Алаш үні

Ел аумағындағы тарихи-мәдени кешендердің толық цифрлық базасы жасалу керек

  • Ел аумағындағы тарихи-мәдени кешендердің толық цифрлық базасы жасалу керек

    Ел аумағындағы тарихи-мәдени кешендердің толық цифрлық базасы жасалу керек

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, белгілі блогер Өркен Кенжебек осылай дейді.
«Жалпы, Ұлттық кеңестің төртінші отырысы өз мүддесін барынша орындап шықты. Бұған дейін үш рет отырысы өткізілген, бір жылдан сәл ғана асатын уақыттың ішінде сол жиындардың аясында 7 заң қабылданғанын ескерсек, бұл кеңес өзінің өнімділігін дәлелдеді. Ал бүгінгі төртінші отырыста бұған дейінгі жиындарды қорытындыладық десе де болады», - деді Өркен Дарханұлы.
Белгілі блогер ауыл әкімдерін сайлау мәселесі ең бірінші осы кеңестің отырыснда көтерілгенін еске салды. Бүгінде оған жауапты азаматтарды даярлау, ауыл бюджетін бөлетін 3 мыңға тарта қызметкерді арнайы курстарда оқыту сынды мәселелер де шешімін тауып үлгерген. Мемлекет басшысының өзі айтқан &ndash еліміздің жартысынан көбісі әйелдер бола тұра, олардың ұлттық компаниялардағы үлесін көбейту бағытындағы жұмыстар да кезек күттірмейді.
«Сонымен қатар бүгінгі жиында еңбек миграциясы, оңтүстіктен солтүстікке көшу ісі, оларға бір жылдың ішінде үй беру мәселесі, шет елден келген қандастарымызды солтүстік аймақтарға қоныстандыру, экологиялық тәрбие сынды саясаттан бастап, әлеуметтік бағыттағы түйінді дүниелер қаузалды», - деді Ө.Кенжебек.
Белгілі блогер &ndash сенім кеңесінің құрамындағы рухани-мәдени топтың мүшесі. Онда Қайрат Жолдыбай, Бекболат Тілеухан, Шыңғыс Мұқан, Максим Рожин, Асхат Садырбай, Ауыт Мұқибек сынды азаматтар бар.
«Бұл жолы тобымызда Асхат Садырбай спикер болып, біздің ұсыныстарымызды Тоқаевтың құлағына жеткізді. Олардың қатарында ұлттық компаниялардың домендік атаулары қазақша болғанымен, ақпараттарын орысша тарататындығы, волонтер жастардың жұмысына жаңаша демеу беру мәселесі, ауылдағы клубтардың жай-күйі сынды тақырыптар бар. Сонымен қатар біздің елімізде 700 мыңдай мүгедек бар екен. E-gov порталында мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық түрі қамтылған. Ал оны зағип жандар қалай пайдаланады?», - деді кеңес мүшесі.
Өркен Кенжебек өзі құрамында бар топтың тарихи-мәдени мұраларымыздың толық цифрлық базасын жасақтау мәселесін көтергенін айтты. Мәселен, Тамғалы таста 5 мың петроглиф бар. Шындығында, 5 мың ба? Бұған дейін қаншасы жойылып кетті, қаншасы сақталды? Міне, еліміздегі әрбір тарихи мұраның осындай деректермен жасақталған сандық кешені болуы керек.
«Ал менің бір ұсынысым кеңесте айтылған ұсыныстардың қатарына кірді. Ол экологиялық тәрбиеге қатысты. Кеңес одағы кезінде жас натуралистер стансасы деген болған. Олар кәдімгі жердің басына барып, қарашірікті көріп, оны екі метрге дейін алып тастаса, топырақ эрозияға ұшырайтындығын зерттеп, зерделеген. Күзде жапырақтар жайында мәлімет жинаса, жазда орман аралаған, көктемде ағаш еккен. Оларға жан-жануарларға мейіріммен қарау керек деген сияқты дүниелер үйретілді. Қазір ондай жүйе Паводар облысындағы Ақсу аймағында, Қостанай облысындағы Лисаковскте, Алматы облысындағы Текеліде, осы іспетті шағын қалаларда сақталып қалды. Жалпы елімізде мұндай жүйе жойылып кетті», - деген блогер сол жүйені жандандыруды ұсынған.
Алайда, қазіргі қоғамда жас натуралистер стансасы деген болмауы мүмкін, мұны жас табиғаттанушылар немесе жас отаншылдар деген сыңайда өзгерту қажет.




Көрілген: 956    Пікірлер: 0

жұма, 23.10.2020, 16:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    31 Қазан, 10:38
    Ту туралы түйткіл
    8 Қазан, 10:30
    Ақылдың кені
    6 Қазан, 10:30
    АЛТЫН ОРДА АҚИҚАТЫ
    1 Қазан, 10:39
    ЖҰМАТАЙДЫҢ ЛӘЙЛАСЫ
    22 Қыркүйек, 15:31
    Қалай жазғанымыз дұрыс?..
    21 Қыркүйек, 10:27
    Ол махаббат əні еді!
    11 Қыркүйек, 08:53
    Ташкентте болған той
    7 Қыркүйек, 10:27
    Қазақтың қайсар Қасымы
    24 Тамыз, 15:32
    Атасының баласы...
    25 Шілде, 11:21
    Алтын кілт
    10 Шілде, 15:16
    Әуезов Америкада

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30