пайызы тез даярланатын тағамдарды тұтынуға құштар. Бұған бір жағы уақыттың тапшылығы, жұмысбастылық себеп болса, енді бір жағы тез даярланатын тағамдарды пайдалану арқылы елдер қаржысын да үнемдейтін көрінеді.

Бұдан соң халықтың көпшілігі лимонд сусынын жиі тұтына бастаған. Бірақ мамандардың пайымдауынша, аталмыш өнімдердің денсаулыққа өзіндік зияны бар екені нақты дәлелденіп отыр. Бұл ретте бізбен пікірлескен билогия ғылымының докторы, профессор Жандос Ақаевтың айтуынша, тез даярланатын тағамдар қатерлі ісік ауруының бірден бір қоздырғышы болып саналады.

«Қазір доширак пен лимонадты қазақ ұлттық тағамдарындай тұтынатын болып алды. Уақытты ақшаны үнемдегісі келетін жұрттың дені осы өнімдерді тұтынады. Мәселен, біз жуырда елімізде күнде жарнамаланып жүретін «Кішкентай кеседегі кеспе» деп аталатын жартылай дайын кеспелерінің адам миына зияны айрықша екенін анықтадық. Егер адам үстіне қайнаған су қоса салатын, бес минутта дайын болатын «Доширак», «Бик-бон», деп аталатын сансыз атауары бар осы кеспені жиі тұтынса, кеспедегі қоспалар адамның миына барып жинала береді екен. Бара-бара әлгі қоспалар томпайып ісік тәрізді болып адам миында қатып қалады. Дамыған және дамушы елдерде бұл өнімді тұтынатындар некен-саяқ. Ал бізде бұл өнімдер әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың күнделікті тұтынатын тағамына айналғаны даусыз. Сондықтан біз ұлтымыздың денсаулығын ойласақ, алдымен жұртты алдамай, өнім сапасыз болса жарнамасына шектеу, бақылау, қадағалау қою керек»,-дейді ғалым Жандос Ақаев.

Жалпы, біз ғалымдардың зертханалық сараптама жұмыстарына жүгінсек, көптеген тағам өнімдерінің жарнамасы мен жасалу тәсілінің арасында тым алшақтық барын көреміз. Сол тәрізді осы тез даярланатын кеспе мен шөл басар деп ең көп тұтынатын лимонадтардың да талапқа сай даярлана бермейтінін ғалымдар алға тартты.

«Мәселен, кейбір лимонад сусындарының қаттамасында «Тархун татитын лимонад» деп жазылып тұрсын делік. Бір сусынды дайындауға: киви – 1,5 келі; тархун – 0,25 келі; қант – 0,5 келі; жалбыз – 0,01 келі; лимон – 0,170 келі; сарыағаш минеральды сусыны – 1 дана. Міне, аталмыш өнімді дайындау үшін осыншама қажетті нәрсе керек. Ал біз тұтынатын лимонадтардың кейбіріне минеральды сарыағаш пен 0,2 келі тархунды блэндерде шайқап, оған қалағанынша қант қосып, қалап тұрса су қоса салу арқылы өнім ең жеңіл жолмен дайындалатыны мәлім болды. Мұнымен қоймай осылай дайындалған өнім сыртына «кивиден жасалған таза тархун сусыны» деп өнім туралы жарнамасын асыра түсінік береді. Бұдан соң ананастан жасалған сусындарды таза табиғи жолмен дайындау үшін: ананас – 1,25 келі, қымыздық – 0,4 кг. лимон – 0,175 келі қажет. Ал бұл өнімді өндірушілердің бір бөлігі ананаспен, қантты араластырып, оған құрғатылған сусынды суға езу арқылы жеңіл әдіспен даярлай салады»,-дейді Жандос Ақаев.

Сондай-ақ «қазірде біз жиі тұтынатын аталмыш тағамдардың ішіндегілердің дені дәрумендер емес» деседі мамандар. Бұл ретте диетологтар да бірқатар мәселелелерді алға тартып отыр.

«Қайсыбір минералды сусындарда «ағзадағы холестерин деңгейі төмендетіп, қан айналымын жақсартады» делінген. Қарасаңыз, өнімнің құрамында фитостерин бар болып шығады. Фитостерин дегеніңіз құрғақ дәрілік экстракт. Ол ішекке барып ериді де ағзадағы холестеринді төмендедіп, қан қысымын реттейді. Қайсыбір өнімдердің осындай дәрілік препарат қосатын ішіне бүккен құпиясы бар. Жалпы, біз тұтынатын өнімдердің денінде тамақты ұзақ уақытқа сақтау үшін, оны хош иістендіру мақсатында глютомат қосылады. Ал глютоматтың қатерлі ісіктің қоздырғышы екені бүгінде әлемдік ғылымда дәлелденіп отыр. Өз тарапымнан айтар ұсынысым, осы мәселерге қатысты арнайы заң шығарылып, мұндай өнімдерге белгілі бір шектеулер қойылуы керек. Аңғарғанға бұл үлкен мәселе. Себебі қазір күн сайын халықтың сусындарды тұтыну көрсеткіші артып барады. Құтыдағы сусындар қай кезде де сұранысқа ие. Сондықтан осы арада талапты күшейту керек. Халық қымызды, шұбатты тұтынбайды. Қолжетімді бағада болғаннан кейін осы лимонадтарды еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ішеді. Ендеше бұл арада халықтың денсаулығы деген мәселе ойлантуы тиіс»,- дейді аталмыш орталықтың маман Айжан Бекбосынова.

Сараптасақ, бүгінде әлем елдері алдындағы ас-ауқатын талғап, таразылап ішуді әдетке айналдырғалы қашан?! Ал отандық ғалымдар қазақ тұтынушысы тағамды талғап ішуге келгенде әлі де сауатсыз екенін баса айтып отыр. «Олай деуімізге себеп, қазірде астан ауру тауып алып, артынан денсаулығын түзете алмай жүретіндердің көптігі» дейді мамандар. Ендеше бұл жерде қатқыл заңның болуы өз алдына, болашақта бізге де дастарханымыздағы асымыз туралы мол апарат алуға, сауатты таңдау жасауға өзіміз де ықыласты болуымыз керек. Олай етпесек, сапасыз өнім, қоспасы көп тағам тәнімізді дертке шалдықтырары һақ.

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ,

«Адырна» ұлттық порталы

adyrna.kz




Көрілген: 312    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.01.2020, 10:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    31 Қаңтар, 12:43
    Бір видеоның «сыры»...
    28 Қаңтар, 11:06
    Мағауин мифі
    6 Қаңтар, 14:50
    28 жыл бойғы құпия
    26 Желтоқсан 2019
    Абай бай болған ба?
    23 Желтоқсан 2019
    Қажымұқанды жеңген қазақ
    23 Желтоқсан 2019
    Абайдың саяси қызметі
    12 Желтоқсан 2019
    Желтоқсанның батырлары

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29