Алаш үні

"Эпидемия жыл соңына дейін жалғасады": Қазақстандық астрологтар адамзаттың COVID-19-дан қашан жазылатынын болжады

  • "Эпидемия жыл соңына дейін жалғасады": Қазақстандық астрологтар адамзаттың COVID-19-дан қашан жазылатынын болжады

 Қазақстанда коронавирус пандемиясы қашан толықтай жойылады, карантин қай уақытқа дейін созылмақ? Алдағы жылдары елімізді не күтіп тұр? Осы және өзге де маңызды сұрақтарды Stan.kz. ақпарат агенттігі отандық астролог Ботагөз Жұмакаримова мен астролог, психолог Бақытжан Ақановаға қойып көрді.

- Бүкіл әлем үшін қауіпті індетке айналған, эпидемия қашан толықтай жойылып, адамдар емделіп шығуы мүмкін?

- Шынын айтқанда, коронавирус төңірегіндегі дүрбелең асыра сілтелген. Бұл кімге не үшін керек - белгісіз. Әрине, проблема бар, бірақ оның аясындағы дүрбелең негізсіз.

Эпидемия жыл соңына дейін жалғасады. Қазір барлығы COVID-19 вирусына қатысты ақпарат ағымынан шаршағаны рас, жазға қарай бәсеңдейді. АҚШ, Еуропа елдері қатты зардап шегеді. ТМД елдерінде көп шығын болмайды. Туберкулезге қарсы екпе көп адамның өмірін сақтайды. Юпитер мен Плутонның Тауешкі шоқ жұлдызында орналасуы осы проблеманың көлемді екенін көрсетеді, алайда айтарлықтай ірі емес. Біреулерге бұл жағдай аса тиімді болып отыр, енді бірі осы жағдайдан кейін байлықтың астында қалады", - дейді Ботагөз Жұмакаримова.

Астролог Бақытжан Ақанова да әріптесінің бұл пікірімен келіседі.

"Пандемияның аяқталуы мамыр айында күтілуде. Нақты айтсақ, мамырдың соңы. Алайда біржолата маусымның ортасында тоқтайды. Қазақстанда да дәл осындай уақытта эпидемия тоқтап, карантин мамыр айының басында аяқталуы тиіс", - дейді маман.

- Қазақстанда карантин аяқталуына қатысты болжам қандай?

- Менің болжамым бойынша мамыр айында аяқталуы тиіс. Жазда барлығы саябырсып, штатты режимде жұмыс істетін болады. 14 мамырдан бастап 13 қыркүйекке дейін Юпитер кертартпа бағытта, сондықтан күзде коронавирус қайта жанданады. Бізді тағы да карантинге жабуы мүмкін. 19 желтоқсанда Юпитер Суқұйғыш белгісі еркіндік пен азат болудың символына енеді. Шамамен бір ай ішінде бәрі бітеді, барлығымыз COVID-19-ға дейін өмір сүргендей бұрынғы тіршілігімізге ораламыз, - дейді Ботагөз Жұмакаримова.

Астролог әрі психолог Бақытжан Ақанова керісінше бұл пандемия адамдар жадында ұзақ уақытқа сақталатынын айтады.

"Коронавирус елдің экономикасы, саяси жағдайларына ғана емес, адамның психикасына да әсер етпей қоймайды. Адамдар барынша сақ болуға тырысады, тазалық сақтап, стресстен арыла бастайды. Карантинде отыру, коронавирус адамдар жадында ұзақ уақытқа сақталады. Бұдан былай олар сақ әрі сырттағы жағдайларға деген көңілтолмаушылық пен ішкі қысым сезімі сақталады. Коронавирус мемлекеттік жүйе мен билік құрылымы сынайтын сынақ іспеттес. Түрлі өзгерістер еніп, механизмдер, билік құрылымы, құндылықтар қайта қаралады. Осы аралықта қалың бұқара жүзеге асқан саясатқа қарсы наразылығын білдіріп, өзгерістерді талап ететін болады", - дейді ол.

Ботагөз Жұмакаримованың болжамынша, 2021 жылы нағыз дағдарыс басталады.

"Дағдарыс әлдеқашан басталған. Қазір уақытта енді ғана жанданып келеді, 2021 жылы нағыз дағдарыс болмақ. Соның салдарынан алдағы 5 жыл бойы қиналуымыз мүмкін. Қаржы сарапшысы емеспін, теңге валютасына көңіл бөлмесем де, осы жылы 6 рет ай тұтылатынын көріп тұрмын. Юпитер Плутонмен бірігіп, (12 жылда бір рет), сондай-ақ, Тауешкіге түскені экономикалық дағдарысты көрсетіп отыр. Юпитер рақымшыл ғаламшар, бұл деген сөз барлығымыз өзгеретінімізді, саналы бола түсетінімізді көрсетеді. Дәл қазір біз халқымыз үшін бірігіп, әлеуметтік желіде адамдардың қатігездігін айтып, кінә артқанша, әрекет ету керек", - дейді астролог маман.

Бақытжан Ақанова каржылық тұрақсыздық алдағы 2,2.5 жыл бойы сақталатынын айтады.

"Осыған қарамастан, осы жылдың жазы мемлекеттік реттеу көмегімен жаймашуақ болады. Экономикалық қиындықтар 2020 жылдың күзінде басталады", - дейді астролог маман.

Айтуынша, Күн мен Айдың тұтылуы планетаға өз әсерін тигізіп жатыр.

"2019 жылдың соңы сақиналы Күн тұтылуымен таңбаланып, кейін Ай тұтылуымен белгіленді (26 желтоқсан, 2019 - 10 қаңтар, 2020). Тұтылуға дейін және кейін тағы 2 апта алынып, қосылса: бұл осы кезеңде қашып құтыла алмайтын елеулі оқиғалар болатынын айтады. Әдетте, кейбір маңызды оқиғалар тұтылудан кейінгі кезеңде болады", - дейді астролог. Оның айтуынша, араб елдеріндегі төңкерістер дәл осындай сақиналы тұтылу кезінде орын алған.

"Неліктен жылдың соңы мен басына дәл келеді? Себебі бұл тұтылу биліктің, құрылымның, тәртіптің белгісін білдіреді. Тауешкінің белгісінде болады. Содан кейін тұтылу өзгерісті алып келеді, ескінің жойылып, жаңаның дәуірлейтін, жаңа өзгерістердің басталуын меңзейді", - дейді Бақытжан Ақанова.

 

Дайындаған: Назерке Мұса

Stan.kz.




Көрілген: 892    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.04.2020, 22:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Мамыр, 16:42
    Өнеге-өмір
    27 Сәуір, 11:11
    Нығымет Нұрмақов
    24 Сәуір, 12:55
    Құнанбайдың мөрі
    23 Сәуір, 10:34
    ТАС ЖҮРЕК
    13 Сәуір, 08:51
    ҚАЗАНТЕПТІ
    4 Сәуір, 23:56
    МҰХАҢНЫҢ МҰҢЫ
    31 Наурыз, 11:36
    Абайдың үш бейнесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31