Алаш үні

Ел аманаты: «Жігіттер» тобына деген реніштерін білдірді

  • Ел аманаты: «Жігіттер» тобына деген реніштерін білдірді

    Ел аманаты: «Жігіттер» тобына деген реніштерін білдірді

Ел аманаты


Ақан серінің атақты «Балқадиша» әнін білмейтін қазақ жоқ шығар,сірә! Кезінде Әміре Қашаубаевтің өзі осы әнмен күллі Париж халқын тамсандырған еді. Қазақ деген халықтың атын осы әнмен аспандатқан болатын. Бұл құдіретті әннің туғанына да, шырқалғанына да ғасырдан аса уақыт өтсе де әлі күнге дейін мән-маңызын жояр емес. Қайта уақыт өткен сайын оның құны артып барады. Ол әнді орындаушылардың қатары өсіп, тыңдаушылардың шоғыры да молайып келеді. Кезінде Қайрат Байбосынов, Рамазан Стамғазиевтер нәшіне келтіре орындаса, кейін «Жігіттер» квартеті мен Гауһар Әлімбековалар тыңдармандардың құлақ құрышын қандырып жүр. Тіпті бейнеклип те түсірді. Дей тұрсақ та оларға Ілия Жақанов бастаған өнер майталмандары мен кей тыңдармандардың өкпесі қара қазандай. Өйткені олар ән тарихын біле тұра, кезінде коммунистік партияның нұсқауымен өзгертілген М. Майшекиннің нұсқасын шырқап жүр. Бұл туралы Ілия Жақанов өзінің үш кітабында және бұқаралық құралдарына берген сұхбаттарында бірнеше рет қадап айтты. Белгілі жазушы Асқар Әлібеков те «Айқын» газетінде осы ән төңірегінде келелі ой айтқаны есімізде. Бұл тақырып баспасөз беттерінде де қайта-қайта көтерілді. Тыңдар құлақ, елеп-ескерер адам болса, нәтиже шығар уақыт жетті. Таяуда Ақмола облысының Зеренді ауданына барған сапарымызда да осы мәселе алдымыздан шықты. «Ардагер» клубының жетекшісі, өлкетанушы Қабыкен Қоңқаев пен Аналар кеңесінің төрайымы, ақын, сазгер Күләш Рақымжановалар «Жігіттер» тобына деген реніштерін білдіре келіп, алдағы уақытта дұрыс нұсқасын орындауларын сұрайды. Бұл өтініштерін жеткізуді маған аманат етті. Сөйтіп, қолыма «Арқа ажары» газетін ұстатып жіберді. Ол басылымда өлкетанушы Жеңіс Темірханның «Балқадиша» әнін қашанғы бұрмалап айта бермекпіз?» деген мақаласы жарық көріпті. Автор Балқадиша анамыздың немере інісі боп келеді екен. Аманатқа қиянат жасауға болмайды. Осы жазбаны әлеуметтік желіде жариялауым – аманатты орындағаным деп қабылдаймын. Ал осыдан тиісті қорытынды шығып жатса, нұр үстіне нұр. Егер «Балқадиша» әнінің дұрыс нұсқасы керек болса, оны Ілия Жақановтың «Бір кезде Ақан едім аспандағы...» деген жинағынан тауып алуына әбден болады. Ал Балқадиша анамызға арналған мына еңселі ескерткіш Зерендіге кіреберіске қойылған екен. Оған сіздер де куә болыңыздар!



Ермахан Шайхыұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3214    Пікірлер: 0

жұма, 08.11.2019, 10:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қараша, 15:30
    ҚАЗАҚ ҚҰЛ БОЛМАҒАН…
    28 Қазан, 12:48
    УӘДЕ ДЕГЕН НЕ?
    19 Қыркүйек, 16:41
    Абай іздеген ұлт бақыты...
    4 Қыркүйек, 11:47
    Г.Бельгер: "Оян, қазақ!"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31