Ғалымның қойын дәптері

Ғалымның қойын дәптері

Байбатшанов Мұхтар Қасенұлы, Халықаралық ақпаранттандыру академиясының академигі, Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.

Бөдене құсын зерттеп Қазақстанда тұңғыш кандидаттық диссертация қорғаған - ғалым.

1977 жылы 26-желтоқсанда Алматы облысы Алакөл ауданы Екпінді ауылында дүниеге келген.

2005 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Аңшылықтану және аң шаруашылығы» мамандығы бойынша  үздік дипломмен тәмамдаған (осы мамандықтан қазақ тобында бірінші қызыл диплом алған қазақ).

2005 жылы қыркүйек-желтоқсан айларында Қазақ ұлттық аграрлық университеттің физиология және морфология кафедрасының ассистенті.

2005-2008 жылдары 3-жылдық күндізгі бөлімде аспирантурада оқыған.

2008 жылы 12-желтоқсанда «Жергілікті бөдене популяциясының өнімділік қасиеттері» тақырыбындағы кандидаттық диссертация қорғаған.

2009-2010 жылдары Аңшылықтану және балық шаруашылығы кафедрасының ассистенті.

2009-2012 жылдары 3-жылдық күндізгі бөлімде PhD докторантурада оқыған.

2012-2013 жылдары Мал және балық шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» кафедрасының ассистенті.

2013-2016 жылдары орман ресурстары және аңшылықтану кафедрасының аға оқытушысы.

2017 жылдан бастап орман ресурстары және аңшылықтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры.

120 -дан аса ғылыми еңбегі бар. Ғалымдармен бірлесіп жазған «Бөдене шаруашылығы», «Бөдене өсіру ерекшеліктері», «Перепеловодство», «Quail production», «Биология разведение перепелов», «Птицеводство», «Ауыл шаруашылық құстарының түрлері мен кросстары», «Нетрадиционное птицеводство Казахстана», «Краткий терминологический словарь в птицеводстве», «Жалпы аң шаруашылығы», «Аңшылықтану және аң шаруашылығы мамандығы бойынша орысша-қазақша-ағылшынша-латынша аударма сөздік», «Қой және ешкі өнімдерін өндіру технологиясы 1-2 томдығының», «Каракулеводство», «Ара шаруашылығы», «Общая зоотехния», «Частная зоотехния», «Қоян шаруашылығы», «Экологиялық зоогеография негіздері» оқулықтарымен оқу құралдарының және бірнеше әдістемелік нұсқаулықтың авторы.

2012-2015 жылдары ҚР АШМ 212 «Агроөнеркәсіптік кешені облысындағы ғылыми зерттеулер және іс-шаралар» бюджеттік бағдарламасына сәйкес «ҚР-ғы әр түрлі аумақтарындағы ауыл шаруашылығы жануарларын, құстарды, балық және ареалды көбейту, ұстау, азықтандыру технологиясын жетілдіру, өнімділіктің генетикалық потенциалын жоғарлату» №2 приоритеттік бағыты бойынша ғылыми қызметкер.

Өлең, әңгіме жазады. 2003 жылы (университет студенттері арасында алғашқы) «Мен қонақпын» өлең кітабы шыққан.

2003 жылы «Мәңгілікке тілейтін тілегім бар» атты жыр кеші өткен. Халықаралық, республикалық және жергілікті басылымдарға өлеңдері жарияланып тұрады. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Мал шаруашылығы технологиясы» факультетінің 2003 жылғы «Ең үздік студенті», сол 2003 жылы институттың «Ең дарынды студенті» атанған.

2018 жылы 10-ақпанда Екпінді ауылында «Дара жол» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарымен және мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.

2003 жылғы VI-шы Халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты.

Н.Ә. Назарбаевтың арнайы алғыс хатымен марапатталған.  Қазақ ұлттық аграрлық университетінің, «Гүлзар» қоғамдық бірлестігінің алғыс хаттарымен марапатталған.

ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы өкілдігінің арнайы алғыс хатымен марапатталған. Көптеген сертификаттарға ие болған.

Қазақстан Республикасы Білім беру ісіне қосқан үлесі үшін «Алаш ұстазы» медалімен және  «Отан патриоты» медалімен марапатталған. Қазақ ұлттық аграрлық университетіне 85 жыл мерейтойлық алтын медальмен, Қазақстанның жоғары орман біліміне 70 жыл мерейтойлық алтын медальмен, «Аграрлық білімге, ғылымға және өндіріске қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

Спорттық көптеген жарыстардың (қазақша күрес, қол күрес, гир көтеру, арқан тартыс) жеңімпазы.  Қазақстан авторлары қоғамының мүшесі.

 

 

 

 

Оқырманға ғалымның қойын дәптерінен жазбалар ұсынып отырмыз:

 

 

Ұстаз

Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы деген бабаларымыздан қалған керемет сөз бар. Менің ұстазым ҚР ҰҒА құрметті академигі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Махатов Болатхан Махатұлы. Ерекше адам. Қарапайым. Адам тәрбиелеуде үлкен ұстаз. Ал ғылымда талап қойып, нәтижесін көретін ғалым. Жас ғалымдар үшін бағыт бағдар.

