Алаш үні

Егілген ағайынға Бейсен Құранбектің жары Гүлмира басу айтты...

  • Егілген ағайынға Бейсен Құранбектің жары Гүлмира басу айтты...

    Егілген ағайынға Бейсен Құранбектің жары Гүлмира басу айтты...

Төртінші күн, Бейсенін жоқтаған халқының көз жасы тоқтар емес. Егілген ағайынға Бейсекеңнің жары Гүлмира басу айтыпты.

 


“АРДАҚТЫМ, АЗАМАТЫМ, АСЫЛ ЖАРЫМ...



Өмірден өтті...Мәңгілік мекеніне жетті... Ол кісінің демі үзілсе, менің де тынысым тоқтайтындай көрінетін. Алайда кеудемдегі жаным шықпаған соң, тірі адам тіршілігін жасай береді демекші, басымды көтеріп, айналама қарауыма тура келді. Алланың ісіне көндім.

Бейсекемнің артынан қаза қайырлы болсын айтып жатқан адамның санында есеп жоқ, қалың қазақ қабырғасы қайысып, көңіл айтуда. Еліміздің игі жақсылары лебіздерін білдіріп, жеделхаттар жолдап жатыр.

Әлеуметтік желілердегі жазбалар, арнаулар мен комментарийлерді бей-жай оқу мүмкін емес, жүрегіңді қан жылатады деген ағайынның өзара әңгімесін үш күннен бері естудемін. Олардың барлығын ашып оқуға жүйкем шыдамады...әйтсе де кеше бірқатарын көрдім, түсіндім. Көрермен қауым, жора-жолдас, майдандас әріптестер, үлгі тұтып соңынан ерген жастар қандай тұлғадан айрылып қалғанын сөзбен жеткізе алмай, зар илеп жоқтап жатыр.

Телеарналар Бекең туралы сюжеттері мен хабарларын жедел түрде дайындап, халық назарына ұсынып, ыстық ықыластарын білдіруде. Алыс-жақын шетелдердегі бауырлар да орны толмас қайғыға ортақтасуда. Баршаңызға әулетіміздің атынан алғысымды білдіремін.

Бейсекемнің мақтауын жеткізіп, бояуды аямай, әсірелеп айта берсем болар еді, бірақ, Құдайға шүкір, оны меннен неше есе артық жақсы жеткізетін адамдар баршылық. Әрі оның шынайы бейнесін бетпе бет кездескенде де, көгілдір экраннан да өздеріңіз көріп, бағасын беріп жатырсыздар. Сондықтан мен оның осы дүниеден шын дүниеге өтер кезіндегі соңғы ойларын ғана жеткізсем деймін.

Ол ұзақ ауырды, аурудың жақсысы жоқ, алайда нақ осы дерт адамның сабырлылығы мен төзімін сынауға арналған ба деген ойға қалдым. Ауру дендеп, денені құрсап, қинап жатса да, Бейсекем қабағын бір шытпады, «мына ауру пәле болды, шаршатты» дегенді айтпады. Дүниеден озу осындай да болады екен...

«Құдайым мені қай кезде аламын десе де дайынмын. Алланың маған нәсіп еткен өміріне де, сынағына да разымын. Мен жақсы өмір сүрдім. Маған Алла тағала жақсы ата-ана, жанашыр бауыр, адал жар, сүйкімді бала сыйлады. Он екі мүшемді сау қылып, бойыма қуат берді, миыма сана, жүрегіме рух берді. Басыма бақ қондырды. Ел-жұртыма маңдай терімді сыпырып жүріп қызмет етуге мүмкіндік берді. Тағы уақыт берсе, тағы да аянбай қызмет етуге даярмын. Мені жақындарыммен, балаларыммен сынамай, жеке басыма дерт беріп, өз денеммен сынап жатқанына тағы да шексіз ризамын. РИЗАМЫН!»

 

Serik Abikenuly
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 8050    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.05.2020, 12:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    31 Қазан, 10:38
    Ту туралы түйткіл
    8 Қазан, 10:30
    Ақылдың кені
    6 Қазан, 10:30
    АЛТЫН ОРДА АҚИҚАТЫ
    1 Қазан, 10:39
    ЖҰМАТАЙДЫҢ ЛӘЙЛАСЫ
    22 Қыркүйек, 15:31
    Қалай жазғанымыз дұрыс?..
    21 Қыркүйек, 10:27
    Ол махаббат əні еді!
    11 Қыркүйек, 08:53
    Ташкентте болған той
    7 Қыркүйек, 10:27
    Қазақтың қайсар Қасымы
    24 Тамыз, 15:32
    Атасының баласы...
    25 Шілде, 11:21
    Алтын кілт

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30