 

Мектеп

Біздің мектеп біздің өңірдегі ең атақты мектеп. Таланты азаматтарды оқытқан, тәрбиелеген және өмірге деген көзқарастарын мектеп қабырғасында үйрете білетін керемет орталық. Біздің мектепте Әнуар Әлімжанов, Қастек Баянбаев, Мәлғаждар Әубәкіров оқыған.

  

Ғылым

Бөдене шаруашылығы алғаш Жапония елінде едәуір кеңінен дамып,  құс шаруашылығында тауық шаруашылығынан кейінгі екінші саласы болып танылды. Бөдене шаруашылығы сонымен қатар Европада  Франция, Италия, Германия, Польша, Эстония Чехия елдерінде де дамыған  және көптеген Азия мемлекеттерінде соның ішінде Қытай, Корея, Сингапур, Индияда кеңінен таралып дамуда. Бұрынғы Кеңес Одағына  үй бөденесі алғаш рет 1964 жылы Югославиядан әкелінген. Бүкіл Одақтық  құс шаруашылығын қайта өндеу өндірісі  ғылыми-зерттеу институтының құстарды торда ұстау технологиясы лабораториясында  бөденені өсіру  және азықтандыру технологиясын жасау үшін  ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты М.Пигарев бастаған арнайы ғалымдар тобы құрылды. Олардың жұмыстарының нәтижесінде 1970 жылы  бөдене жұмыртқалары мен етінің технологиялық нормативтері бекітілді.

Бөдене шаруашылығын қолға алған елдерде осы саладағы  жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулерге көп мән беріліп, арнайы ғылыми зерттеу институттарын ашып, ғылыми орталықтарын құруда. Олардың көздеген басты мақсаты - бөдене жұмыртқасы мен етінің негізінде диеталық әрі емдік өнімдерді, медициналық құралдарды  және биологиялық белсенді қоспаларды шығару.

Негізінен бөдене шаруашылығының дамуы екі бағытта жүргізіліп отыр. Алғашқысы - бұл  бөденелерді  биологиялық, медициналық  және  ветеринарлық зерттеудің  лабораториялық   обьектісі ретінде пайдалану  болса, екіншісі –  бөдене шаруашылығының  өнімдерін дәмді деликатестік әрі диеталық тағам ретінде  және де биологиялық және парфюмдік өндірістің  шикізаты ретінде пайдалану  болып табылады.

 

 

 

 

Ата-анам

Әкем Байбатшанов Қасен Андасұлы. Анам Байбатшанова Оралхан Нүсіпжанқызы.

Әкем жас кезінде мектепте математикадан сабақ берген, мектепте математиканы өте жақсы оқыған. Кейін 8-баланы, атам мен апамды және бауырларын асырау үшін қой бағып кеткен. Математиканың формулаларын әлі жатқа соғады әкем. Анам өлең шығарады, әнді тәуір айтады. Жас кезінде айтысқа қатынасқан.

 

Жан-жарым

Жарым-Бейсенбаева Мәншүк Тоқтарбекқызы, заң ғылымдарының кандидаты, "Ақтайлақ бидің соттық шешімдері мен биліктері"  тақырыбындағы кандидаттық диссертация қорғаған. Гаухар, Шыңғыс, Абай, Іңкәр деген балаларымының анасы. Әлі күнге дейін сіз дейді маған.

 

Талантты бауырлар

Қазақ талантты халық. Талантты баланың талабын жас кезінде түсінсек және оны дұрыс жолға салып үйретсек, ертең елді биікке көтеретін солар болмақ. Елден ерекшеленіп жыр мүшарайысында жеңімпаз болған Айбек Құттыбек, Ғабит Жиенбай, Ретбек Мағазұлы, Мақсат Деңгелбай інілердің өлеңдерін топтастырып кітап қылып шығуына қолдау білдірдім.

 

 

 

 

Достар

Құдайға шүкір достарым бар Тәуба. Талантты жігіттер. Елдің мүң-мұқтажын түсініп ел үшін еңбек етуде.

 

Тек

Мен Қаракерей Қабанбай батырдың 7-ұрпағымын. Тек болар - ұрпақтарының көбі жас кезінде жаумен айқасқан батыр болса, егде тартан шағында елге билік айтқан би болған. Қабанбай батырдан тараған атақты би ол Сүлеймен би. Атамыз жайында жазушы Зейнолла Сәнік кітап жазды. Қаракерей Қабанбай батырдың төртінші ұрпағы Жамырзаұлы Байбатша 1888- 1890 жылдары Жарбұлақта би болады. Сол бір кезеңде қазіргі Алматы облысы Алакөл ауданы Шұбарағаш, Ойжайлау, Лепсі уезі орталығы болған. Өзімде күреске, гир көтеруге, арқан тартысқа, қол күреске қатыстым. Жарыстарды ұтып жүлдеге сан мәрте ие болдық.

 

 

 

 

Уақыт

Қәзіргі уақыт -  алдына үлкен мақсат қойып, нәтижесін оң қылғанша тоқтамайтын уақыт. Қытайдың бір мақалы бар "Қайда бет алғаның білмеген кеме – тасқа соғылады" деген. Жалпы күндерімді жоспарлап қоямын. Жазамын және өзіме есеп беремін. Көп күндеріме тәуба айтамын.

 

Мұхтар БАЙБАТШАНОВ

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста